Басты

Адами капитал

Біздің күш-қуатымыз – бақытты адамдарда!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Қазақстандықтар қай салада көбірек тер төгіп жүр 21 Тамыз 19:18
ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше қазақстандықтардың 16,1%-ы сауда саласында жұмыс істейді. Ал, ауыл шаруашылығында – 1 млн 221 мың адам, білім беру жүйесінде – 1 млн 102 мың және өндірісте – 1 млн 100 мың адам қызмет қылады.

  • Қазақстандағы зейнетақы жүйесі қалай өзгереді? 19 Тамыз 14:30 2019 жылдың тамызына дейінгі көрсеткіш бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 триллион теңгені құрапты. Сөйтіп оның өсімі 8 пайызға артқан. Сондай-ақ, биылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшарының салымы 8 миллион теңгеден асқан жағдайда жеке басқарушыларға кетуге рұқсат етіледі. Зейнетақы төлемдерін тағайындау барысындағы «Бір терезе» қағидаты, жинақтарын қандай да бір себеппен ала аламаған азаматтар үшін салымдарын алу жолдары туралы төмендегі материалда.
  • Педагогтардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыру қажет 16 Тамыз 16:04
  • Ұстаздар Президенттің бастамаларын толық қолдайды-пікірлер 16 Тамыз 15:46 Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан бастамаларды мұғалімдер қауымы қолдайды. Бұл туралы конференцияға өңірлерден қатысқан мұғалімдер өз пікірлерінде айтты.
  • Қ.Тоқаев Тамыз конференциясында бірқатар тапсырмаларды жүктеді 16 Тамыз 12:16 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жаңа оқу жылы қарсаңында Тамыз конференциясы өтті. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам ұстаз келді. Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыланып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды. Айта кетейік, осы уақытқа дейін Тамыз конференциясы шеңберінде 7-15 тамыз аралығында тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды. Тамыз конференциясында айтылған ұсыныстар мен Президенттің тапсырмаларын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Латын графикасына көшуде педагогтардың дайындығы кезең-кезеңімен өтеді 16 Тамыз 9:37 Б.Сүлейменов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысатын Қазақстанның педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясының ғылым мен білім саласын дамытудағы рөлі, латын графикасына педагогтардың дайындығы туралы айтты.
  • Тамыз кеңесі - педагог қызметкерлерінің түйіткілді мәселелерін шешуге ұйытқы болады – сарапшы 15 Тамыз 16:32 Ертең Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Тамыз конференциясы «Жекеменшік білім бер ұйымдарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрайымы Роза Садықова, Қазақстандағы салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева қызметкерлерінің түйіткілді мәселелерін шешуге ұйытқы болады деп есептейді.
  • Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту қалай жүзеге асырылуда 15 Тамыз 15:57 Қазақстанда халықтың жаппай спортпен шұғылдануы үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту аса қажет. Қазір елде 38,6 мың спорт нысаны бар. Оның 27,5 мыңы білім нысандарына, 11,1 мыңы дене шынықтыру мен спорт нысандарына жатады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ел бойынша 100 дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салу қажет деген тапсырма берген болатын.
  • МСҚ 2020 жылы көрсетілетін медициналық қызметтерді сатып алуға дайын 14 Тамыз 18:24 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының инфрақұрылымдары 2020 жылы халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алуға толығымен дайын. Қор медициналық сақтандыру саласындағы озық тәжірибелерді қолданысқа енгізіп, жүйені дамыту жұмыстарын алдағы уақытта да тоқтатпайды. Бұл туралы оңтүстік астанада медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.
  • JOB FAIR- 2019: Шетелде білім алған мамандарға сұраныс қандай 14 Тамыз 14:02 ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «JOB FAIR- 2019» бос орындар жәрмеңкесі өтті. «JOB FAIR-2019» – бұл, жұмыс берушілер мен ізденушілердің кездесетін тиімді алаңы. Іс-шараға 80-нен астам жұмыс беруші қатысты, олар таныстырылымдар мен воркшоптар және де шеберлік класстарын жүргізді.
  • Жаңа оқу жылына дайындық ойдағыдай – А.Аймағамбетов 13 Тамыз 11:52 Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.Осы жерде ең маңызды бағыттар: оқулықтармен қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарын жүргізу, білім беру нысандарын пайдалануға беру, балаларды тасымалдау мен тамақтандыруды ұйымдастыру. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика