Шолу

Шетелдік сарапшылар жаһандық маңызды мәселелер жайында

Астана экономикалық форумының «Жаһандық сын-тегеуріндер әлемі» пленарлық отырысына қатысқан шетелдік спикерлер жаһандық маңызды мәселелер туралы айтты. Мәселен, «Таяу жылдағы 50 жыл ішіндегі сигулярлық әлем, оның пессимистік және оптимистік көзқарасы» туралы физик, футурист және ғылым таратушысы Митио Каку баяндады. Толығырақ strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы17 Мамыр , 14:19

Алдымен, Митио Каку туралы  қысқаша ақпараттандырсақ, оның шыққан  тегі жапон американдық физик, ішектер теориясы авторларының бірі, теориялық физика мен әлем құрылысы туралы қазіргі тұжырымдамалардың таратушысы болып табылады.

«Құрметті ханымдар мен мырзалар, мен үшін маңызды сұрақтардың бірі: Біздің жерде зияткерлік өмір бар ма?. Мен американдық телеарналарды қарап, планетада ешқандай зияткерлік  өмір жоқ екенін көретінмін. Мен оптимистік көзқарастағы адаммын. Мен оған келесі  30 жылда компьютерлік чиптер бір теңгеден де арзан болады. Компьютерлік билік электр қуаты секілді барлық жерде болады, бірақ еш жерде байқала бермейді. Жалпы, компьютер деген сөз ағылшын тілінен жоғалып кетеді. Электр энергиясы да қазіргі кезде біздің тілден жойылды. Компьютерлік чиптер деген бар. Олар арқылы  тіпті контактілік чиптер арқылы ақпарат алмасуға қол жеткізіледі. Ол кез келген тілді аударуға мүмкіндік береді. Яғни, адам туралы барлық ақпаратты дәлме-дәл шығарып отырады. Медицина бойынша да сондай микрочиптер болады», - деді М.Каку.

Сонымен қатар, ол  медицина революцияландырылатынын жеткізді.

«Чиптер тегін болады. Шағын ғана микроскопиялық чиптер сіздің ішкі ағзаларыңызды фотосуретке түсіреді. Бұл да адам жасын ұлғайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, алдағы жақын болашақта адамзат баласы трансплантациялауға арналған органдарды зертханаларда өсіріп, дамыта алады. Мысалы, бауыр. Сіз қалағаныңызша ішімдік ішіп, кейіннен, өз бауырыңызды зертханада дамып-жетілген бауырға алмастыра аласыз. Сол сияқты, бұл чиптер де интеллектуалды болады», - деді ол.

Сондай-ақ, Митио Каку адамдар барлық эмоциялары мен сезімдерін интернет арқылы жеткізетінін айтты.

«Ойын-сауық саласында да жаңалықтар болады. Киноға ешкім бармайтын болады. Адамдар бір-бірімен менталды түрде араласатын. Ғылым деген өркендеу даналығы. Бүкіл әлем осыны байқайтын болады. Болашақта зияткерлік  эволюциялық даму болады», - деді М.Каку.

Айта кетейік, Митио Каку «Супер ішектер теориясына кіріспе», «Мүмкінсіздік физикасы», «Келешек физикасы», «Ақыл-ой келешегі» және т.б. кітаптарының авторы оқырманның кең аудиториясына қоршаған әлемді одан да түсінікті етіп көрсету үшін, күрделі ғылыми теорияларды қолжетімді тілмен жеткізуді өзінің басты міндеті деп есептейді.

Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші Бас хатшысы, Боао Азия форумы кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун климаттағы жаһандық өзгерістерге байланысты сөз сөйледі.

«Мен үшін БҰҰ-дағы қызметімнен кеткен соң бұл елге  қайта оралуым ғажап нәрсе деп ойлаймын. Біздің өміріміз 30 жылдан немесе 50 жылдан кейін қандай болады деген сұрақ туындайды. Және менің күрделі міндеттерімнің бірі мен болашақ өмір жайында не айта аламын. Мен бас хатшы болған кезде де және қазіргі шақта да ойлайтыным егер мен  100 жыл бұрын дүниеге келсем. Уақыт осылай тез қарқынмен өтер ме еді  деген әртүрлі ойлар туындайды. Немесе мен  100 жылдан кейін өмірге келсем осының барлығы тұрақты болар ма еді деген сұрақ туындайды. Осы процесстерді басқаратын адамдар болуы керек», - деді П.Мун.

Сондай-ақ, Пан Ги Мун  Астана экономикалық форумы көтеріп отырған мәселелер өте маңызды екенін айтты.

Айта кетейік, Пан Ги Мун 40 жылдан астам уақыт бойы дипломатиялық салада қызмет атқарып келеді. БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметі жаһандық жылынумен және бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтаумен байланысты проблемаларды шешуге бағытталған, Пан Ги Муну бұл бағыттарда 2006 жылдан бері бірталай табыстарға қол жеткізді. 2004 жылдан 2006 жыл аралығында Пан Корея Республикасының сыртқы істер және сыртқы сауда министрі болды. Сонымен қатар ол бұрын ел президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан Пан Ги Мун Бас хатшы қызметінен кетті.

Өз кезегінде , XI Астана экономикалық форумында америкалық өнертапқыш, инженер- электроншы, программист Стив Возняк Apple компаниясының негізі қалай         қаланғанын және жылдам қызмет ететін компьютердің өмірге қалай келгенін айтты.

«Компьютер негізгі 5 бөліктен тұрады. Олар – процессор, компьютердің «миы», ақпаратты енгізу функциясы, output, ақпараттар сақталатын орын мен жады. Осылардың барлығы процессорда орналасады. Ақшаның тапшылығына қарамастан мен магнитофонның бөлшектерін алып, компьютердің жадын жасап, жаңа өнім шығаруға болатынын түсіндім.Сол кезде мен өзім жасаған компьютерлерді адамдарға тегін бере салатынмын. Кейін Стив Джобс біздің командаға қосылды. Оны жоғарыда аталған клубқа шақырдым. Стив мен жасап жатқан компьютерге қызығушылық танытты. Ол маған неге бізге «өз компаниямызды құрмасқа?» деді. Себебі, аталған жобаны одан әрі дамыту үшін ақша табу керек болды. Осылайша, өнімдерімізді нарыққа шығара бастадық. Стив бизнесті қолға алды. Нәтижесінде Apple компаниясының негізі құрылды», - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Стив Возняк, Сликон алқабының аңызына айналған және отыз жылдық өтілі бар меценат. Стив Apple компаниясының бірінші және екінші өнімдері желісінің дизайнын әзірлеуге қатысты, сондай-ақ Макинтош компьютерін жасауға көмектесті.

Атап өтсек, сарапшылар әлемде маңызды болатын, даму, жаһандық өсу кезеңінде қандай мәселелер бой көтеретініне тоқталған болатын. Айта кетейік, Астана экономикалық форумы 3 күнге созылады.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 




Яндекс.Метрика