Парламент

Мәжіліс депутаттары аймақтарда атқарылған жұмыстармен танысты

Мәжілістің бір топ депутаты Алматы және Қарағанды облыстарының тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірдегі жұртшылыққа депутаттар Мәжілісте заң шығару қызметі туралы, оның ішінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қабылданған заңдар туралы, әлеуметтік маңызды қадамдар туралы жан-жақты баяндады.
Нұр-Сұлтан04 Мамыр , 15:24

Мәжіліс депутаттары Алматыда Қазақ Ұлттық Аграрлық университеттері студенттерімен кездесті.

Мәжіліс депутаттары Зағипа Балиева, Амангелді Дәуренбаев, Бахтияр Мәкен еліміздегі ең іргелі оқу орнының бірі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде профессорлық-оқытушылық құрамы мен жастар ұйымдары өкілдерімен кездесті.

««Nur Otan» партиясының ХІХ Сьезінде Елбасы әлеуметтік саланы дамытудың кешенді үш бағытын белгіледі, оның ішін тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарды қолдау, табысы аз азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізу мәселесін шешу және білім мен денсаулық салаларын жақсарту,өңірлерді кешенді дамыту мәселелері аса өзекті. Осы бағытта көптеген нақты шаралар қолға алынып жатыр. Осы орайда, «Nur Otan» еліміздің жетекші саяси партиясы ретінде алға қойылған барлық міндеттердің орындалуын ұйымдастырумен қатар, олардың сапасына да тұрақты түрде бақылау жүргізеді», - деп атап өтті З. Бәлиева.

 Сондай-ақ, депутаттар Қазақ ұлт­тық аграрлық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының пікірлерін тыңдап, еліміздің ауыл шаруашылығын жаң­ғырту мәселелерін талқылады.

 Осы орайда, депутат А. Дәуренбаев алтыс бесік ауылды өркендетудің өзекті сұрақтарын алға тарта келіп, заман ағымына сай елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтудың маңыздылығына назар аударды. Кездесу барысында өзара сұрақ-жауаптарға кезек беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов, Марат Бопазов пен Жанат Жарасов Текелі ЖЭО-ның еңбек ұжымымен кездесті.

Кәсіпорында 231 адам жұмыс істейді. Негізгі қызметі - электр және жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру, тарату және жеткізу.

Кездесудің басты мақсаты – Парламент Мәжілісінің бірінші тоқсанында атқарылған жұмысының қорытындысымен таныстыру және «Nur Otan» партиясының ХVIII съезінің қорытындысы, партияның «Бақуатты қоғам: он жылдыққа он мақсат» бағдарламасын халыққа жеткізу.

Қатысушылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, білім беру мен денсаулық сақтау салалары туралы пікір алмасты.

«Халықпен кездесуде бірінші кезекте, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылу барысына, оның ішінде, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Біз осы бағытта қабылданған заңнамалық түзетулер, сондай-ақ, жалпы заң шығарушылық жұмыстар жөнінде баяндадық», - деп мәлімдеді депутат Ерсұлтан Бектұрғанов.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Марат Бопазов  бүгінгі күні маңызды мәселе – еңбекақының жоғарылауы екенін атап өтті.

«Біз қызметкерлердің әлеуметтік салаға қатысты ойларын тыңдадық. Бүгінгі күні маңызды мәселе – еңбекақының жоғарылауы, Елбасының партия мүшелерінің алдына қойған маңызды міндет – халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру, мемлекеттік қызмет пен бизнестің қолжетімділігін арттыру мәселесі айтылды», - деді М.Бопазов.

Әңгіме барысында сәуір айында кәсіпорын «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы ана Назгүл Қожакееваға 4 бөлмелі үй сыйлағаны туралы атап өтілді.

Сонымен қатар,  Мәжіліс депутаттары Майра Айсина мен Мейрам Пішембаев Қарағанды облысы Шет ауданында жұмыссыз әйелдермен кездесіп, жеке және отбасылық кәсіпті ұйымдастыру, заманауи талаптарды меңгеруге бағытталған арнайы семинар өткізді.

Халық қалаулылары көп балалы аналармен де жүздесіп, Майра Айсина еңбекпен қамту және Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен тілдесті.

 Сонымен бірге, «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асырылған «Бақ» әлеуметтік дүкеніне барды. «Ақтілеу» қайырымдылық қорының қолдауы бойынша Шет ауданы әкімінің бастамасымен ашылған дүкеннен әрбір мұқтаж отбасы тиесілі мөлшерде азық-түлік пен заттай көмек алу мүмкіндігі бар.

Дүкен тынысыман танысқан Мәжіліс депутаттары осы жерде Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бастамалар жөнінде және оларды заң жағынан қолдау үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Алдағы уақытта мұндай әлеуметтік тегін дүкендер Ақадыр, Ақжал, Мойынты және С. Сейфуллин атындағы кентте ашылады деп күтілуде.

Осы күні сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары «Құтты мекен» жобасының орындалу барысымен танысты. Депутаттар атап өткендей, азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде мемлекет тарапынан тұрғын-үй құрлысы үшін қомақты қаражат қарастырылған.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 




Яндекс.Метрика