Басты

Шолу

Айдарлар
  • Қазақстанның дамуы: инфляция мен валюталық ахуал 17 Сәуір 11:27 Осы жылдың 1 сәуірінде елдің халықаралық резервтері 1,5% немесе 90,4 млрд долларға дейін ұлғайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мәлім болды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды.
  • Мәжіліс отырысы: Қазақстандағы көші-қонның қазіргі ахуалы 16 Сәуір 12:50 Ресми статистика бойынша соңғы үш жылда елімізге 5,6 млн астам шетелдік азамат келген. Бұл туралы бүгінгі Мәжілісте өткен үкімет сағатында белгілі болды. Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың төрағалығымен өткен үкіметтік сағатта Қазақстандағы көші-қонның қазіргі ахуалы мен проблемалары талқыланды. Толығырақ, Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
  • Қазақстан мен Корея: ұзақмерзімді қарым-қатынастың тетіктері 16 Сәуір 11:43 Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық серіктестіктер мен оның тереңдеу кезеңінде тұр. Астана мен Сеул арасында саяси түсініспеушіліктер жоқ. Корея басшылығы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін жоғары бағалайды. Екі елдің ынтымақтастығы туралы «Strategy2050.kz» АА дайындаған шолуды ұсынамыз.
  • «Рухани жаңғыру»: Бағдарламаның бір жылдық қорытындысы мен алға қойылған мақсаттар 13 Сәуір 14:25 Бүгін «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың қорытындылары және алдағы жылға ұсыныстар мен жоспарларды анықтау бойынша ауқымды шара өтті. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты мақаласының жарияланғанына бір жыл толған болатын. «Рухани жаңғырудың» арнайы жобалары бойынша әзірленген шолуды назарларыңғызға ұсынамыз.
  • Боао форумы: Қытай және әлем экономикасының дамуы 12 Сәуір 15:55 Биылғы ит жылы халықаралық қатынастар жүйесіне ықпал ететін бірқатар оқиғалармен басталды. Қытайдағы конституциялық реформа, Орталық Азия басшыларының кеңесі, Солтүстік Кореяның қарусыздану жөніндегі позициясы мен Д. Трамппен кездесу жоспары, Ресейге қатысты санкциялардың күшеюі, Сириядағы сергелдең, АҚШ-Қытай сауда текетіресінің қыза түсуі осыны айғақтайды. Осы аптаның басында әлем жұртшылығы Марк Цукербергтің АҚШ Сенаты алдындағы баяндамасын бақылап отырса, Боаода жыл сайынғы Азиялық форум өтіп жатты. Ақпарат айдынында қасымыздағы Қытай емес, алыстағы АҚШ пен іргедегі Ресейдің бәсі әлдеқайда биік екенін байқаймыз. Сонымен, Боао форумының бізге және әлемнің даму тенденцияларына қандай ықпалы бар? Қытай басшысы әлемнің азулы экономистері жиналатын Давостан гөрі, осы Боао форумына неге мұншалықты көңіл бөледі? Шығыстанушы Олжас Бейсенбаев сараптамасында осы және басқа да бірқатар сауалдарға жауап беруге тырысыпты.
  • Мәжіліс мінбері: Қазақстандағы валюталық реттеу қалай жүзеге асырылмақ 11 Сәуір 12:52 Қазақстанда шетелдік ұйымдар теңгемен есеп айырысады. Сонымен қатар, банктердің валюталық операциялар бойынша төлемдерге қызмет көрсету мерзімдері қысқарады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәлім болды. Мәжілісте талқыланған осы және өзге түйіткілді мәселелер туралы Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
  • Үкімет отырысы: Жекешелендіру мен білім саласын цифрландыру 10 Сәуір 12:47 Биыл жекешелендіру аясында 397 нысан сатылған. Нысандарды сату кезінде бірқатар талаптарды сақтау керек. Үкімет отырысында жекешелендірудің барысы талқыланды. Сала бойынша құзырлы органдардың басшылары нақты деректермен бөлісті. Толығырақ Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
  • Қазақстандағы салық: түсімдер мен жоспарлар 09 Сәуір 15:03 Осы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджеттің салық түсімдерінің жоспарын іске асырылуы 106,0% құрады, яғни 101 млрд. теңгеден асатын 1 786,1 млрд. теңге түсті. Салықтық бақылаудың тиімділігі 100% -ға өсті. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасы бойынша салықтық тексерулер де азайған. Салық саласына қатысты осы және өзге мәліметтерді Strategy2050.kz. АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
  • Қазақстандағы әскери ұшқыштардың жағдайы мүшкіл 09 Сәуір 14:24 Бүгін Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтті. Шарада Қазақстанда әскери білім беруді, ғылымды дамыту және әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру мәселелері талқыланды. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко төрағалық еткен отырыста әскери саланың әлеуметтік проблемалары мен маңызды тетіктері талқылданды. Толығырақ Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
  • Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 54,4% пайызға өсті 06 Сәуір 15:42 Бүгін Үкіметте биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы инвестицияларды тарту және сауда-экономикалық келісімдерінің қорытындылары талқыланды. Жиынға аталмыш салалар бойынша құзырлы министрліктердің өкілдері қатысты. Шарадағы нақты нәтижелер туралы бойынша әзірленген шолуымызды ұсынамыз.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика