АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ақмола облысында 1000 ірі қараны бордақылайтын алаң ашылды

Тәуелсіздік күні Ақмола облысында өндірістік нысандар ашылды, деп хабарлады өңірдің коммуникация қызметі.
Ақмола 18 Желтоксан, 14:32

Қорғалжын ауданының Қарашалғы ауылдық округінде  мемлекеттік бадарламаларды жүзеге асыру барысында «Агро Экспорт Тыңғылықты» ЖШС бордақылау алаңы ашылды. Аталмыш шаруашылық «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық»  бағдарламалары бойынша  1000 ірі қара мал мен  500 бас жылқы,1000 қой алды. Сондай-ақ, мал шаруашылығы  мен қоймалар нысанын салу үшін  850 млн теңге инвестициялады.

«Қорғалжын ауданы Тәуелсіздік күнін  жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен қарсы алды.  Кәсіпкерлік саласында табыс тілеймін», - деді аудан әкімі Қайыр Рыскелдинов.

Көрші ауыл Сабындыда «Мет-777» ЖШС жылыжайы ашылды. Аталмыш кәсіпорын  15 жаңа жұмыс орнын ашты. Жоба құны  288 млн теңге. Жылыжай өнімі Астана мен жақын аудандарға жөнелтіледі. 





Яндекс.Метрика