Шолу

Қазақстан мен Францияның дипломатиялық қарым-қатынасы

Биыл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады. Аталмыш келісімге Елбасының 2008 жылы Францияға жасаған сапары барысында қол жеткізілді. Бүгін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэнің және Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Жерар Фриеспен кездесті. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қалай өрбігені туралы Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Астана қаласы26 Сәуір , 16:17

Жиында Франция елшісі Филипп Мартин  баяндамасын Қазақстанның  мемлекеттік тілінде  бастады.

«Құрметті Премьер-Министр мен министрлер және Франция-Қазақстан өнеркәсіптік палатасының президенті, біз 2017 жылы Франция мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өттік. Ал биыл Франция-Қазақстан өнеркәсіптік палатасына 2 жыл толуын және екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың 10 жылдығын атап өткелі отырмыз», - деді Филипп Мартинэ.

Кездесу барысында қос тарап ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, білім беру мен білікті кадрларды дайындау мәселелерін талқыға салды.

Сонымен қатар, елші ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездескенін, нәтижесінде қос елдің студенттері үшін арнайы бағдарлама жұмыс істейтінін алға тартты.

«Осыдан бір апта бұрын біз Сағадиев мырзамен «Абай-Верн» атты жаңа бағдарламаға қол қойдық. Осы жылдан бастап, аталған бағдарламағаның көмегіне 100 қазақстандық студент жүгіне алады. Осылайша Франция 2018 жылы Қазақстанмен байланысын нығайта түспек», - деді ол.

Филипп Мартинэнің айтуынша, француздық компаниялар отандық өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп жатыр.

Өз кезегінде ҚР Премьері Бақытжан Сағынтаев  көп   жылдар бойы Франция біздің досымыз әрі сенімді серіктестігіміз болғаны маңызды екенін  еске салды.

«Біз экономика, білім, ғылым, бизнес, туризм сынды бірқатар бағытта ынтымақтастықтамыз. Бүгін осы залда Қазақстанда жұмыс істейтін француз бизнесінің өкілдері отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Үкіметі сіздерді бағалайтындығын әрі барлық деңгейде қолдау көрсететіндігін атап өткім келеді», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Сондай-ақ,  ол Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі екендігін баса айтты. 

«Қазіргі таңда Қазақстанда франциялық капиталдың қатысуымен 140-қа жуық біріккен кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде Airbus, Alstom сынды ірі компаниялар бар. Біз франциялық бизнес Қазақстанда барынша өзін еркін сезінгенін қалаймыз және осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деді Бақытжан Сағынтаев франциялық кәсіпкерлерге.

Сондай-ақ, Премьер-министр қазіргі таңда Франция азаматтары Қазақстанға визасыз келе алатынын айта келе, екі елдің арасында тікелей әуе рейсі ашылғанын мәлім етті.

«Қазақстан өз дамуының өте қызықты әрі қарқынды кезеңінде тұр. Өткен жылы экономика өсімі 4%-ті құрап, өнеркәсіптің тұрақты өсімі тіркелді. Біз осы оң динамиканы сақтап, арттыруға ниеттіміз», - деді Үкімет басшысы.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қарым-қатынас  1992 жылғы 25 қаңтарда - дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

Ал , 1992 жылғы наурызда - Францияның Қазақстанда Елшілігі ашылды.1993 жылғы шілде - Қазақстанның Францияда Елшілігі ашылды.2017 жылғы қазаннан бастап - Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев.2017 жылдың қазан айынан бастап - Францияның Қазақстандағы Елшісі Филипп Мартинэ.

Саяси-қарым қатынастарына келетін болсақ,  Президент Н.Назарбаевтың Францияға ресми және жұмыс сапарлары 1992 ж., 1994 ж., 1995 ж. (екі рет), 1997 ж., 2003 ж., 2008 ж., 2010 ж., 2011 ж., 2012 ж. және 2015 ж. өтті.

Франция басшылығы Қазақстанға үш сапарларын өткізді, атап айтқанда Ф. Миттеран (1993 ж.), Н. Саркози (2009 ж.) және билікте тұрған Президент Ф. Олланд (2014 ж. желтоқсан айында).

Үкімет басшылары деңгейіндегі кездесулер тұрақты түрге айналды: 
2008 ж., 2011 жылда екі рет, 2012 ж., 2013 ж. және 2014 жылда Париж қаласында, ал 2008 ж. ақпанда және 2010 ж. желтоқсанда Астана қаласында кездесулер өтті.

2015 жылғы 30 қараша – 1 желтоқсан кезеңінде Премьер-Министр К.Мәсімов Парижге Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ-ның конференциясының (COP 21) ашылуына байланыста жұмыс сапарын жасады.

Сыртқы істер министрліктері арасында байланыстар қолдаушылық табуда. 2013 жылғы 1 наурызда Қазақстанға алғашқы сапарын Францияның сыртқы істер министрі Л.Фабиус жасады. 2014 жылдың 10-11 маусымда Парижге ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов сапармен келді.

СІМ-аралық консультациялар саяси ынтымақтастықтың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады. Барлығы сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде төрт раунды келіссөздер өткізілді: 2011 ж. 28 маусымда, Астанада үш рет (2012 ж. 20-21 қыркүйек, 2015 ж. 31 наурыз, 2016 ж. 10 қазан).

Парламентаралық қарым-қатынастар жүйелі түрде дамып келеді. Франция Парламентінің екі палатасында парламентаралық достық топтары жұмыс атқарып келеді. Сенатта «Франция-Қазақстан» шағын тобын басқару мәртебесі М. Буварға берілді. Ұлттық Ассамблеяда «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Т. Мариани болып келеді.

ҚР Парламент Сенатында достық топты Д.Назарбаева, ал Парламент Мәжілісінде О.Өксікбаев басқарады. Достық топтарының француз делегациялары Қазақстанға 2014 жылғы ақпанда және қыркүйекте сапармен келді.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастарына  тоқталатын  болсақ, СІМ-нің мәліметінше, Франция соңғы жылдары (Ресей, Қытай, Нидерланды және Италиядан кейін) Қазақстанның сауда әріптестері тізімінде бесінші орынға ие болды.

2016 жылғы 10 ай бойынша екіжақты сауда айналымы 2 млрд. АҚШ доллар (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 500 млн.) құрады, 2015 жылғы ұқсас кезеңімен (2,8 млрд.долл.) салыстарғанда сауда айналым 28%-ға азайды.

Қазақстандық экспорттың негізі мұнай, металл және металл өнімдері, химиялық өнімдер, ауыл шаруашылығының өнімдері болып табылады.

2005 ж. және 2016 ж. I жарты жылдығы арасындағы Қазақстан экономикасына жұмсалған француз инвестициясының көлемі 12,7 млрд. долларды құрады. Біздің елімізде француз капиталының қатысуымен 135 (2016 жылғы маусым айының жағдайына қарай) кәсіпорын сәтті жұмыс атқарып жүр, атап айтқанда «Total», «Areva», «Air Liquide», «Danone», «Vicat», «PSA», «Alstom» және т.б.

Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) 1992 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстандық тарапынан тең төрағасы Инвестициялық және даму министрі Ж.Қасымбек, ал француз тарапынан - Сыртқы сауда бойынша, туризмді дамытуға ықпал ететін және шетелдегі француздар мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы М.Фекль (Үкімет мүшесі).

Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің (ІК) Қазақстан тарапынан басшылықты «Визор Холдинг» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А.Кәрібжанов жүзеге асырса, ал француз тарапынан - «Total» қайырымдылық қорының Президенті И.-Л. Даррикаррер болып табылады. ҮАК 12-ші отырысы және ІК-нің 7-ші отырысы 2015 жылғы 24 қыркүйекте Парижде өтті.

2015 жылғы 29 наурыздан бастап, «Air Astana» әуекомпаниясының Астана-Париж бағыты бойынша тікелей рейсі ашылды. 2016 жылғы 21 маусымда Астанада авиация саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Франция ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы ел ретінде өз бюджетін айқындаған бірінші ел болып, болашақ француз павильонның бас комиссары лауазымына П.Лороны тағайындады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық  1991 жылдан басталды.   Алматы мен Ренн қалалары арасында бауырластық қатынастар дамуда. 2016 жылғы 13 қазанда Алматы қаласымен бауырластық қатынастар орнатылуына 25 жыл толуына орай Францияның Ренн қаласының «Алматы бағында» ұлы Абай бюстінің салтанатты ашу рәсімі өтті.Француз тарапы Рона-Альпілер және Шығыс-Қазақстан облысы арасындағы әріптестік байланыстарды орнатуда қызығушылық танытуда.Сонымен қатар, Астана және Париж, Атырау және Марсель арасында ынтымақтастықты орнату мәселесі пысықталуды.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика