Басты

Сараптама

Айдарлар
  • ҚХР-да оқып жүр талай қазақ баласы (1-бөлім) 09 Сәуір 9:56 «Ұлы Жібек жолы» бойымен тек тауар-өнім тарап, сауда-саттық дамыды десек қателесеміз. Жібек жолымен жеті жұрттың тілі мен діні танылып, мәдениетаралық коммуникация орнады. Тарихшы-профессор Т.Зәкенұлының «Мәңгітас» тарихи романында Таң династиясы кезеңінде(751-907 жж) 3 мыңға жуық түрік, тибет, корей және т.б көшпенділердің өкілдері табғаш астанасы Чаңанда(қазіргі Сиань) қолөнер, егіншілік, әскери іс, ел басқару ілімін үйренгені айтылады. Солардың қатарында болған Тоныкөк «...елу жыл ісін, күшін берген», «күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған» түріктердің тәуелсіздігін қайтару жолында Чаңанда алған білімін пайдаланған деседі. Яғни, «санасы сақ, құлағы түрік» халықтың Қытай елінде білім алу тарихы тереңнен басталады. Ал бүгінгі «Жаңа Жібек жолы» білім мен инновацияның жолына айнала ма? Қазақстанның білім саласы қаншалықты бәсекеге қабілетті? Шығыстанушы Олжас Бейсенбаевтың сараптамасы, білім іздеушілердің бір кәдесіне жарар деген мақсатпен жариялап отырмыз. Оқып көріңіз...
  • Таныс шекарадағы трансшекаралық өзендер мәселесі (2-бөлім) 29 Наурыз 16:37 Біз тіршілік етіп жатқан Жер бетінің 70%-дан астамын су алып жатыр деп есептейміз. Ғылыми тұрғыда солай. Бірақ, оның ауыз суы, яғни тұтынуға жарамдысы тым аз. Көп бөлігін мұхиттар мен ішуге жарамсыз теңіздер, мұзды мұхиттар құрайды. Әлем ғалымдар біраздан бері ендігі Жер бетіндегі тартыс мұнай мен алтын үшін емес, қара су үшін болатынын болжап отыр. Қазірдің өзінде бірқатар елдердің ауыз су зардабын тартып отырғанын байқаймыз. Бұл бір елдің ішіндегі ғана емес, трансшекаралық өзендер мәселесі. Бұл мәселеден біз де ада емеспіз. Біздің елге де бір немесе бірнеше елді кесіп өтіп келіп жатқан, бізден өтіп жатқан өзендер бар. Жалпы, осы трансшекаралық өзендер, олардың рационалды пайдаланылуы, елдердің мүдделестігі, су саясаты туралы жас ғалым Олжас Бейсенбайдың сараптамасын ұсынамыз.
  • Таныс шекарадағы трансшекаралық өзендер мәселесі (САРАПТАМА) 28 Наурыз 11:03 Біз тіршілік етіп жатқан Жер бетінің 70%-дан астамын су алып жатыр деп есептейміз. Ғылыми тұрғыда солай. Бірақ, оның ауыз суы, яғни тұтынуға жарамдысы тым аз. Көп бөлігін мұхиттар мен ішуге жарамсыз теңіздер, мұзды мұхиттар құрайды. Әлем ғалымдар біраздан бері ендігі Жер бетіндегі тартыс мұнай мен алтын үшін емес, қара су үшін болатынын болжап отыр. Қазірдің өзінде бірқатар елдердің ауыз су зардабын тартып отырғанын байқаймыз. Бұл бір елдің ішіндегі ғана емес, трансшекаралық өзендер мәселесі. Бұл мәселеден біз де ада емеспіз. Біздің елге де бір немесе бірнеше елді кесіп өтіп келіп жатқан, бізден өтіп жатқан өзендер бар. Жалпы, осы трансшекаралық өзендер, олардың рационалды пайдаланылуы, елдердің мүдделестігі, су саясаты туралы жас ғалым Олжас Бейсенбайдың сараптамасын ұсынамыз.
  • БАӘ – Қазақстан: сенімді серіктестер 27 Наурыз 15:27 Наурыз мерекесінде ел демалысқа шығып, мерекелік шаралар ұйымдастырып жатқанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі елге сапарлап қайтты. Бірі көршіміз – Өзбекстан, екіншісі – Біріккен Араб Әмірліктері. Өзбекстан Президентімен сол сапардан 3-4 күн бұрын ғана, Орталық Азия елдері басшыларының Астанадағы Консультативтік кездесуі аясында кездесті. Кейін, жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өтіп, екі ел арасында бірқатар келісімдерге қол қойылғаны мәлім. Ал Араб Әмірліктерімен Қазақстанның қарым-қатынасы тек дипломатиялық ресми кездесулерге ғана негізделген десек қателесеміз. Өйткені, БАӘ Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері Қазақстанмен саяси, сауда-экономикалық жағынан тығыз байланыс орнатқан ел. Екі ел арасында ірі бірлескен жобалар да қолға алынған. Ал енді Елбасының осы сапары не берді? Егер Өзбекстанмен арадағы байланысымыз соңғы деректерге сүйенсек, 2 млрд АҚШ доллары көлемінде болса, БАӘ-мен әзірге 600 млн АҚШ долларынан сәл ғана асады екен. Ал бұл сапардың саяси һәм экономикалық берері не?
  • Арқадағы кездесудің саяси мәні неде? 14 Наурыз 10:33 Орталық Азия аймақтық саясатты өз бетінше жүргізіп, жеке қызығушылықтарын қамтамасыз ететін уақыт келді. ОА – табиғи ресурстарға бай, ерекше мәдени-өркениеттік потенциалы бар, транзиттік әлеуеті зор, сонымен қатар тұрақсыздық пен қақтығыстардың да ошағына жақын орналасқан.
  • «Өзін-өзі қамтығандар»: кімдер, олар кімге сенеді? 07 Наурыз 10:38 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауында Қазақстанның еңбек нарығындағы айырықша топқа баға бергені бар. Президент ресми құжаттарда «өзін өзі қамтығандар» деп аталатын әлеуметтік топты экономикаға пайдасы мол болатын күш ретінде бағалаған. Жолдауда «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады» делінген еді. Дегенмен, «өзін-өзі қамтығандар» деп аталатын топтың қандай категорияға жататынына, әлеуметтік-экономикалық саясатта қандай рөл атқаратынына бір жақты баға беру қиын.
  • «Цифрлық Жібек жолы» аясындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының дамуы 02 Наурыз 9:05 Қазақстан тәуелсіздігінің ширек ғасырлық межесі жедел және күрделі өзгерістермен тұспа-тұс келді. Жаһандық экономикалық мен геосаяси бетбұрыстар, миграциялық тенденция, экологиялық проблема мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа форматын қалыптастыруда. Технологиялық трендтер қоғамның экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму сипатына өзгерістер енгізеді. Бұл құбылыс Төртінші өнеркәсіптік революцияның алғышарты ретінде бағаланады.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика