Инвестициялар

АХҚО биржасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы нарық капиталын кеңейтеді

АХҚО биржасы Keler ССР және кеlеr CSD AIX мүшелеріне клиринг пен акциялар бойынша есеп айырысу үшін пост-трейдингтік қызметтердің толық жиынтығын ұсыну үшін таңдалғанын хабарлайды. KELER CSD бағалы қағаздардың орталық депозитарийі және қаржы мекемесі, ал KELER ССР - лицензияланған орталық контрагент болып табылады. Екі ұйымның да 25 жылдық тәжірибесі бар, олар Орталық және Шығыс еуропа өңіріндегі 10 нарыққа тікелей байланыс пен біріздендірілген қызметтерді қамтамасыз етеді. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы15 Наурыз , 15:40

Атап өтсек, КELER Group ұсынатын пост-трейдингтік қызметтерді Еуропалық Одақтың жетекші реттеуші мекемелері, соның ішінде Еуропалық  бағалы қағаздар және нарықтар басқармасы  мен Magyar Nemzeti Bank  мойындаған. KELER Group Еуропа нарығының инфрақұрылымын реттеуді және бағалы қағаздардың орталық депозитарийін реттеуді қоса алғанда, Венгрия мен ЕО заңнамасы шеңберінде жұмыс істейді.

«Біздің KELER Group-пен ынтымақтастығымыз жаһандық брокерлер мен инвестициялық қорлар үшін AIX-ке оңай қолжетімділікті және шағымдарды азайтуды қамтамасыз етеді. Негізгі артықшылықтар сатушыдан сатып алушыға немесе керісінше жағдайда міндеттемелерді орталықтандырып беруді қамтиды, бұл тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ клирингтің ортақ қатысушылары мен жоғарғы деңгейдегі депозитарийлерге қолжетімділікті қамтиды. Бұдан басқа, түпкілікті есеп айырысулар EO юрисдикциясы шеңберінде жүргізілетін болады, бұл қосымша кепілдемелерді қамтамасыз етеді, бұл орайда инвесторлардың бағалы қағаздары бұрынғыдай АІХ CSD-де тіркелетін болады», - деп түсіндірді AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннет.

AIX Басқарма Төрағасы Тим Беннет Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екенін атап өтті.

«Жаңа Зеландияда   нарық капиталы жеткілікті деңгейде дамымаған, бірақ экономикалық өсіміне қарағанда осы жұмысты, яғни нарық капиталынының  құрылуына екі елде де қатыстым. Капитал нарығы экономикалық өсімнің бастаушысы болып табылады. Егер, сіз өскіңіз келсе, капитал қажет. Ол капиталды банктен аласыз ба? мәселе сонда.  Көптеген мемлекеттерде нарық капиталы арқылы қаржы алуға болады. Яғни, инвестиция тартуға болады. Өйткені, нарықтары жеткілікті деңгейде дамыған. Бизнес осы арқылы қарқынды түрде өседі және экономикалық өсімге өзінің үлесін қосады. Жаңа Зеландияда еңбек нарығы жеткілікті деңгейде дамымаған болатын. Сондықтан да, Австралиямен бәсекелесу өте күрделі болды», - деді Тим Беннетт.

Оның айтуынша,   Қазақстанның  капитал нарығы да соншалықты  дамымаған.

« Осы проблеманы біз АХҚО биржасы арқылы шешу көздеп отырмыз. Біздің биржаның қызметі капитал нарығын дамыту, осы арқылы бизнестің дамуына мүмкіндік жасау. Бизнесті дамытатын болсақ, ол жұмыс орындарының ашылуына да ықпал етеді. Капитал нарығы жұмыс жасау үшін әрі қарай ұлттық база мен реттеуді дамыту қажет. Капитал нарығы тікелей емес, жанама инвестицияларды тартумен айналысады. Капитал нарығы компанияларға қаржы салуға мүмкіндік береді. Қордың тағы бір мүмкіндігі бар.  Мәселен,  инвесторлар өзіндік құқықтық базаны қажет етеді. АХҚО биржасының соты осындай құқықтық базаны реттеуді беріп отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, ол АХҚО биржасы нарық капитлын кеңейтіп, тереңдетуді көздеп отырғанын жеткізді.

«Тікелей қаржы саласы мен капитал нарығын дамыту да көзделіп отыр. Бөлшек саудаға қатысты да жұмысты дамыту көзделген. Сондай-ақ, біз  Қазақстан мен Орталық Азиядағы нарық капиталын кеңейтуді көздеп отырмыз. Жергілікті және әлемдік делдалдарды ынталандыру үшін белсенді жұмыс жасау қажет. Осы арқылы акционерлік капиталдар нарығын жасай аламыз. Бизнесте өзін инвестициялау үшін көп мүмкіндіктер туады. Оның нәжиесі  Қазақстанның экономикалық өсімін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға  мүмкіндік береді», - деді ол.

Атап өтсек, АІХ-те аталған уақыт аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құнды қағаздарын сату көлемі 15,9 млн АҚШ долларына жуық.

Жай акцияларды сату көлемі 5,4 млрд теңгені, ғаламдық депозитарлық қолхат - 1,7 млн АҚШ долларын (130 142 ҒДқ) құрады.

Қазатомөнеркәсіпке тиесілі ғДҚ мен акциялар бойынша сауда-саттықтың айлық орташа көлемі 4 млн АҚШ долларына жуық.

Бұл ретте айналым ақпан айында акциялар бойынша 50%, ал ғДқ бойынша 95%  құрады. Бұл шекаралық нарық үшін жоғары көрсеткіш болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» құнды қағаздары бойынша сауда айналымының 66%  бөлшек сауда инвесторлары қамтамасыз етеді.

Айта кетейік,  «Астана» халықаралық биржасы 2017 жылы "Астана" халықаралық қаржы орталығын   дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы саудасын ашты. АХҚО, Goldmansachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы қоры және сондай-ақ, АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады.

Аягөз Құрмаш 

Оқи отырыңыздар:

Цифрлық Қазақстан: Адам ба, әлде, робот па?

Индустрия 4.0: Қазақстандық компаниялар әлемдік цифрландыру трендтерін енгізеді

Жастар жылы: Маңғыстау облысы жылды қалай өткізеді

 

 




Яндекс.Метрика