Басты

Үкімет

Н.Назарбаев Үкіметті тарату жөнінде шешім қабылдады 21 Ақпан 19:00
"Үкімет пен Ұлттық банк экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ете алмады", - деп мәлімдеді Елбасы.

Айдарлар
  • Елбасы Үкіметке қандай тапсырмалар жүктеді? 30 Қаңтар 16:22 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында барлық министрлер мен әкімдер 2018 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Барлық есеп тыңдалған соң Елбасы Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеді. Үкіметке нақты қандай тапсырмалар жүктелгені туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Техникалық реттеу қалай жүзеге асырылады 15 Қаңтар 15:03 Ішкі нарықта өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету және экспортқа жағдай жасау мақсатында 2018 жылғы 5 қазанда «Стандарттау туралы» және оған қоса берілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданған болатын. Бизнесті жаңа талаптарға қайта бағдарлау үшін Заңның күшіне ену мерзімі 2019 жылдың 11 сәуіріне белгіленді.
  • Алматы сапары: Бақытжан Сағынтаев шаһардың даму әлеуетімен танысты 21 Желтоксан 16:30 Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президент жолдауларының іске асырылу барысымен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Алматыға барды. Премьер-Министр мегаполиске келген бойда ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының жас ғалымдарымен, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.Сондай-ақ, Visit Almaty туристік хабын аралады. Премьердің Алматыға сапарын толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • 2019: Электр энергниясы мен көмір тарифтері қалай өзгереді 26 Қараша 12:19 ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысы Президенттің Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселеден басталды. Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында электр және жылу энергиясына қолданыстағы тарифтерді қалыптастыру, сонымен қатар энергетика қызметтері нарығындағы бағаның түзілуіне бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың жұмысы мәселелері талқыланған еді.Электр энергиясы мен көмір тарифтерін түсіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Астана болашақта қалай өзгереді 18 Қыркүйек 11:48 Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, әкімдік Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеп, Үкімет отырысының қарауына ұсынып отыр. Жоба мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген. Жобаның артықшылығы туралы жұмысына білек сыбана кіріскен Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтып берді.
  • Жұмысы жоқ жастардың көбісінде орта білім ғана бар – министр 18 Қыркүйек 11:13 Қазақстанда NEET жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасы әзірленді. Елде жастарды жұмыспен қамту өзекті мәселе болып саналады. Жол картасы аясында атқарылатын жұмыстар жастардың арасындағы жұмыссыздықты жояды. Жол картасының негізгі мақсаттары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі аграрлық секторды қолдаудың іс-шараларын әзірледі 14 Қыркүйек 11:17 ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады.Экономиканы жаңғыртудың Үшінші толқыны мен өсімнің жаңа моделін құрудың қазіргі жағдайында Агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы арта түсуде. Бұл — стратегиялық сала. Әлеуетті локоматив.
  • Тұрғын үйлерді иелеріне жөндететін жоба ұсынылды 11 Қыркүйек 12:38 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасы Үкімет отырысында мақұлданып, Мәжіліске жолданды.
  • Күз түскенде дірілдеп, жұмысымыз жүрмей қалып жүрмесін – Б.Сағынтаев 11 Қыркүйек 12:03 Үкіметтің кезекті отырысы игерілмеген қаржының жағдайына арналды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев министрлер мен әкімдерге бөлінген қаражатты жылдың соңына дейін емес, қазір игерулері керектігін жеткізді. Премьер баяндамашыларды нақты қандай жұмыстар атқарылып жатқаны бойынша сұрақтың астына алды. Қазақстан экономикасының өсімі қаңтар-тамыз айларында оң тенденцияны сақтап тұр. Сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Сағынтаев СҚО-ға сапарлады 03 Қыркүйек 18:34 Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.Сапардың мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылу барысымен танысу.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика