Басты

Халықаралық интеграция

Біздің күш-қуатымыз – сындарлы интеграцияда!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

  • Парламентшілер ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысып жатыр 09 Шілде 16:39 Қазақстан Парламентінің делегациясы 7-11 шілде аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Берлиндегі жыл сайынғы 27-ші сессиясына қатысып жатыр. Қазақстандық делегация құрамына Сенат депутаттары Төлеубек Мұқашев, Дулат Құсдәулетов, Михаил Бортник, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова мен Құралай Қаракен енген болатын. Сенаторлардың атқарып жатқан өзге жұмыстары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Азияның медиа диалогы: Халықаралық медиа әлемнің салалық шаралары Астанада 09 Шілде 14:22 Астананың мерейтойына арналған «Азияның медиа диалогы» халықаралық медиа әлемінің салалық шаралары өтеді. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталмыш Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100 аса өкілі қатысатынын айтты. Тұңғыш рет өткізілгелі отырған шара туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан елшілері әлем елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда 05 Шілде 9:49 Қазақстанның елшілері Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Айгүл Құспан Бельгия Королі Филиппке сенім грамоталарын табыс етсе, Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилиге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл марапат елдер арасындағы ынтымақтастық пен сенімді арттыра түсетіні анық.
  • Н.Назарбаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері елдер арасындағы ынтымақтастықты талқылады 05 Шілде 8:39 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасының туған күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтаулар келіп түсті 04 Шілде 14:41 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттері басшыларының құттықтаулары келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Astana Finance Days: Қаржы саласының басты шарасында жүзеге асқан келісімдер 04 Шілде 10:25 Қаржы саласының биылғы жаздағы басты оқиғасы - Astana Finance Days-2018 іс-шарасы аясында бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойылды. «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты ертең өтеді. Ал қаржы күндері аясында түзілген меморандумдар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Global Silk Road: Жібек жолы елдері қалалары мэрлерінің форумы қалай өтті 04 Шілде 9:49 Астанада Global Silk Road Жібек жолы елдері қаласының мэрлері форумы өтті. Іс-шараға 60 елден 3000 астам қатысушы тіркелді, оның 73-і Жібек жолы қаласының мэрлері, 30 саяси лидер, 200 ірі сауда-өнеркәсіп палатасы мен әлемнің трансұлттық компаниясы, 150-ден астам спикер мен модераторлар қатысты. Екі күнге созылған форум аясында бірқатар келісімдер жүзеге асырылды.
  • Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы: нақты жоспарлар мен жобалар белгіленді 29 Маусым 12:49 Қазақстан мен Германия Үкіметтері ҚР-дағы неміс этносын қолдау жөніндегі нақты жоспарлар мен жобаларды белгіледі. Күн тәртібінде «Возрождение» қазақстандық неміс бірлестігі» қоғамдық қорын және Қазақстандық неміс жастары одағын қолдау, сондай-ақ олардың Германиядағы серіктес ұйымдармен өзара әрекеттесу мен қазақстандық оқу орындарында неміс тілін дамыту мәселелері талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • АӨСШК –нің негізгі басымдығы Азия мемлекеттері арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту – Г.Әбдіқалықова 28 Маусым 11:43 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше елдердің ұлттық-мәдени орталықтарының «Астанаға ыстық ықыласпен» атты азаматтық форумына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады 22 Маусым 12:53 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Параққа өту:
Яндекс.Метрика