Басты

Шолу

Айдарлар
  • Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық туристік турларды дамытады 16 Наурыз 15:31 Бүгінде туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-тен астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді. Ал, Қазақстандағы туризмнің жағдайы мүлдем бөлек. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында «киелі жерлердің» картасы жасақталып, инфрақұрылым мәселесі жүйелі түрде шешіле бастады. Әрине, үлкен жетістіктер туралы айту ерте, дегенменде алғашқы нәтиже жаман емес деуге болады. Осы ретте, Орталық Азия елдері басшыларының консультативті кеңесі туризмді дамытуда жаңа бір белес болды десек болады. Бес елдің басшыларының басын қосқан бұл шара үлкен қадамдарға алып келді. Бүгін Астанада «Ұлы Жібек жолы» трансұлттық брендін дамыту мақсатында алғаш рет Қазақстан-Өзбекстан туристік форумы өтті. Аталмыш шара аясында қандай уағдаластықтарға қол жеткізілгелі туралы «Strategy 22050.kz» АА шолуынан біле аласыздар.
  • Орталық Азия: Ағайындардың Арқадағы кездесуі не береді? 16 Наурыз 11:01 Араға тоғыз жыл салып барып, Арқада кездесу өткізген ОА елдерінің басшылары жеке-дара және кеңейтілген құрамда, тіпті кейбір сәттерде жабық есік жағдайында қандай мәселелер талқылады? Екі бұрынғы президент, екі жаңа сайланған президент және бір елдің басшысының сенімді өкілі. Құрам жоғары деңгейде екеніне еш күмән жоқ. Әуелгіде Орталық Азия елдері басшыларының Саммиті болып белгіленген жиын, неге белгіленген мерзімге жақындағанда жәй ғана кеңеске айналды? Өзбекстан мен президенттікті енді ғана қолына алып жатқан Қырғызстанның Қазақстан үйренері не? Келелі кеңесте басқа қандай уағдаластыққа қол жеткізілгені туралы «Strategy 2050.kz» АА шолуынан біле аласыздар.
  • Қазақстандағы цифрландыру қалай жүзеге асырылуда (ШОЛУ) 15 Наурыз 15:38 2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. «Зерде» Холдингінің қызметіндегі басым бағыт аталмыш бағдарлама аясындағы жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Осы уақытқа дейін Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Сондай-ақ, орталық мемлекеттік және атқарушы органдарда Цифрландыру кеңселері ашылды.
  • 5 бастама: студенттерге жатақхананы кімдер салады? (ШОЛУ) 15 Наурыз 12:54 Бүгін ҚР Үкіметінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында МЖӘ қағидалары бойынша ЖОО мен колледж студенттеріне арналған жатақханалар құрылысы туралы баспасөз конференциясы өтті. Сондай-ақ, күні кеше Астана қаласының активінде Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар талқыланған болатын. 5 президенттік бастама, оның ішінде студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесін қарастыратын үшінші бастама туралы әзірленген шолуды назарларыңызға ұсынамыз.
  • 5 бастама: елдің әл-ауқатын жақсартары сөзсіз - шетелдік сарапшылар (ШОЛУ) 14 Наурыз 16:29 5 наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялады. Құжатта халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік шараларды жүзеге асырудың жоспары көрсетілген. Елбасының 5 бастамасы бойынша шетелдік сарапшылардың пікірі топтастырылған шолуды назарларыңызға ұсынамыз.
  • Орталық Азия елдерінің Одағы құрылуы мүмкін бе? - сарапшылар пікірі (ШОЛУ) 14 Наурыз 15:08 Ертең, яғни наурыздың 15-і күні Арқаның төсінде айтулы оқиға болғалы тұр. Әрі географиялық тұрғыдан көрші, әрі менталитеттік жағынан ағайын болып келетін Орталық Азиядағы 5 елдің басшылары оңаша кездесу өткізбек. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары әуелгіде саммит делінгенімен, соңғы күндері консультативтік кездесу өткізетіндері мәлім болды. Бүгінде аталмыш басқосуда қандай мәселелердің түйіні тарқатылып, іске аспай қалған ілкімді істерге дем берілетіні ел арасында көптеп талқылануда. Саяси сарапшы мамандардың пікірі негізінде әзірлеген «Strategy2050.kz» АА тілшісі Мөлдір Асқарқызының материалын ұсынамыз.
  • Мәжіліс мінбері: маңызды Заң жобалары мақұлданды (ШОЛУ) 14 Наурыз 12:17 Бүгін Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтті. Жиында 3 заң жобасы жұмысқа қабылданып, үш заң жобасы мақұлданды. Сондай-ақ, депутаттық сұрақтар қойылып, сауалдар жолданды. Осы және өзге де Мәжіліс мінберінде айтылған өзекті мәселелермен Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
  • Қазақстанда жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар 13%-ке төмендеді 13 Наурыз 12:47 Қазақстанда жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар 13%-ке төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов хабарлады.
  • Үкімет мінбері: 2 айдағы экономикалық жетістіктер (ШОЛУ) 13 Наурыз 11:48 Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Жиында 2018 жылдың қаңтар – ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар талқыланды.
  • 5 президенттік бастама: ұзақ мерзімді әлеуметтік саясат (ШОЛУ) 12 Наурыз 17:43 Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкерлері Президенттің 5 бастамасына қатысты өз пікірлерімен бөлісті. «5 Президенттік бастама: әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық үлгісі» деген тақырыппен өткізген брифинг барысында осындай ұзақмерзімді бағдарламаның аса маңызды екені, бұл елдің әл-ауқатын жақсартуға үлкен септігін тигізетіні айтылды.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика