Парламент

Сенаторлар өңірлердегі жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

Ақмола облысына жұмыс сапарымен жүрген Сенат депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Целиноград ауданында болды. Сенаторлар Ақмол ауылында «Батыр» қоғамдық бірлестігінің жеке тұлғаны дамыту орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, халық қалаулылары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында болды. Сенаторлардың өңірлердегі сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы30 Шілде , 15:07

 Орталық мамандары мүмкіндігі шектеулі адамдарға демалыс ұйымдастырып, Монтессори сыныбында балаларға арналған даму бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізеді.

Сенат депутаттары сол күні «Жұлдыз» балалар бақшасының еңбек ұжымымен кездесті. Депутаттар оқытушыларға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар туралы айтып берді. Сенаторлар Президент бастамалары әрбір қазақстандық отбасы үшін маңызы зор іргелі құндылықтардың барлығын қамтитынын атап өтті.

Бұл лайықты тұрғын үй сатып алуға қол жеткізу, салық ауыртпалығын төмендету арқылы еңбекке ақы төлеуді ұлғайту, жастардың сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейту болып табылады. Балалар бақшасының қызметкерлері тұрғын үй мәселесін шешуге және мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге байланысты мәселелерге назар аударды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары «Ақмол-Нұресіл-Талапкер» автомобиль жолын жөндеу мәселесі шешімін тапқаны үшін парламентшілерге алғысын жеткізді.

Аудан тұрғындары Мәншүк ауылымен байланыстыратын «Астана - Қорғалжын» тас жолының «Қабанбай батыр-Мәншүк-Оразақ» автомобиль жолының учаскесін жөндеуге көмек көрсетілетініне де сенім артып отыр.

Ақмола облысының тыныс-тіршілігімен танысу Ерейментау ауданында одан әрі жалғасты. Р.Әкімов пен Д.Әділбеков Новомарковка ауылында «Жаңа Береке» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, өндіріс цехтарында болды. Аграрлық кәсіпорын басшылығымен әңгіме барысында Мемлекет басшысының бес институттық реформаларынан туындайтын міндеттер аясында аграрлық салаға несие беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аудан әкімі Виктор Радченко «7-20-25» бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндай келіп, республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы мен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы хабардар етті.

Сенаттың  мәліметінше, Р.Әкімов пен Д. Әділбеков Ерейментау қаласының жылумен жабдықтау жүйесінің қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

№2 орта мектепке барған кезде жаңа оқу жылына дайындық және күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды.
 

Өз кезегінде БҚО-ға барған  сенаторлар ауданға қарасты Жуалыой елдімекенінде болып, Құлшық су қоймасынан тартылатын су құбыры жобасымен толыққанды танысты.

Сонымен қатар депутаттар Бірлік ауылдық округінде болып, ауылдық тыныс тіршілігімен танысты. Халық қалаулылары бастаған топ құрылысы биыл қаңтар айында аяқталатын ауыз су станциясында болды. Жоба құны 208 миллион теңге болатын аталмыш құрылыс «Ақ бұлақ» бағдарламасымен салынған болатын.

Бұдан кейін Сенат депутаттары Бірлік ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, халықтың мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп.

 Ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мінберге көтерілген Н. Төреғалиев Парламентте атқарылып жатырған қызметтер мен қабылданып жатырған заңдар туралы қысқаша баяндаса, Е. Мұқаев Сенат қызметі туралы сөз қозғай отырып, облыста атқарылып жатырған игі істерді республикамен салыстыра баяндап берді.
 

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика