Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Түркия 1,7 млрд доллардың 24 коммерциялық құжатына қол қойды

Анкарада өткен Қазақстан–Түркия инвестициялық форумы аясында екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 24 коммерциялық келісімге қол қойылды.Түрік капиталының қатысуымен жобалар, әсіресе, ел экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталды. Бұдан өзге, олар 3000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
Астана қаласы14 Қыркүйек , 10:58

Қазақстан–Түркия инвестициялық форумын ашқан ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Мамин    бүгінде Түркия шетелдік қатысумен компаниялар саны бойынша екінші орынды иеленетінін жеткізді.

«Елімізде түрік компанияларының қатысуын кеңейту екі ел арасындағы капиталмен, үздік тәжірибемен және технологиялармен алмасуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі», — деп атап өтті  ол.

Қазақстан мен Түркия компаниялары жалпы сомасы шамамен $1,7 млрд болатын 24 коммерциялық құжатқа қол қойды. Құжаттар түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған. Сонымен, мысалы, Жамбыл облысында жалпы сомасы $270 млн болатын, 350 жұмыс орнын құра отырып, металлургия, химия және шыны өнеркәсіптерінде пайдаланылатын кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспарланған.

Kazakh Invest және Eksen Group қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес түрік инвесторлары Алматы қаласында құны $300 млн болатын жаңа Downtown Almaty қаржылық, әлеуметтік, бизнес-орталығын салуды жоспарлауда. Downtown Almaty-да бизнес орталықтар, JW Marriott қонақүйі мен апартаменттер орналастырылады.

Түркістан облысының әкімдігі және DAL Holding 700 жұмыс орнын құра отырып, құны $200 млн болатын жылыту кешенін салу жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Бүгінде Қазақстанда Yildizlar SSS Holding, DAL Holding, Zorlu Holding, Calik Holding, Oyak Holding, Enprode және т.б. секілді ірі түрік компанияларының қатысуымен жаңа ірі жобалар іске асырылып жатыр. Бұл қазақстандық экономика үшін басым салаларда жұмыс істейтін жаңа түрік ТҰК мүдделілігінің артқанын көрсетеді.

«Біз ірі түрік холдингтерінің қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейту трендін нығайту туралы айта аламыз. Егер бұдан бұрын түрік инвесторлары келген дәстүрлі салалар қонақ үй бизнесі, шағын және орта бизнес деңгейінде құрылыс материалдарын шығару болса, енді бүгін ірі түрік компаниялары ТКМК, ауыл шаруашылығы, агрохимия, металлургия, өңдеу өнеркәсібі және т.б. жаңа салаларды ашуда», — деді «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы С. Тұяқбаев.

YDA Holding басқарма төрағасы Х. Арслан түрік инвесторлары саяси тұрақтылық, қолайлы инвестициялық ахуал, Еуразия экономикалық одағы, Орталық Азия, Батыс Қытай нарықтарына ашылып жатқан жолдың арқасында өз өндірістерін кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Заңнаманы тұрақты жетілдіру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы секілді жаңа инвестиция салу тетіктерін енгізудің маңызы зор.

«Нұрлы жер», “Нұрлы жол” индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары аясында аса қызықты мүмкіндіктер ашылуда», — деген ойымен бөлісті Х. Арслан Форум аясында. Ол Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік органдарын, іскерлік орталарын, ұлттық және жеке компанияларды жақындату, өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізу және келіссөздер жүргізуге арналған диалогтық алаң деуге болады.

Айта кетейік,  Қазақстан–Түркия инвестициялық форумын Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Kazakh Invest ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, ТР энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатиx Донмез, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, сондай-ақ Қазақстан мен Түркияның 200-ден астам компанияларының өкілдері қатысты.

 




Яндекс.Метрика