АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Қазақстандық фермерлерден Үкімет 2 млн тонна көлемінде астық сатып алады

Қазіргі уақытта бекітілген баға мен астық сұранысының азаюы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің шығындарын өтей алмай отыр. Осыған орай, Азық түлік келісім-шарт корпорациясы арқылы 3 классты бидайды 2 млн. тонна көлемінде сатып алу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ экспорттық келісімшарт бөлімінің директоры Нұржан Мұхамеджанов мәлімдеді.
Астана қаласы28 Желтоксан , 09:25

Биылғы жылы еліміздегі астық өндірісінің аздығына қарамастан бағаның төмендеуі мен сұраныстың азаюы орын алған. Спикерлер Ресей еліндегі астықтың рекордты көрсеткіште жиналуы Қазақстанның шекаралас аймақтарына арзан бағамен заңсыз түрде астық әкелінуі және астық тасымалдаушы вагондардың жетіспеушілігі аталған мәселеге себеп болғанын айтады.

«Осының бәрі астықтың ішкі нарығында сұраныстың төмендеуі мен бағаның түсуіне әсер етті. Қазіргі уақытта бекітілген баға ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің шығындарын өтей алмайды және көктемгі егістік жұмыстарын сапалы орындауға толықтай мүмкіндік бермейді»,-дейді «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ экспорттық келісімшарт бөлімінің директоры Нұржан Мұхамеджанов.

Бұл мәселенің үкімет отырысында талқыланып, фермерлерден 20-30 % көлемінде астық сатып алуға шешім қабылданған.

«Осыған орай, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық жағдайын қалпына келтіру мақсатында Азық түлік келісім-шарт корпорациясы арқылы 3 классты бидайды 2 млн. тонна көлемінде тоннасын ҚҚС қосқанда 42 000 теңгеге сатып алу туралы шешім қабылданды»,-деп толықтырды Нұржан Мұхамеджанов.

 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика