АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Темір жол арқылы тасымалданған жүк көлемі 800 мың тоннаға артты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да баспасөз конференциясы өткізіліп, онда жаңа астықты тасымалдау барысы айтылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан 03 Қаңтар, 16:14

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысы О. Құлақовтың хабарлауынша, биылғы жылы 8,9 миллион тонна астық тасымалданған.

«Оның 3,1 миллион тоннасы республикаішілік бағдарға тасымалданса, 5,8 миллион тоннасы экспортқа шығарылған. Жыл ішінде 3,2 миллион тонна ұн тасымалданса, оның 0,8 миллион тоннасы ел ішінде тасымалданса, 2,4 миллион тоннасы экспортқа жіберілді», - деді О.Құлақов.

Биылғы жылы тиелген астық пен ұн өнімдері 13,5 миллион тоннаны құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6,3% жоғары көрсеткіш. Астықпен есептегенде 805 мың тонна артық. Экспортқа да 547 мың тонна астық артық шығарылды.

О. Құлақовтың айтуынша, биылғы жылы қазақстандық астық пен ұн өнімдерін тұтынушылардың географиялық нарық аумағы сақталды.

Өзбекстан (2 млн. тонна), Тәжікстан (1 млн. тонна), Ауғанстан (2,1 млн. тонна) және Иран (2 млн. тонн) бағдарларына жіберілді.

Бұл өңірлерге астық 364 мың тоннаға өсті. Тасымалдау қарқыны Өзбекстанға 7%, Иранға – 26%, Ауғанстанға- 6% артты. Әсіресе, қараша, желтоқсан айларында тасымалдау қарқыны жоғарылады.

Иран бағдарына арпа өнімдерін жеткізу көлемі 63% (324 мың. тонна), артып,бидай тасымалдау 185 мың тонна Орталық Азия нарығына бағытталды.

«Биылғы жылы Ресей мен Украинада да рекордтық астық жиналды. Бұл Қазақстанның көлік және астық нарығына да ықпал етті. Нәтижесінде, бұрын Қазақстан нарығында қызмет еткен шетелдік жеке операторлардың астық вагондары Ресейге кетіп қалды»,-дейді О. Құлақов.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшысының айтуынша, Ресеймен шекаралас өңірлерде сатып алу бағасының арасындағы айырмашылыққа байланысты астық Қазақстанға, одан әрі Орталық Азия елдеріне бағытталды. Эспорттық астық тасымалдауға сұраныс артқанымен оны оорталық азия елдерінің инфрақұрылымдық мүмкіндігінің шектеулігі төмендетіп отыр.

О. Құлақовтың айтуынша, Орталық Азияның инфрақұрылымлық өткізу мүмкіндігі айына 600 мың тонна астық пен 200 мың тонна ұн өнімдерін құрайды.

 





Яндекс.Метрика