Шолу

Үкімет мінбері: Экспорттық көлем мен тұтынушылардың құқығы, транспортты цифрландыру

Бүгін Үкіметтің жалпы отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде экспорттық саясат және экспорттаушыларды қолдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, транспорт пен логистиканы цифрландыру мәселелері талқыланды. Аталмыш салалар бойынша нақты мәліметтерді Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы02 Мамыр , 17:07

Алдымен баяндама жасаған  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек  былтыр 2022 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 1,5 есеге ұлғайту міндетін орындауға бағытталған Экспорттық стратегия бекітілгенін айтты.

 «2013-2017 жылдар аралығында Қазақстанның жалпы экспорт көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі экспортының үлесі 23%-дан 32 %-ға дейін өсті.Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 25 пайызға артып, 69,5 миллиард долларға жетті. Экспорт 30%-ға өсіп, 48,3 млрд. долларды, импорт 15,5%-ға артып, 29,3 млрд. долларды құрады. Биыл экспорттың оң тенденциясы сақталып келеді. 2018 жылдың 2 айындағы деректер бойынша экспорт 8,8 млрд. АҚШ. долларынан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,4%-ға артық. (1,9 млрд. АҚШ. доллары) Яғни, 6,9 млрд. АҚШ долларын құрады», - деді ол.

Министрдің айтуынша,  өңделген тауарлар экспортының географиясына 123 ел кіреді.

 «Негізгі тауарларды өткізу нарығы Қытай халық республикасы (22,9%), Еуразиялық экономикалық одақтың (20,8%, Ресейді қоса алғанда 18%) және  ЕуроОдақ елдері (21,8%).Экспортты ілгерілету үшін Мемлекет қаржылай және сервистік көмек көрсетеді.2010-2017 жылдары экспорттаушыларды қаржылық-сақтандыруға 112,6 млрд. теңгеден астам сомада қолдау көрсетілді. Олар сондай-ақ, Экспорттық саудалық қаржыландыруға 14,7 млрд. теңге және экспорт алдынғы қаржыландыруға 5 млрд. теңге көлемінде қолдау алды.Жыл сайын 40-тан астам экспорттаушы қаржылай қолдауға ие болады», - деді Ж.Қасымбек.

Министр айтып өткендей,  экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсету аясында 2010-2017 жылдары 2 млрд. АҚШ долларынан астам (2017 жылы 197 млн. АҚШ. долларына дейін) сомаға 1 800 өндіруші экспорттық келісімшарт жасасты. 204 экспорттаушының 1,6 млрд. теңге көлеміндегі (2017 - 280 млн. теңге) шығыны өтелді. Жыл сайын 400-ден астам экспорттаушы сервистік қолдау алады.

«Шикізаттық емес экспорттың үлесін ұлғайту мақсатында қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту мен экспортқа бағытталған жаңа өндірістерді іске қосу есебінен мүдделі құрылымдармен (салалық министрліктермен, Атамекен, KazakhInvest, «KazakhExport» ЭСК», ЖАО) бірге нақты жұмыстар жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылы сыртқы нарыққа сегіз жаңа өнім шығарылды. («Нива» автокөліктері, Peugeot, күн панельдері, газ қазандықтары, патрондар, рельстер, пос-терминалдар, құрғақ бие сүті).Сыртқы нарыққа 7-8 жаңа өнім шығару бойынша 2015 жылдан бері тұрақты тенденция  сақталып келед», - деді ол.

Сондай-ақ,  ол  экспортты қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Министрлік Экспорттық стратегияның негізгі міндеттерін шешуге күш салатынын айтты.

«Бұл экспорттаушыларды қолдауға, экспортты дамытудағы кедергілерді жоюға, қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын қамтамасыз етуге арналған институционалдық негіздерді нығайту, сондай-ақ қызметтер экспортының дамуына жағдай жасау», - деді Ж.Қасымбек.

Министр айтрып өткендей, қазіргі уақытта жоғарыда аталған міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін кейбір кедергілер бар.

«Біріншіден, Артықшылықтары бар қол қойылған сауда-экономикалық келісімдердің негізгі ережелерін мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтардың дұрыс пайдаланбауы.Екіншіден, шет елдерде біздің экспортты промоуторлық қолдау жүйесі (сауда миссияларының желісі) дамымаған және соның салдарынан жаңа нарықтарға кіруге институционалдық қолдау әлсіз. Үшінші: экспорт саясатын қалыптастыру мен бірыңғай  үйлестіруді іске асыру үшін институционалдық тәсілдерді күшейту керек», - дейді министр.

Министрліктің ұсынып отырғаны мынадай:  «2017 жылы қабылданған Экспорттық стратегияға сәйкес экспортты қолдау және ынталандыру саласында министрліктердің, ведомстволардың, квазимемлекеттік сектордың және жергілікті атқарушы органдардың экспортын ілгерілету мәселелерін үйлестіруді күшейту қажет. Бұл жұмысты жаңадан құрылатын Экспорттық саясат жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның жұмысы аясында атқаруды және нәтижелерін Экспорттық кеңестің отырысына шығаруды ұсынамыз», - деді Ж.Қасымбек.

Сонымен қатар,  алдағы уақытта жобалық кеңсе аясында монитоирнгілеу және Ведомствоаралық комиссиядағы тоқсан сайын қарап, жылына екі рет  Экспорттық Кеңеске беріп отыру қажет. Бұл барлық процеске қатысушылардың экспортты ілгерілету барысын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясының төмендігі және елдің беделі мен бәсекелестік басымдығын көрсететін  мықты ұлттық брендтердің жоқтығы;

Жеңіс Қасымбек айтып өткендей, экспортты қолдау мен дамытуды үйлестіру тұрғысынан институционалдық негізді нығайту жөніндегі ұсынысты бөлек атап өту қажет.

«Біз халықаралық тәжірибені зерттедік. Олардың қатарында Жапония, Австрия, Ресей, Белоруссия және басқа да дамыған елдер бар.Көптеген дамыған елдерде үйлестіру, бақылау және бақылаудың мемлекеттік функциялары бір уәкілетті мемлекеттік органға шоғырланған. Сондай-ақ онда экспортты ілгерілету және мемлекет тарапынан мақсатты түрде қолдау көрсету әдістемесін әзірлеу, сыртқы сауданы реттеу қызметтері бар», - деді министр.

Экспортты дамытуды үйлестіру, мониторингілеу мен бақылау функциялары бір жерге  шоғырланған мемлекеттік басқару моделі – әлемдік тәжірибедегі ең табысты әдіс.

«Бұл мәселені толық зерттеу үшін Премьер-Министрдің Бірінші орынбасарының төрағылығымен жұмыс комиссиясын құру қажет деп санаймыз. Содан кейін бір ай мерзімде экспортты ілгерілету, функцияларды қайта бөлу, заңнамаларға тиісті түзетулер енгізу сияқты нақты жоспарды Сізге ұсынамыз. Бұл шикізаттық емес экспорттың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - дейді министр.

Бүгінгі күні Экспорттық стратегияның міндеттерін орындау үшін қажетті талаптарды министр алға тартты.

«Экспортты дамытуды және ілгерілетуді қоса алғанда, сыртқы сауда қызметін бір органда үйлестіру, сондай-ақ экспортты ілгерілету мен дамытуды мониторингілеу және бақылау; Экспортты дамытып, ілгерілету және қазақстандық брендті қалыптастыру үшін қаржылай қолдауды (капиталдандыру және қосымша қолдау құралдарын) шоғырландыру шараларын іске асыру қажет», - деді Ж.Қасымбек.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі  Тимур Сүлейменов   ТМД елдерінің нарықтары біздің экспорт үшін дәстүрлі нарық болып табылатынын жеткізді.

«ТМД елдері мен  бізде   еркін сауда болып табылады. ТМД-мен жүзеге асырылған келісім  сауданың өсуіне ықпал етеді. 2017 жылы ТМД елдерімен  сауда айналымы  4 мыңнан  астам АҚШ долларын құрады. ТМД елдері қызметтердің еркін-сауда саттығы бойынша келіссөздер жүргізуде. Ол елдер арасында қолайлы экспорт айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді   ол.

Ауыл шаруашылығы   министрлігінің бірінші  вице-министрі   Арман    Евниев  ауыл шаруашылығы өнімдерінің   экспорттық көлемі  12 пайызға артқанын жеткізді. Экспорттың негізгі көлемі бидайдан, бұршақтан тұрады.  Негізгі экспорт елдері Италия, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан болып  отыр.

Өз кезегінде, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев  Ерболат Досаевқа экспорттың жол картасын әзірлеуді жылдамдатуды тапсырды.

Ал   тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері  бойынша Тимур Сүлейменов  тұтынушылардың құқығын қорғау заңына сәйкес,  қорытынды шығарылып отырғанын айтты.

«2017 жылы мемлекеттік органдардың қарауына  23 мыңдай өтініш түскен. Ұлттық банкке қатысты  13 мың келіп түскен. Астана мен Алматы қалаларында  2500 өтініш келген.  Шағымдардың көпшілігі қаржылық көмек, денсаулық, тұрғын-үй және бөлшек сауда салаларына қатысты болып отыр.  Қоғамдық бірлестіктердің  жұмысы артып келеді», - деді ол.  

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов   денсаулық сақтау саласында негізгі екі бағытта жұмыс істейтінін жеткізді.

«Олар: санитарлық-эпидиомиологиялық шарттардың техникалық дұрыстығы мен медициналық тұрғыда пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалған өніммен күресу жұмыстары жүргізілді. Ол сүт өнімдеріне қатысты болып отыр», - деді ол.

Осы мәселе бойынша Премьер-Министр  құқықбұзушылық факторлары  орын алып жатқанын және олармен күресуді жалғастыру керектігін жеткізді. 

«Бұл бағытта белгілі жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрдік. Дегенмен, құқық бұзушылықтар болып жатыр. Мемлекет тарапынан тексеру жұмыстарының төмендігіне байланысты, көптеген  олқылықтар болып отыр. Сондықтан да, «Атамекен» жұмысқа кірісуі керек.  Сақтандыру мәселесесіне келетін болсақ,  бұл Ұлттық банкпен  бірлесіп шешетін сұрақ», - деді Б.Сағынтаев.  

Ал,  транспорт пен логистиканы цифрландыру бойынша Жеңіс Қасымбек     жыл сайын, Жалпы ішкі өнім құрылымында көлік секторының үлесі 8%-ды, сонымен бірге саланың өсуі кем дегенде 4% құрайтынын айтты.

«Халықтың автомобиль алу процесі өсіп, автокөлік қызметтерінің рөлі артып келеді.2017 жылы 5,3 млн. көлік құралы тіркелген. Бұл 100 адамға шаққанда 29-дан келеді.             (әлемде орташа есеппен-14-тен келеді., АҚШ-79,7, ЕО-48,0, ТМД-16,2).Тіркелген автокөлік құралдарының көптігі қалалардағы қоғамдық көліктің тиімді жұмысына және тұтастай алғанда көлік ағынын басқаруға қиындық тудырады. Автокөлік жолдарын нормативке сай күтіп ұстау және сақтау мәселесі басым міндеттердің бірі», - деді ол.

Министр айтқандай,  республикалық деңгей  4 негізгі жүйеден тұрады.

«Бірінші компонент – бұл ақылы жолдарда төлем алу және жинау, жолаушыларды жол жағдайы туралы ақпараттандыру жүйесі.Биыл жалпы ұзақтығы 469 шақырым болатын                  Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас учаскелерінде төлем жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жалпы ұзақтығы 5 мың 500 шақырым болатын 13 учаскеде ақы алу жүйесін жобалау жұмыстары аяқталуда. Жалпы, 2020-шы жылға дейін 16 автожол учаскесіне ақы алу жүйесін енгізу жоспарланып отыр», - деді Ж.Қасымбек.

Сонымен бірге, мобильді қосымшаны әзірлеу, жол жүру кезінде байланыссыз төлем алу үшін RFID белгілерді және де бейне камераларды, метеорологиялық өлшеу құралдарын, жүргізушілер үшін ақпараттық тақталарды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қорытындысында,   Премьер-Министр  Бақытжан Сағынтаев    Асқар Жұмағалиевке айтылған мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика