Басты

Астана - 20 жыл

Айбынды Астана - суретшілер көзімен 12 Маусым 17:51
Әлемдегі ең жас астаналардың бірі - біздің Елордамызды, шетелдік қылқалам шеберлері майлы кенеппен көркемдеді. Астананың 20 жылдығы аясында «Нұр келбетті Астана» халықаралық суретшілер фестивалі өтіп, оған АҚШ, Ресей, Бразилия, Жапония, Үндістан және басқа да елдердің қылқалам шеберлері қатысты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Айдарлар
  • Астананың 20 жылдығы: мереке кезеңінде қауіпсіздіктің сақталуы 11 Маусым 16:52 20-31 мамыр аралығында өткен жедел профилактикалық іс-шараны өткізуге Астанада 1,5 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылды, нәтижесінде 9,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 1,5 мың көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Осы шара 2-4 шілде аралығында қайта ұйымдастырылады. Астананың 20 жылдығын мерекелеу кезеңінде қауіпсіздік қалай сақталады толығырақ strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
  • «Нұр келбеттi Астана» байқауы басталды 08 Маусым 16:13 Елорданың 20-жылдығы қарсаңында «Нұр келбеттi Астана» халықаралық көркемсурет фестивалi ұйымдастырылады. Шараға танымал отандық және шетелдiк суретшiлер қатысады.
  • Третьяков галереясы Астанада: 50 үздік жауһар (ФОТОРЕПОРТАЖ) 06 Маусым 17:37 Бүгін Ұлттық Музейде Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» деп аталатын көрме ашылды. Қазақстанда аталмыш шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Көрмеде кенеп, майлы бояудан салынған 50 туындыны тамашалауға болады. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген фоторепортаждан оқи аласыздар.
  • Smart Astana жобасы қарқынды жүзеге асырылуда - Эльвира Жүргенбаева 01 Маусым 16:26 Бүгін «Стратегия» пікірталас алаңында Астана қаласының 20 жылдығына дайындық шаралары мен Smart Астана жобасының жүзеге асырылуы талқыланды. Smart Астана жобасының тиімділігі туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева баяндап берді.
  • «Стратегия» пікірталас клубы (Онлайн) 01 Маусым 14:06 Бүгін Астана радиосы мен Strategy2050.kz сайтында тікелей эфирде «Стратегия» пікірталас клубы өтеді. Шарада Астананың 20 жылдығына дайындық барысы мәселесі талқыланады.
  • Елордада «Нұр келбетті Астана» көрмесі өтеді 25 Сәуір 9:33 Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі отандық көркемсурет майталмандарымен бірлесіп «Нұр келбетті Астана» атты Халықаралық көркемсурет көрмесін ұйымдастырмақ.
  • «Еуразияның жеті пердесі»: тылсымға жетелейтін көрме (ФОТОРЕПОРТАЖ) 13 Сәуір 9:18 Астанада «Еуразияның жеті пердесі» атты көрме ашылды. Шара «Астана балет» театрының бастамасымен Forte bank Kulanshi ArtSpace галереясы және Беларусьтің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған. Астананың 20 жылдығына арналған көрмені әзірлеуге Ресей және Беларусь елдерінің білікті мамандары жұмылдырылған. Екі айға жалғасатын көрменің ерекшелігі мен көркемдігін Strategy2050.kz АА дайындаған фоторепортаждан тамашалай аласыздар.
  • 2050 жылға дейін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында әлемдік деңгейде қызмет көрсетілетін болады 06 Сәуір 9:25
  • Нұрсұлтан Назарбаев Астананың әлемдік аренадағы ерекше мәртебесін атап өтті 05 Сәуір 18:16 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Яндекс.Метрика