Парламент

ШОБ іске асыратын жобаларды кредиттеуге кемінде 100 млрд теңге жұмсалады – Е.Досаев

Қаржы-несие және бюджеттік саясатты үйлестіру Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты. Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу туралы» Заңы қабылданды.2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына өзгерістерінің өлшемдері ағымдағы жылы жеке макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта қарауға туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев айтып берді.
Нұр-Сұлтан04 Сәуір , 16:51

Е.Досаев бұл өзгерістерді Қазақстан Ұлттық Банкінің келіскенін және мақұлдағанын атап өтті.

«Қазақстан Ұлттық Банкі инфляциялық таргеттеу саясатын жүргізуін жалғастырады. Ұлттық Банктің 2019 жылға арналған негізгі мақсаты инфляцияны 4-6% дәлізде ұстап тұру болып табылады. Жылдық инфляция 2019 жылғы наурызда өткен жылдың соңындағы 5,3%-бен салыстырғанда 4,8%-ға дейін төмендеді», - деп хабарлады Е. Досаев.

Ол Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалауынша, әлеуметтік қолдауға арналған қосымша қаражаттың бөлінуіне байланысты шығыстардың ұлғаюы инфляциялық процестердің жеделдеуіне айтарлықтай әсер етпейтінін қоса айтты.

«Біздің бағалауымызға сәйкес, инфляция ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша нысаналы дәліз шегінде сақталады», - деді Е. Досаев.

Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының айтуынша, базалық мөлшерлеме қаржынесие саясатының негізгі құралы болып қалады. Қазақстан Ұлттық Банкі мөлшерлеменің деңгейін елдегі нақты және күтілетін инфляцияның мөлшерлеріне, төлем балансының жай-күйін анықтайтын сыртқы факторларға, сондай-ақ экономикалық дамуды қолдау қажеттілігіне қарай белгілейді.

Е. Досаев 4 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде қалдырды деп еске салды.

«Біз инфляциялық көрсеткіштерге қол жеткізу мен экономиканың өсу қарқынын сақтап қалу теңгеріміне бағытталған базалық мөлшерлеме бойынша саясатты жалғастыруға ниеттенеміз», - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Ол атағандай, валюта нарығында жағдай тұрақты болып қалуда.

« Биылғы  жылдың  басынан бастан 2 сәуір аралығында теңгенің айырбастау бағамы жыл басынан 1,2%-ға нығайды. Айырбастау бағамы еліміздегі төлем балансы жағдайына, яғни шетел валютасының еліміздің нарығына түсімі мен кетуінің теңгеріміне байланысты. Бұл сыртқы күйзелістерді барынша азайтуға және экономикамыздың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін сақтауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Е. Досаев.

 Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айтқандай, 2018 жылы төлем балансының ағымдағы шотының айтарлықтай жақсаруы байқалды. Тапшылық  2017 жылғы 5,1 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда 0,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

 «Теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы саясаты алтынвалюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. 1 наурыздағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері 29,2 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 59,0 млрд АҚШ долларын құрды. Жалпы халықаралық резервтер 88,2 млрд АҚШ долларын құрады», - деп хабарлады Ұлттық Банк Төрағасы.

 Ол Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкінің экономикалық өсуді және ұзақ мерзімді кредиттеуді қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ипотекалық кредиттер алуға берілген өтінімдердің жалпы саны 2019 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша 125,4 млрд теңге сомаға 11 021 болды. Оның ішінде 75,2 млрд теңге сомаға 6 450 өтінім мақұлданды және 60,4 млрд теңгеге 5 085 қарыз берілді», - деп хабарлады Е. Досаев.

Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының айтуынша, экономиканың басым салаларын кредиттеу үшін 600 млрд теңге сомаға банктердің ұзақ мерзімді өтімділікті игеруі бойынша шаралар қабылданатын болады.7% мөлшерінде субсидиялауды ескере отырып, қарыз алушылар үшін кредиттер бойынша түпкілікті мөлшерлеме 8%-дан аспайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы агроөнеркәсіп кешеніне 200 млрд теңге, ал өңдеуші өнеркәсіпке 400 млрд теңгеге дейін бөлінетіндігін де айтты.

 «ШОБ іске асыратын жобаларды кредиттеуге кемінде 100 млрд теңге жұмсалатын болады. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі отандық автокөлік сатып алушыларын 5 жыл бойы кредиттеу бағдарламасын іске асыруға 100 млрд теңгеге дейін жұмсайды. Осы жылы 20 млрд теңге бөлінетін болады», - деді Е. Досаев.

 

Аягөз Құрмаш

Оқи аласыздар: 

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы тұңғыш келісім

Ауыл шаруашылығы: Жаңа министр ескі проблемалар туралы айтты

Кәсіпкерлер қауымы Тұңғыш Президентке алғыс айтты

 




Яндекс.Метрика