Инвестициялар

Қазатомөнеркәсіп ІРО-ға шығады

Қазатомөнеркәсіп 31 қазанда 1 ҒДҚ немесе 1 акция үшін 11,6-15,4 доллар көлеміндегі баға диапазонын жариялады, бұл компанияның акционерлік капитал құны 3,0-4,0 миллион доллар диапазонында екенін аңғартады. Қазақстанның АІХ-дағы ұсынымдар аясында 2018 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми айырбас курсын ескере отырып, 1 акция үшін теңгедегі түпкілікті баға 1 ҒДҚ үшін доллардағы түпкілікті бағаны көрсететін болады.
Астана қаласы07 Қараша , 18:20

Компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – компанияның шығарылған акцияларының жалпы санының 15 пайызын сатып алуды ұсынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бағалы қағаздардың жиынтық ұсынымының кемінде 20 пайызы Қазақстанда ұсынылуы тиіс. «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Астана» халықаралық биржасындағы (АІХ) ережелер мен қағидаларға сәйкес жай акциялар да, ғаламдық депозиттік қолхаттар (ҒДҚ) да ұсынылатын болады.

Үкіметтің шешімі бойынша шығарылған акциялардың жалпы санының 25 пайызына дейін сатуға рұқсат берілді. Осылайша, Самұрық-Қазына банктермен – Халықаралық ұсынымның үйлестірушілерімен (Credit Suisse Securities Limited и J.P. Morgan Securities plc) кеңескеннен кейін осы опционды пайдалану және орналастыру көлемін ұсынылатын бағалы қағаздардың ең көп санына дейін ұлғайта алады.

ІРО-ны іске асыру нәтижесінде Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Үкіметі жариялаған жекешелендіру бағдарламасы аясында акциялары халықаралық нарыққа шығарылатын алғашқы компания болады. Жекешелендіру бағдарламасы еліміздің тиімді және бәсекеге қабілетті экономикасын қалыптастыруға бағытталған, және Ішкі Жаллпы Өнімдегі мемлекеттің үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіндегідей 15%-ға дейін төмендету туралы Үкіметтің көздеген мақсаттарымен сәйкес келеді.

Өтінім беру рәсімі туралы

АІХ-та тіркелген брокерлер компанияның бағалы қағаздарын сатып алуға өтінімді 2018 жылғы 12 қараша күні сағат 17.00-ге дейін қабылдайды.

Жекелеген әлеуетті инвесторлар бағалы қағазды сатып алуға өтінім беру тек АІХ-тағы саудаға қатысуға рұқсат берілген брокерлер арқылы ғана жүргізілетінін ескеруі тиіс.

Сондықтан әрі қарай АІХ биржасындағы ұсынымдар аясында компанияның бағалы қағаздарын сатып алуға өтінім беру мен ақы төлеу бойынша қажетті кеңес пен нұсқаулықтар бере алатын брокерді таңдаған дұрыс.

Егер әлеуетті инвестордың бұрын ашылған брокерлік есепшоты бар болса, инвестор сол брокерінің АІХ биржасына мүше екенін тексеріп барып, өз брокерінің нұсқаулығына сәйкес өтінім береді.

Брокерге өтінім берерде инвестор өзінің брокерлік есепшотына өтінім мөлшеріне балама соманы аударуы керек. Одан әрі брокер бұл өтінімді АІХ алаңына береді.

Акциялар мен ҒДҚ орналастырудың бағасы жөніндегі түпкілікті шешімді өтінімдер кітабы жабылар датаға (2018 жылғы 12 қараша) дейін келіп түскен барлық өтінімдерді жинаған соң ҚР Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қабылдайды. Орналастыру бағасы барлық инвесторлар үшін бірдей болады. Қазақстандағы АІХ-та ҒДҚ сатып алатын инвесторлар Лондон қор биржасында орналастырылған ҒДҚ бағасымен сатып алады, сол кездегі 1 акция бағасы 12 қарашадағы ресми айырбас курсы есебімен 1 ҒДҚ-ның теңгедегі баламасы болады.

 «Халықтық ІРО» мен Қазатомөнеркәсіптің ІРО-сының басты айырмашылығы:

Біріншіден, Қазатомөнеркәсіптің ІРО-сы жекешлендіру бағдарламасы аясында өтіп жатыр, мұнда «Халықтық ІРО»-дағыдан мүлде басқа мақсаттар қойылған. Жекешелендіру бағдарламасы Қазақстан экономикасын тиімді және бәсекеге қабілетті етіп қалыптастыруға бағытталған және ЖІӨ-дегі мемлекеттің үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін төмендету бойынша Үкімет мәлімдеген мақсаттарға сәйкес келеді. Дегенмен, Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры үшін мүмкіндігінше ең жоғары бағада өткізу үлкен маңызға ие, Лондон мен Астанадағы қосарлы листинг осыған негізделген. Бұл мақсатқа халықаралық қаржы нарығының көмегінсіз қол жеткізу мүмкін емес. «Халықтық ІРО»-дағы негізгі мақсат тұрғындардың қаржылық сауаттылығын және бағалы қағаздар нарығындағы белсенділігін арттыру болған еді.

Екіншіден, бұл «Халықтық ІРО» болмағандықтан, Қазақстан резиденттері болған жеке тұлғалардың басымдылығы жоқ. Алайда компанияның да, оның жалғыз акционері Самұрық-Қазынаның да Қазатомөнеркәсіп ІРО-сын өткізу барысында жекелеген қазақстандық инвесторларды дискриминациялау ниеті болған емес. Оған қоса, Қор бұл орналастыруға жеке тұлғалардың қатысуын қуана құптайды.

Осы мақсатта барлық инвесторлар үшін тең жағдай жасалған. Жергілікті ұсыным АХҚО биржасы – АІХ-тың жергілікті биржасында жүзеге асырылып жатыр. Қазақстандық инвесторларда инвестициялық шешім қабылдау үшін инвесторлар білуге тиіс барлық қажетті материалдармен танысу мүмкіндігі бар. Бұл материалдар Қазатомөнеркәсіп сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

Ескеретін жәйт, АХҚО-да бағалы қағаздардың жиынтық ұсынымының кемінде 20 пайызы ұсынылуы керек. Қазақстанда бұдан жоғары сұраныс болған жағдайда Самұрық-Қазына қоры сатушы акционер ретінде бағасы орналастырудың түпкілікті бағасына сәйкес келетін өтінімдер бойынша акциялар мен ҒДҚ бөліске салу туралы дербес шешім қабылдау құқына ие.

Үшіншіден, акциялардың баға белгілеу тәсілдемесі өзгерді. «Халықтық ІРО»-да орналастыру бағасын өтінімдер кітабы ашылғанға дейін Үкімет бекітетін – барлық инвесторлар күнібұрын бекітілген баға бойынша өтінім беретін. Қазатомөнеркәсіп ІРО-сын өткізудегі баға белгілеу қағидасы халықаралық қаржы нарығында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тәжірибеге сәйкес келеді.

Бұл қағиданың негізінде өтінімдер қабылдау басталуымен бір мезгілде жарияланған баға диапазоны (алдын ала анықталған баға емес) жатыр. Бұл диапазон 1 ҒДҚ немесе 1 акция үшін 11,6-15,4 доллар деңгейінде жарияланды және ол диапазонды жарияламастан бұрын Қазатомөнеркәсіп пен Самұрық-Қазына нарықтағы ірі институционалдық инвесторлардан жинаған алдын ала кері байланысты көрсетеді.

Бұл әрбір инвестор өтінім бере отырып, осы диапазон аясында бағалы қағазды сатып алуға дайын бағасын көрсететінін аңғартады. Барлық өтінімдерді (халықаралық және жергілікті) жинау қорытындысы бойынша Самұрық-Қазына жалпыға бірдей қандай кесімді бағада барынша тиімді орналастыруға қол жеткізетінін анықтайды. Егер өтінімдегі баға белгіленген кесімді бағадан төмен болса, инвестордың өтінімі қанағаттандырылмайды – инвестор акция алмайтынын ескеру қажет. Егер өтінімдегі баға кесімді бағадан жоғары болса, инвестор акцияны Самұрық-Қазына белгілеген баға бойынша алады.

Осылайша, инвестор ең жоғары баға диапазонында (15,4 доллар) өтінім бергенде өз өтінімдерінің сатушы тарапынан барынша толық қанағаттандыру ықтималдығына ие болады.

Шешуші даталар

12 қараша – АІХ-та брокерлер беретін өтінімдерді жинау аяқталады;

13 қараша – акция мен ҒДҚ түпкілікті бағасы белгіленеді, акциялар бойынша есептесу, АІХ-тағы акцияларға рұқсат беру;

14 қараша – акцияларды шартсыз қайталама сату мен ҒДҚ шартты қайталама сатудың басталуы;

16 қараша – ҒДҚ бойынша есептесу, АІХ-қа ҒДҚ жіберу;

19 қараша – ҒДҚ шартсыз қайталама сатудың басталуы.

ҒДҚ әлде акция?

ҒДҚ – үлесті құралдарды халықаралық ұсынымдар кезіндегі бастапқы құрал. Қазақстандық компаниялардың акциялары тек теңгеде деноминацияланған, ал ҒДҚ халықаралық инвесторлар үшін шетелдік валютада деноминациялау мәселесін шешуді көздейді. Басқаша айтқанда, халықаралық алаңда ҒДҚ листингтеудің өзі әдетте теңгесі жоқ және валюталық тәуекелге барғысы келмейтін, оның үстіне қазақстандық биржаларға қолы жетпейтін тек шетелдік инвесторлар жасалады.

Отандық инвесторлар тұрғысынан алғанда, ҒДҚ шетелдік валютада инвестиция салғысы келетіндер үшін қызықты болуы мүмкін. Инвестор кез келген сәтте акцияларын ҒДҚ-ға немесе керісінше конвертация жасауы мүмкін. Депозитария мен үшінші тұлғалардың ілеспе комиссиялары есебінен ҒДҚ иелік ету әдетте акцияға иелік етуге қарағанда инвесторға қымбатқа түседі.

Қазатомөнеркәсіптің инвестициялық тартымдылығының факторлары

Әлемдегі ірі уран өндіруші (нарықтағы үлесі 20 пайыз).

Әлемдегі ірі уран қорына ие.

Уран өндірудің әлемдегі ең төмен өзіндік құны.

Қоршаған ортаға кері ықпалы ең төмен.

Нарықтағы сарапшылардың көбі уран бағасының төмендеуінен гөрі өсуіне көбірек сенеді.

Қазатомөнеркәсіптің 2019 жылдан күшіне енетін дивиденттік саясаты табысты келесі тәртіпте бөлуді қарастырады: борыштық жүктеме коэффициентінің (компанияның таза берешегінің түзетілген EBITDA-ға қатынасы) ≤ 1.0x көлемінде кем дегенде 75% -ы және қарыз жүктемесінің 1,0х-нан 1,5 есеге артуы кезінде 50% -ден кем болмауы. Басқаша жағдайларда, ақшалай қаражаттардың еркін қозғалысының үлесі Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысымен анықталады.

Қандай да бір инвестициялық шешім қабылдамас бұрын инвесторлардың Эмиссия аңдатпасымен, соның ішіндегі Қазатомөнеркәсіппен, сондай-ақ оның акцияларына инвестиция салумен байланысты тәуекелдер баяндалған «Тәуекел факторлары» тарауымен танысып шыққаны абзал.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика