Басты

Басқару

Біздің күш-қуатымыз – әділ басқаруда !

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

  • Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалады – Н.Назарбаев 30 Тамыз 10:09 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасы Лассина Зербомен кездесті 29 Тамыз 15:11 Қазақстан Президенті Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Біз конституциялық құрылым ісіндегі ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз - Н.Назарбаев 29 Тамыз 15:02 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Конституцияның әлеуеті Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына кіріуіне ұзақ жылдар қызмет етеді– Н.Назарбаев 28 Тамыз 13:54 Негізгі Заңның мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Конституциясына Жаңа Түсініктеме бойынша тұсаукесері өтті. Аталмыш рәсім «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» халықаралық конференциясы барысында жүзеге асырылды. Сондай-ақ, конференция аясында «Үздік жас заңгер - 2018» конкурсының және конституциялық құндылықтар мәселелері бойынша конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет – Н.Назарбаев 27 Тамыз 15:04 Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Түркменбашы саммиті: 50 жылда Аралдың аумағы 9 есе кеміп, суы 30 есе азайған 25 Тамыз 11:32 Түркмен астанасында өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттерінің басшылары саммит соңында БАҚ өкілдерімен кездесті. Осы жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпы жиынның өткізілуіне жоғары баға беріп, Аралға араша түсу шараларына күш салуға шақырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасы Атырауда кеңес өткізді 24 Тамыз 9:33 Нұрсұлтан Назарбаев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Студенттер үйіне барды. Мемлекет басшысы «ҚазТрансОйл» компаниясы «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру барысында Атырау мемлекеттік университетіне сыйға тартқан жаңа Студенттер үйінің ғимаратымен танысты. Іле-шала аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам маман даярланған 23 Тамыз 19:37 Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен шетелдерде білікті кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Мемлекеттік хатшы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық адами капиталдың сапасы әлемдік экономика өсімінің басты факторына айналып отыр. Жаңа заман адамдарының дайындық деңгейі – ұлттық экономика мен мемлекет дамуының шешуші ресурсы» деген сөзінің өзектілігіне назар аударды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды 23 Тамыз 17:02 Мемлекет басшысы Атырау қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнында болып, жаңа технологиялардың қолданылу барысымен танысты. Шолу Ақорданың баспасөз қызметінің ақпараттары негізінде жазылды.
  • Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады 22 Тамыз 16:32 Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ливан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жискар Әл-Хури, Украинаның Төтенше және өкілетті елшісі Иван Кулеба, Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Марсия Доннер Абреу, Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Имтиаз Ахмад Кази сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика