Қазақстанның Тәуелсіздігі

БҰҰ-да Қазақстанның 26 жылдағы басты жетістіктері айтылды

Біріккен Ұлттар Ұйымында Қазақстанның 26 жылдағы басты жетістіктерін атап өтті.
Нұр-Сұлтан 20 Желтоксан, 15:46

«Әртүрлі елдің дипломатиялық миссия жетекшілерінің пікірінше, бұл алдымен әлемдік аренадағы  бедел, сондай-ақ, еліміздің ядролық қарудан бас тартуы да үлкен маңызға ие.  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары  халықаралық қауымдастықтың  қолдауына ие болады, ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі  мүшелігі Қазақстанның рөлін әлемнің мойындағанын көрсетті», - деп хабарлады khabar.kz.

Бүгінде Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдардың құрамында бар, олар: ЕЫҚҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО. Тәуелсіздік жылдары Астана  180 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

«Қазақстан планетадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға бейімделген.  Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің мүшесі болып саналады. Осы қызметіне сәттілік тілейміз.  Бұл тарихи жетістік болып табылады, себебі Қазақстан тұңғыш рет аталмыш миссияны орындамақ. Президенттің сапарын күтеміз. Тәуелсіздік және алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын», - деді  БҰҰ жанындағы Малави тұрақты өкілі  Нектон Мхура.





Яндекс.Метрика