Басты

Сараптама

Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау: халықаралық тәжірибе және Қазақстан 13 Шілде 10:59
Ғылыми жаңалықтарды құру және қолдану, олардың авторы мен жаңалықтар жасалатын ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша қатынастарды реттеудің тиімді механизмдерін іздеу жарты ғасырға жалғасып келеді. Бұл өте ұзақмерзімді үрдіс. Зияткерлік меншік құқығы жаңа экономикалық парадигма жағдайында ұлттық деңгейдегі дамудың маңызды аспектісі ғана емес, АҚШ пен ҚХР сынды алпауыттардың сауда текетіресіне де себеп болып отыр. Қазірге дейін бірқатар жаһандық және ұлттық масштабтағы құжаттар қабылданды. Олардың бірқатары: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Конвенциясы, 1952 жылғы 6 қыркүйектегі Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж келісімі, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1886 ж.), Еуропалық патент конвенциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасының патент заңы», ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және т.б. Осы уақыт аралығында әртүрлі жобалар ұсынылды, жаңалықтарды тіркеудің жүйелері енгізілді және қайта жабылды, бірақ мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.

Айдарлар
  • Қазақстан мен Өзбекстан: өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңі 12 Шілде 10:14 2018 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсімі өткен болатын. Осы оқиға – қазақ-өзбек қатынастары жаңа белесінің бастауы деуге де болады, себебі бұл екі ел арасындағы достық пен татулықтың дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар бүкіл өңірдің экономикалық және саяси серіктестігін нығайтуға зор үлес қосатын айтулы үдерістің бастамасы.Одан бұрын, 2017 жылдың наурызында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзеев Астанаға ресми сапармен келсе, қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барып қайтқан болатын. Оған қоса қос астанада бизнес ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бизнес-форумдар өткізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – екі елдің экспорттық, инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы экономикалық әріптестікті күшейту.
  • «Астана» - мазмұны терең, мағынасы кең ұғым 10 Шілде 9:54 Қазақ елінің астанасын Ақмолаға ауыстырып, кейін «Астана» атауын беру – Тәуелсіздіктің жемісі. Алматы ежелгі «Жібек жолы» бойындағы сауда-экономикалық, тарихи-мәдени орталық ретінде өзінің лайықты бағасын әлдеқашан алып қойды. Ал, егемендігін енді жариялаған мемлекетке шекарасын шегендеп, рәміздерін бекітіп, дипломатиясын орнатудан бөлек, жаһанға жар салып көрсететін заманауи бәсекеге қабілетті, қауіпсіз және креативті астана қажет болды.
  • ҰБТ: мамандық пен оқу орнын таңдау ғана ма? 26 Маусым 16:17 Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізіліп келе жатқанына 15 жыл толды. Он бесінші рет өтіп жатқан тестілеуге 100 мың түлек қатысуға бекініпті. Сол түлектердің 76 мыңы, яғни 76% емтиханды қазақ тілінде тапсырады.
  • Қазақ диаспорасын қолдау: қаржы қайда жұмсалады? 19 Маусым 12:20 Мамыр айында Үкіметтің №280 қаулысымен елімізде «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы шетелдерде тұратын этникалық қазақтарды рухани және материалдық тұрғыда қолдауды жүйелі түрде жүзеге асыруға бекінген жайы бар. Құжаттың маңыздылығына қоғам тым қатты назар аудара қоймағанымен, жоспар Қазақстанның стратегиялық қадамдарының бірі болып отыр.
  • Циндао саммиті - ынтымақтастықты шыңдау 08 Маусым 11:54 Әлемдік сарапшылар мен ақпарат құралдарының назары – алпауыттар жиналған біздің шығыс көршімізде. Ең алдымен, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Иран басшылары Қытайға мемлекеттік сапармен барады. ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кеңейтілген құрамдағы кездесуінде 9 маңызды құжат қабылданды. Ал, басты саяси оқиға – 2018 жылы 9-10 маусымда Шаньдун провинциясы Циндао қаласында ШЫҰ-ға мүше 8 мемлекет, 4 бақылаушы және әріптес елдердің басшылары кездеседі. Еуразия құрлығының 60 пайызын, жер халқының жартысына жуығын алатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жаһанға жаңа құраммен үн қатады. Саммит нәтижесінде Циндао декларациясы, жалпы саны 20-ға жуық құжат қабылданып, ШЫҰ төрағалығы Қырғыстан Республикасына ауысады.
  • KADEX-2018: техниканы жаңартуға септігі тисе игі 30 Мамыр 10:39 Сонымен Астанада бесінші мәрте қару-жарақ пен әскери техниканың, жабдықтардың халықаралық көрмесі аяқталды. Имидждік тұрғыда да, қару-жарақ нарығы үшін де маңызды саналған KADEX-2018 көрмесінде отандық кәсіпорындар мен шетелдік компаниялар жалпы сомасы 300 млрд теңге көлеміндегі келісімшарттар жасасыпты. KADEX көрмелері алғаш басталған 2010 жылы бұл көрсеткіш 1,5 миллиард теңге еді. Дегенмен, көрмеде қазақстандық кәсіпорындар ғана емес, шетелдіктер де өзара келісім шарт жасасуы мүмкін екендігін жоққа шығармаған абзал.
  • Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтаудың өзекті мәселелері 21 Мамыр 11:31 Бүгінгі халықаралық қатынастарда Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау маңызды мәселенің қатарында. Каспий теңізі географиялық орналасуына қарай бірқатар мемлекеттің қарым-қатынасына тікелей әсер етіп отыр. ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін Каспий аймағы КСРО-Иран байланысымен айқындалған еді. Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіз республикалардың құрылуы аймақтағы геосаяси тепе-теңдіктің өзгеруіне алып келді. Каспий бассейнінің энергетикалық қоры мен транзиттік мүмкіншілігі таяу жатқан елдерден тыс әлемнің жетекші державаларының да назарын аударады. Шығыстанушы Олжас Бейсенбаевтың сараптамасы қарт Каспийдің жағалауындағы елдердің Тәуелсіздік алғалы көтеріп, зерттеп, әртүрлі деңгейде жиындар өткізуіндегі мақсат, мүдделері айтылыпты. Географиялық орналасуына қарай Қазақстанға ең көп үлес тиюі керек. Дегенмен, жағалаудағы өзгелер де өз үлесінің аздығына келісе қоймайды. Қайтпек керек? Теңіздің мәртебесі айқындалса, ол шегара мәселесін шешуге қаншалықты септігін тигізеді?
  • АЭФ-тің республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылуы 05 Мамыр 10:09 2018 жылдың 17-19 мамыр күндері әдеттегідей ХІ Астана экономикалық форумы өткізіледі. Бұл шара – еліміздегі және бүкіл Еуразия аймағындағы ең басты күтілетін экономикалық оқиғалардың бірі. Жыл сайын форумға әлемнің белгілі ғалымдары, экономистері, бизнес пен мемлекеттік менеджменттің өкілдері, саясаттанушылары, түрлі салалардағы сарапшылар қатысады. 10 жыл ішінде форумға әлемнің 150 елінен 50 000-нан астам делегат қатысқан, солардың қатарында 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаттары, 30-дан астам жоғары деңгейлі шетелдік саяси қайраткерлер.
  • Қорғаныс қабілеті жөнінен 50 орындамыз: ҚК - әлеуметтік лифт (2-бөлім) 04 Мамыр 9:36 Негізі қоғамдағы адамдардың белгілі бір әлеуметтік топтардан, таптардан, жіктерден келесі бір әлеуметтік жағдайға ауысуы әдетте «әлеуметтік мобильділік» деп аталады. Яғни, белгілі бір әлеуметтік статустағы адам әлеуметтік мобильділіктің нәтижесінде жағдайы жақсарып немесе төмендеп өзге әлеуметтік статус алуы мүмкін.
  • Қорғаныс қабілеті жөнінен 50 орындамыз 03 Мамыр 9:01 ЖаҺанда әр елдің әскери қуатын өлшейтін түрлі ұйымдар мен мекемелер бар. Солар көбіне қандай да бір елдің қорғаныс қабілетіне байланысты баға беріп жатады. Сондай ұйымдардың бірі Global FirePower ұйымы жыл сайын рейтинг жариялап тұратыны бар. Сол рейтингте Қазақстан биыл 50 орынға тұрақтапты.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика