Экономика

Қазақстанда республикалық бюджет 101%-ға орындалды

Республикалық бюджет 101% және жергілікті бюджет 108% орындалды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің 2019 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан14 Тамыз , 09:31

М. Сұлтанғазиевтің ақпараты бойынша МКК құзыретінде мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар 103%-ға орындалды, өткен жылмен салыстырғанда 556 млрд. теңге  артық түсті немесе 115% орындалды.

«Республикалық бюджет 101% және жергілікті бюджет 108% орындалды. Шикізаттық емес секторыдан түсім 8% - ға артып, 2,9 трлн. тг., ШБС-нен 1,9 млрд. тг. дейін немесе 16,6% құрады.Бірінші жарты жылдықта МКК-де ЭТҚ бөлумен байланысты қайта ұйымдастыру және кадрлық іс-шаралар аяқталды», - деді ол.

Сонымен қатар, құрылымда экспорттық бақылау - жаңа бөлімше құрылды, ол өзінің тиімділігін көрсетуде. ЕАЭО елдерімен ҚҚС бойынша түсімдердің өсу қарқыны ай сайын артып отыр және шілде айының қорытындысы бойынша 128% құрады.

«Бүгінде МКК ұжымы жинақталған және міндеттерді орындауға тиетті.Ақпараттық жүйені дамыту жөніндегі барлық іс-шаралар тауарларды  қадағалау жүйесін құрумен және тексеруді тағайындау кезінде субъектіге бағытталған тәсілді әзірлеумен байланысты.Бірегей «ТБЖ» АЖ өндірістік пайдалануда қолданыла бастады, бұл жүйе ауқымды көлемде деректерді  өңдейді және деректерді интелектуалды талдауды жүргізеді. Тәуекел модулі әзірленуде. Бүгінде 14 жаңа тәуекел моделі іске асырылды, оның ішінде 11 салық бағытында және 3 кеден бағытында», - деді ол.

Ол атап өткендей,  қолда бар тәуекелдердің негізінде барлық ДК санаттау жүргізілді, 1 шілдеден бастап МКК порталында тәуекел дәрежесін беру туралы ақпаратқа қолжеткізуге болады.

«Жыл басынан бастап Электронды-шот фактураны міндетті түрде пайдалану енгізілді. Орындалған жұмыстың электронды актісі және Тауарға арналған ілеспе жүкқұжат (ТІЖ) модулі пысықталуда. Жарты жылдың қортындысы бойынша ІТТ-ға ҚҚС өсу қарқыны 140% құрады», - деді ол.

Сонымен қатар, «Астана-1» АЖ бойынша жұмыста елеулi жетiстiктер аталып өтуде. БҰҰ ЮНКТАД-пен одан әрi сүйемелдеу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік.

«Е-терезе бойынша - экспорт-импорт операциялары үшiн а.ж. наурыз айынан бастап бiрыңғай терезе iске қосылған.Осы портал кеден тазартуының алдында қажеттi құжаттарды алу үшiн арналған.Өнеркәсiптiк қолдануыға енгiзу 2019 жылдың соңына дейiн жоспарланған», - деді ол.

Сонымен қатар, М.Сұлтанғазиевтің айтуынша,  қазіргі уақытта өте көп сұрақтар шекарадан өтуге қатысты. Кедендік декларацийлардың тауар айналымы 100% көбейгендіктен тауар айналымы электрондық түрде рәсімделеді,  бiрақ шекараны өту процесі бұрын  қалай болса қалды.

«Осыған орай, кедендік инфрақұрылымды жақсартуға арналған жұмыс белсендірілді. Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы ӨП-нің қайта құрылуы басталды», - деді ол.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, ҚХР Кеден әкімшісімен ақпарат алмасу туралы уағдаластық әкімшілендіру үшін өте маңызды болып табылады.

«Бұл тауардың құнды және салмақты сипаттамасы туралы дұрыс мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Қазір техникалық шарттар келісуде, жылдың соңына дейін электрондық алмасу қалпына келтірілетін болады.Оқу орталығына БББЖ Бастамасының орыс тілде сөйлейтін елдері үшін өңірлік орталық мәртебесі берілді.Салықтық түсімдерді 2025 жылы ЖІӨ-ге 25% дейін ұлғайту және көлеңкелі экономиканы 2021 жылға ЖІӨ-де 40% қысқарту МКК алдына қойылған маңызды міндеттер болып табылады», - деді ол.

Сонымен қатар, жүйелі шараларды қолдану және салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің негізі болуы тиіс.

«Мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін барлық жұмыс көлеңкелі экономикаға қарсы күреске, бизнеске арналған тең бәсекеге қабілетті жағдайларды қамтамасыз етуге және халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметпен қанағаттануды арттыруға бағытталған, - деп атап өтті М.Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, бүгін, 14 тамыз күні мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнінен бастап 5 жыл толып отыр.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика