Басты

Сараптама

Өзін өзі қамтығандар жаңа салық саясатын құтқара ала ма? 04 Қыркүйек 16:42
2018 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі. Жазғы демалыста депутаттар өңірлерді аралап, елдің тыныс-тіршілігімен танысты. Демек, халықты не толғандырады, қандай өзекті мәселелер бар екенін көзбен көріп, өз құлақтарымен естігендері рас. Өйткені депутаттардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жолында қызмет етулері – олардың басты міндеті. Хош. Елбасы ел аралап келгендерге не тапсырды, қандай маңызды мәселелер бар? Қайырбек Арыстанбеков б ой жүгіртті.

Айдарлар
  • KADEX-2018: техниканы жаңартуға септігі тисе игі 30 Мамыр 10:39 Сонымен Астанада бесінші мәрте қару-жарақ пен әскери техниканың, жабдықтардың халықаралық көрмесі аяқталды. Имидждік тұрғыда да, қару-жарақ нарығы үшін де маңызды саналған KADEX-2018 көрмесінде отандық кәсіпорындар мен шетелдік компаниялар жалпы сомасы 300 млрд теңге көлеміндегі келісімшарттар жасасыпты. KADEX көрмелері алғаш басталған 2010 жылы бұл көрсеткіш 1,5 миллиард теңге еді. Дегенмен, көрмеде қазақстандық кәсіпорындар ғана емес, шетелдіктер де өзара келісім шарт жасасуы мүмкін екендігін жоққа шығармаған абзал.
  • Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтаудың өзекті мәселелері 21 Мамыр 11:31 Бүгінгі халықаралық қатынастарда Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау маңызды мәселенің қатарында. Каспий теңізі географиялық орналасуына қарай бірқатар мемлекеттің қарым-қатынасына тікелей әсер етіп отыр. ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін Каспий аймағы КСРО-Иран байланысымен айқындалған еді. Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіз республикалардың құрылуы аймақтағы геосаяси тепе-теңдіктің өзгеруіне алып келді. Каспий бассейнінің энергетикалық қоры мен транзиттік мүмкіншілігі таяу жатқан елдерден тыс әлемнің жетекші державаларының да назарын аударады. Шығыстанушы Олжас Бейсенбаевтың сараптамасы қарт Каспийдің жағалауындағы елдердің Тәуелсіздік алғалы көтеріп, зерттеп, әртүрлі деңгейде жиындар өткізуіндегі мақсат, мүдделері айтылыпты. Географиялық орналасуына қарай Қазақстанға ең көп үлес тиюі керек. Дегенмен, жағалаудағы өзгелер де өз үлесінің аздығына келісе қоймайды. Қайтпек керек? Теңіздің мәртебесі айқындалса, ол шегара мәселесін шешуге қаншалықты септігін тигізеді?
  • АЭФ-тің республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылуы 05 Мамыр 10:09 2018 жылдың 17-19 мамыр күндері әдеттегідей ХІ Астана экономикалық форумы өткізіледі. Бұл шара – еліміздегі және бүкіл Еуразия аймағындағы ең басты күтілетін экономикалық оқиғалардың бірі. Жыл сайын форумға әлемнің белгілі ғалымдары, экономистері, бизнес пен мемлекеттік менеджменттің өкілдері, саясаттанушылары, түрлі салалардағы сарапшылар қатысады. 10 жыл ішінде форумға әлемнің 150 елінен 50 000-нан астам делегат қатысқан, солардың қатарында 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаттары, 30-дан астам жоғары деңгейлі шетелдік саяси қайраткерлер.
  • Қорғаныс қабілеті жөнінен 50 орындамыз: ҚК - әлеуметтік лифт (2-бөлім) 04 Мамыр 9:36 Негізі қоғамдағы адамдардың белгілі бір әлеуметтік топтардан, таптардан, жіктерден келесі бір әлеуметтік жағдайға ауысуы әдетте «әлеуметтік мобильділік» деп аталады. Яғни, белгілі бір әлеуметтік статустағы адам әлеуметтік мобильділіктің нәтижесінде жағдайы жақсарып немесе төмендеп өзге әлеуметтік статус алуы мүмкін.
  • Қорғаныс қабілеті жөнінен 50 орындамыз 03 Мамыр 9:01 ЖаҺанда әр елдің әскери қуатын өлшейтін түрлі ұйымдар мен мекемелер бар. Солар көбіне қандай да бір елдің қорғаныс қабілетіне байланысты баға беріп жатады. Сондай ұйымдардың бірі Global FirePower ұйымы жыл сайын рейтинг жариялап тұратыны бар. Сол рейтингте Қазақстан биыл 50 орынға тұрақтапты.
  • Адамзат тағдырының ортақ қауымдастығы 02 Мамыр 9:12 XXI ғасырдың басындағы әлемдік тәртіп, жаһандық проблемаларды шешу, халықаралық қауіпсіздікті орнату жолдары Қытай үшін аса маңызды. Көптеген елдер Қытаймен қарым-қатынас жүргізу бағыттарын қайта қарастыруда. Өйткені Қытай ұсынған инфрақұрылымдық жобалар дамушы мемлекеттердің өзіне тартады. Зерттеушілер Қытай үкіметі ғасырлар бойы қалыптасқан сыртқы саясат қағидаттарынан тайынбайды деп болжайды. Соңғы онжылдықта жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс, халықаралық қатынастар «архитектурасының» өзгеруіне байланысты оның концептуалдық тұрғыда дамып отырғанына куә боламыз. Қытайдың әр кезеңдегі сыртқы саяси ұстанымдары оның экономикалық мүдделерімен, ішкі мәселелерімен байланысып жатыр. ҚХР сыртқы саяси принциптері трансформациясы жаңа концепциялардан көрініс табады. Соңғы жылдары жиі айтылатын «Адамзат тағдырының ортақ қауымдастығы» да соның дәлелі.
  • «Орта тап»: статистика мен шынайы жағдай 24 Сәуір 9:30 Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің жарияланғанына да ай жарым уақыттан асып барады. Әу баста бұқара Үндеудің жеке азаматтардың өміріне енгізетін өзгерісіне қуанған. Өйткені, Президент үндеуі бұқараның көкейіндегіні дөп басқан-ды. Дегенмен, бұл Үндеу Қазақстандағы орта таптың әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді жоспарлардың бірі екендігін ешкім жоққа шығара алмаса керек.
  • Бір жылдан соң: сананың жаңғыруы басталды (2-бөлім) 23 Сәуір 9:24 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл¬масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында.Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген болатын. Қазақстан да бұл үрдісті бастап кеткен еді ғой.
  • Бір жылдан соң: сананың жаңғыруы басталды 12 Сәуір 12:04 Осыдан тура 1 жыл бұрын, дәл осы күні, яғни сәуірдің 12-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрген болатын. Сол мақаласында Президент: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс»,-деген болатын. Сөйтіп, елімізде ұлттың рухани жаңғыру процесі басталған.
  • ҚХР-да оқып жүр талай қазақ баласы (2-бөлім) 10 Сәуір 9:06 «Ұлы Жібек жолы» бойымен тек тауар-өнім тарап, сауда-саттық дамыды десек қателесеміз. Жібек жолымен жеті жұрттың тілі мен діні танылып, мәдениетаралық коммуникация орнады. Тарихшы-профессор Т.Зәкенұлының «Мәңгітас» тарихи романында Таң династиясы кезеңінде(751-907 жж) 3 мыңға жуық түрік, тибет, корей және т.б көшпенділердің өкілдері табғаш астанасы Чаңанда(қазіргі Сиань) қолөнер, егіншілік, әскери іс, ел басқару ілімін үйренгені айтылады. Солардың қатарында болған Тоныкөк «...елу жыл ісін, күшін берген», «күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған» түріктердің тәуелсіздігін қайтару жолында Чаңанда алған білімін пайдаланған деседі. Яғни, «санасы сақ, құлағы түрік» халықтың Қытай елінде білім алу тарихы тереңнен басталады. Ал бүгінгі «Жаңа Жібек жолы» білім мен инновацияның жолына айнала ма? Қазақстанның білім саласы қаншалықты бәсекеге қабілетті? Шығыстанушы Олжас Бейсенбаевтың сараптамасы, білім іздеушілердің бір кәдесіне жарар деген мақсатпен жариялап отырмыз. Оқып көріңіз...
Параққа өту:
Яндекс.Метрика