Ұлттың денсаулығы

МӘМС: Жыл соңына дейін азаматтарға емхана таңдау құқығы берілді

15-ші қыркүйек Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі компания 15-қарашада аяқталмақ. Қазақстандықтар осы айдың ішінде кез келген емханаға тіркеле алады. Бұл компаниядан тыс кезде де азаматтар емханаға қалай тіркеле алатыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы14 Қыркүйек , 16:37

2 айға созылатын компанияның басты мақсаты - азаматтардың  қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын азаматтарға емдеу мекемесін ауыстыруға мүмкіндік беру.

Сондай-ақ, бұл шара рынокқа жаңадан қосылған медицина ұйымдарының келер жылы халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс алуына жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының міндетін атқарушысының айтуынша, былтырғы тіркеу науқаны барысында 300 мыңнан астам қазақстандық азамат емхана таңдау құқығын пайдаланған болатын.

«Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден екі есе көп. Және тіркеу кампаниясына деген қызығушылықтың артқанын, азаматтардың аталған науқан туралы ғана емес, емхананы еркін таңдау құқығы жайлы да біле бастағанын білдіреді», -  деді Ботагөз Жақселекова.

Б.Жақселекованың айтуынша тіркеу компаниясы жыл сайын өткізіледі.

«Егер қызмет алушыларды қаралып жүрген емханасы қанағаттандырмайтын болса, оларға басқасын таңдап алуға мүмкіндік беру керек», - деді ол.

Ол айтып өткендей, елде  1500 емхана тапшылығы бар. Оны бәсекелестікті арттыру мен   тіркеуге жаңа қатысушыларды қатыстыру арқылы шешу қарастырылған.

«Компания тек Астана мен Алматы сынды ірі қалаларға ғана керек деген пікір бар. Бұл теріс қабылдау. Биыл Қарағанды облысы белсенділік танытты, оңтүстік аймақта да   жеткізушілер пайда болды. Оған Түркістан облысы мен Алматы облысы  енеді», - деді ол.

Б.Жақселекова айтып өткендей,  2 айдың ішінде тіркелген адамдар  қызметті  2019 жылдың  1 қаңтарынан бастап алады. Жыл соңына дейін азаматтар   2018 жылы тіркелген емханадан қызметін алады.

«Егер бұл қызметтерді тұрғындар  қолданғысы келмесе, ол автоматты түрде тіркелген емханасында қала береді. Ешқандай шара қабылдаудың қажеті жоқ. Емханаға тіркелу үрдісі тек осы компания аясында ғана жүзеге асырылмайды. Ал, адам  көшкен жағдайда, емхананың өзінде қайта құру жұмыстары өткен кезде басқа емханаға тіркеле алады.  Сондай-ақ, егер сіз көп жылдар бойы емханаңызды ауыстырмай, енді  ұнамай қалып басқасына тіркелгіңіз келсе, жылына бір рет ауысуға құқығыңыз бар», - деді ол.

Сондай-ақ, азаматтардың үйіне жақын жерінен  жаңа емхана ашылып, ол МӘСМ тізімінде болса, ол соған тіркеле алады.

«Биылғы жылы тіркелу үрдісіне бірқатар өзгертулер енгізілді. Егер сіздің жұмыс берушіңіз міндетті әлеуметтік  сақтандыру  қызметіне тіркеліп, белгілі бір емханаға тіркеген жағдайда ешқандай шектеу қойылмайды. Жұмыс берушінің қалауына қарай  жұмысшы да сол емханаға тіркелуіне болады», - деді ол.

Өз кезегінде МСҚ стратегия және әдіснама жөніндегі басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленіп отырғанын айтты.

Ол бойынша  жалпы практика дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Бұрын бізде бір дәрігер 2000 адамға қызмет көрсететін.

«Бұл жаңа учаскелердің ашылуына түрткі болады деп үміттенеміз. Және бұл мәселеде медицина бизнесі өкілдері белсенділік танытады деп сенеміз. Былтырғы жылдың өзінде қормен келісімшарт бекіткен жеткізушілер саны едәуір артты.  Қазіргі таңда Қордың жеткізушілер тізімінде 1365 медицина ұйымы бар. Оның 623-і - жеке меншік. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал, 2019 жылы олардың саны тағы 10 пайызға артады деген болжам бар»,  -  деді МСҚ стратегия және әдіснама жөніндегі басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов.

Азаматтардың емханаға тіркелуінің үш жолы бар. Тұрғындар тарапынан тіркелудің техникалық  бағытына қатысты  сұрақтар көп келіп түседі екен. Осы орайда  МСҚ медициналық көмекті пайдаланушылармен жұмыс және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Забира Оразалиева емханаға тіркеу  жолдарын айтып берді.  

«Азаматтар үш түрлі жолмен, яғни, таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады. Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініш талап етіледі. Ал, egov.kz порталы арқылы тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Қызметтің нәтижесі өтініш берушінің Жеке кабинетіне жолданады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін пайдалануға болады», - дедң Забира Оразалиева.

Астана қаласы бойынша тіркеу жұмыстары қалай өтетіні жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров айтып берді.

«Астанаға өңірлер мен шетелден адам көп келетін болған соң, қаланың мүмкіндігі артып келеді. Астана бойынша алғашқы медициналық көмек көрсететін  30 медициналық ұйым қатысып отыр. Былтырғы жылдың тіркелу компаниясына сәйкес, 30 медұйымның  16-сы  мемлекет  меншігіндегі орындар, ал қалғаны жеке меншік медициналық ұйымдар», - деді ол.

Оның айтуынша,  былтырғы жылы осы кезеңде  1 млн  34 мың адам тіркелген. Биылғы жылы тіркелушілердің саны  1 млн  65 халық болады деп жоспарлануда. 32 мыңға астаналықтардың саны артып отыр.

«Былтырғы жылға қарағанда биыл медициналық көмек көрсететін ұйымдар саны  55 пайызға көбейді», - деді ол.

Айта кетейік,  халықты тіркеумен айналысатын емханалардың тізімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімінде орналасқан. Биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 580 ұйым қатысып жатыр.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика