Шолу

Мәжіліс мінбері: Қазақстандағы қорғаныс және өнеркәсіп кешенінің дамуы

Бүгін Мәжілісте өткен үкіметтік сағатта Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жаңалықтар мен жоспарларды және алда өтетін KADEX-2018к көрмесі туралы айтып берді. Толығырақ, Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы14 Мамыр , 12:36

Елбасы 7 мамырда Отарда әскери парадта сөз сөйлеген кезде «бүгін Қазақстан әскері ел тәуелсізідігін қорғауда нық тұр. Егемендік алған сәттен бастап Қазақстан бейбіт сүйгіш саясатты жүргізіп келеді, алайда қазіргі жағдайлар бізге әрқашан кез келген жағдайға дайын болу қажеттілігін талап ететінін айтқан болатын.

Осыған байланысты Жоғарғы Бас Қолбасшы  министрлік  заманға сай, мобильді, жоғары кәсіби әскерді құру міндетін құрды. Және бұнда ерекше рольді өзін-өзі қамтамасыз етуге қауқарлы және технологиялық тұрғыда дамыған қорғаныс өнеркәсібі атқаратын болады.

Осы орайда Бейбіт Атамқұлов   қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің тарихына тоқталды.

«Кеңес уақытында Қазақстан аумағында ірі әскери-өнеркәсіп өндірісі жұмыс істеді. 50-ге жуық қорғаныс мақсатындағы кәсіпорын болды.Бұл зауыттар жауынгерлік жаяу әскер машиналарына артиллериялық жүйелерге қызмет көрсетті, атыс қаруы, ВМС-қа арналған жабдық, торпедалар және тұңғиық авиация-кеме миналары, тактикалық тікұшақтарға арналған ұшыру қондырғылары, жағалау қорғанысының тікұшақ кешендері,  қанатты тікұшақтарға арналған борттық аппаратура, суасты қайықтарын басқару жүйелері өндірілді», - деді  министр.

Қорғаныс өнеркәсіп кешені әлеуетін сақтау үшін, қиын 90-шы жылдары Қорғаныс өнеркәсібі комитеті құрылған (1994 жыл), ол түрлі 3 министрліктің құрамында болған

«Бұл дағдарыс жағдайларында, өндіріс көлемі қысқарған және қаржы қаражаты болмаған кезеңдерде қорғаныс кәсіпорындарының негізін сақтап қалуға мүмкіндік берді.Бүгінгі күні, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені – бұл  9 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз ететін 40 кәсіпорынды қамтыған ғылымды қажетсінетін жүйе», - дейд Б.Атамқұлов.

Министр айтып өткендей,  бүкіл ОПК-ның ядросы 2003 жылы құрылған «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы болып табылады, онда 20-дан астам машина жасау кәсіпорындары біріктірілген.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2016 жылы (2016 жылғы        6 қазандағы №350) Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылған.

«Біздің алдымызда Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қажетті қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету міндеті тұр.Осы міндетті шешу мақсатында министрлік отандық өнеркәсіпті ынталандыру және қазақстандық қамту деңгейін ұлғайту саясатын  жүргізуде.Соңғы жылдар ішінде саланы дамуында айтарлықтай ұмтылыс жасалды.Бізге дейін осы функцияны атқарған органдар үлкен жұмыс жүргізді.Технологиялар трансферті қамтамасыз етілген бірқатар бірлескен өндірістер құрылды және жемісті жұмыс істеуде», - деді Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Атамқұлов айтқандай,  бұның сәтті үлгісі электронды-оптикалық аспаптар өндіретін «Қазақстан Аселсан инжиниринг» орталығы болып табылады.

«2014 жылы іске қосылған кәсіпорын  25 млрд. теңгеден астам сомаға 12 мың бірліктен астам өнім өндірді және Қазақстан Республикасының түрлі күштік ведомстволарына жеткізді және тұрақты әзірлікте болатын бөлімдердің түнгі көру аспаптарымен іс жүзінде толық жарақталуына қол жеткізуге мүмкіндік берді. Өткен жылы компания алғашқы экспорттық жеткізілімдерін жүзеге асырды», - деді ол.

Сондай-ақ,  2016 жылы іске қосылған авиация техникасын құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі Авиациялық-техникалық орталық  базасында 10 майдан ұшақтарына және 4 әскери-көлік авиациясы ұшақтарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, бұл жұмыстардың  30% көлемін тікелей орталық орындайды.

«Бұл шаралар авиация техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету процестерін локализациялау есебінен қазақстандық қамтуды одан әрі ұлғайтуға және жыл сайын шетелге жіберілетін қаражаттың елеулі бөлігін Қазақстанда қалдыруға, жұмыс орындарын құруға, отандық авиация өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді.2011 жылы құрылған «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» қызметтер экспортына шықты (ЕС-145 тікұшақтарына техникалық қызмет көрсету, ұшу-техникалық персоналын оқыту) және Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар Жақын шетелдегі тікұшақтарға қызмет көрсетеді», - деді Б.Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні кірістің 50%ға жуығын қызметтер экспорты құрайды және компания аймақтық сервистік орталықтың жаңа дейгейіне шығуда.«Тыныс» зауыты шабуылшы авиацияға арналған  48 бұйым түрін шығаруды игерді және экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асырады, сондай-ақ тұрақты оң өсім динамикасына ие.

«Жоғарғы Бас қолбасшы әуеге қарсы қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырған. Бүгінгі күні  ПВО жүйесі – мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі шарты. Қазіргі уақытқа дейін ПВО құралдарына деген қажеттіліктер іс жүзінде отандық кәсіпорын – Гранит СКТБ-ның өндірістік қуаттылықтарымен өтеліп отыр.Өткен жылы осы кәсіпорында  барлық ПВО жүйелерін жөндеу және сервистік қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық іске қосылды.Биылғы жылы зенитті-тікұшақ техникасын күрделі жөндеудің толық циклын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», - деді Б.Атамқұлов.  

Өз мүмкіндіктері бойынша ескі үлгідегі радиолокациялық аналогтық станцияларды алмастыратын және тактика-техникалық және эргономиялық сипаттамалары бойынша артықшылықтары бар заманауи үш координаталы РЛС өндірісі игерілді.

Шетелдік серіктестермен бірлесіп 12,7 мм атыс қаруының перспективті үлгісін (антиматериалдық винтовка) әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары бірінің базасында автоматтарды қаруландыруды көздейтін жаңғырту мүмкіндігі айқындалуда. Сонымен қатар жеңіл атыс қаруы (тапаншалар, автоматтар, пулеметтер) өндірісін ұйымдастыру мәселесі зерделенуде.

Жалпы алғанда, статистика көрсетіп отырғандай, өткен жылы біздің кәсіпорындарымыз жақсы жұмыс істеді. Нәтижесінде – қорғаныс өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2016 жыл деңгейіне 80 млрд. теңгеге дейін 14%-ға артты.

«Экспорт 16 млрд. теңгеге дейін 2 есеге ұлғайды.Жұмыс істеген уақыт ішінде Министрліктің күш-жігері саланы үдемелі дамыту үшін институционалдық және жүйелік жағдайлар жасауға бағытталды.2030 жылға дейін ҚК-ны қайта қаруландыру және ҚӨК-ті дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жақын жылдары біздің алдымызда экспорттық әлеуеті бар өнімнің перспективалы түрлерін шығаруға  басты назар аудара отырып, 9 кәсіпорында технологиялық жаңғырту жүргізу міндеті тұр», - деді Б.Атамқұлов.

Сол себептен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ОПК дамыту қоры құрылуда. Биылғы жылдан бастап Қор кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді механизмі ретінде жұмыс істей бастауы тиіс.

«Бұдан басқа, бізде жаңғырту объектілері ретінде қолдануға болатын, пайдаланылмай тұрған қару-жарақтың айтарлықтай мөлшері бар. Ғылыми тәсілсіз саланы дамыту мүмкін емес.Мемлекетке ұлттық ОПК-ның жалпы құрылымын өзгертуге және Қазақстанның өнеркәсіптік дамуында жаңа тренд қалыптастыруға қабілетті серпінді технологиялық жобалар қажет», - деді Б.Атамқұлов.

Ол атап өткендей,  отандық өнеркәсіпті ынталандыру саясаты біздің басым бағыттарымыз болып табылады.

«Біз бүгін тікелей жүктемеден ауысып, бюджетке шығуымыз қажет, табыстың жоғары деңгейіне жетуіміз, өз активтерімізді диверсификациялау және азаматтық сектормен қарым-қатынасты дамытуымыз қажет.   Сыртқы нарықтарда белсенді бәсекелестікке ие болуымыз қажет.Сервистік қызметтердің толық спекторын меңгеру қажет», - деді министр.

Ол айтып өткендей, бір мемлекеттік органда маңызды салаларды біріктіру, әлемдік экономиканы және геосаясатты дамытудың және синергияның арқасында заманауи трендіне сәйкес келеді, елдің егемендігі мен қорғанысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

«Бұның бәрі Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық даналығы мен көрегендігінің тағы бір көрінісі.Біздің алдымызда ауқымды және кешенді міндеттер тұр. Елбасының тапсырмаларын орындау – осылардың негізі болып табылады», - деді Б.Атамқұлов.

Сонымен қатар, министр 2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында өткізілетін «KADEX-2018» бесінші халықаралық қару-жарақ пен әскери мүлік көрмесіне   жеке тоқталып  өтті.

«Бұл Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілетін алғашқы көрме.«KADEX» қару-жарақ, әскери және арнайы техниканы көрсетуге арналған әлемдік жетекші көрме алаңы болып табылады.Осы жылы қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды көрсетуге ғана емес, аэроғарыш және ақпараттық қауіпсіздік технологияларына да аса мән берілетін болады», - дейді министр.

Іс-шара келешекте Қазақстанның шетелдік серіктестерімен әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық ҚӨК және аэроғарыш өнімдерін экспортқа шығаруға жаңа мүмкіндіктерді бекітуге арналған.  

Сондай-ақ,  көрмеге шет елден 24 министр және оларға теңестірілген тұлғалардың, 28 елден келетін 318 компанияның қатысуы, шетелдік серіктестермен 52 құжатқа қол қою күтілуде.

Сонымен қатар,  «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ өрт сөндіру автошанаштарының күрделі жөндеуі мен жаңғыртуына, әскери техниканы жаңғыртуға және өндіруге, автокөлік және шынжыр табан техниканың күрделі жөндеуіне маманданған.

Кәсіпорын көп салалы өндірістік базасы, жоғары сапалы қызмет көрсету және өнім шығару үшін жоғары білікті мамандары бар, әскери техниканы жөндеу және қызмет көрсету саласында көпжылдық тәжірибеге ие.

Бейбіт Атамқұлов барша әріптестерін аталмыш көрмеге қатысуға шақырды.

Өз кезегінде     депутаттар  Қазақстандық қамтуды ұлғайтып, импорт тауарларының санын артуды    ұсынды.  

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика