Үкімет

Қазақстан — бизнес үшін қолайлы ел – Б. Сағынтаев

Қазақстан — бизнес үшін қолайлы ел. Инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлармен ашық диалог орнату, инвестициялар тарту үшін инфрақұрылымды жетілдіру — бұл Үкімет жұмысының стратегиялық бағыты және елімізде жүргізіліп жатқан жаңғырту бағытының табыстылығының маңызды шарттарының бірі екенін баса айтқым келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Global Investment Roundtable екінші халықаралық инвестициялық форумында мәлімдеді.
Астана қаласы03 Шілде , 14:31

Премьер-Министр Б.Сағынтаев атап өткендей,   өткен жылы біздің Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаев Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономикалық өсім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған, индустриалдық және технологиялық жаңғырту моделін айқындайтын Қазақстанның жаңғыруының үшінші толқынын жариялады.

«Қазір барлық бағыттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Оның алғашқы нәтижелері де бар.Оның алғашқы нәтижелері де бар.2017 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% құрады.Бұл орайда, шикізаттық емес секторлардың үлесі өсімнің 2/3 жуығын қамтамасыз етті», - деді Б.Сағынтаев.

Премьердің айтуынша,  бұл Қазақстан экономикасы шикізаттық емес секторларға көбірек арқа сүйей бастады дегенді білдіреді.

«Doing Business халықаралық рейтингінде 2017 жылы Қазақстан 36-шы орынды иеленді. 6 индикатор бойынша позициялар жақсартылған. Миноритарлық инвесторларды қорғау бойынша еліміз 1-ші орында.2017 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымы $20,8 млрд құрады. Бұл көлемнің төрттен бір бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталады. Ол $5,2 млрд құрайды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштерден 27%-ға жоғары», - деді Б.Сағынтаев.

Жалпы шикізаттық емес секторға барлық шетелдік инвестициялардың 50%-ға жуығы бағытталған.

«Оң динамика биыл да сақталып отыр. 2018 жылдың 5 айының ішінде ірі инвесторлармен 69 жаңа жобаны іске асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді, оның ішінде Қытайдан, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, ЕО және басқа да елдерден 10 ТҰК-мен келісімдер бар. Жалпы сомасы $27,7 млрд құрайтын 51 жобаны қамтыған қазақстандық-қытайлық Индустриалдық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы атап өткендей,  2018 жылы жалпы сомасы $3,9 млрд барлығы 54 жоба аяқталады. Сонымен қатар құны $6,8 млрд болатын 63 жобаның құрылысы басталады.

«Өнеркәсіпте жоғары шектерді құруға ерекше назар аударылуда.Мәселен, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мұнайхимия саласында газды тереңінен өңдеу және полиэтилен мен полипропилен өндіру бойынша жобаларды пысықтап жатыр. Серіктестерінің бірі — БОРЕАЛИС австриялық концерні. Біз басқа инвесторларды да осы жобаларға қатысуға шақырамыз.Мұның бәрі — еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды және Қазақстанның сенімді іскер әріптес ретіндегі жоғары абыройын растайтын ірі инвестициялық жобалар», - деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, Үкімет мұны бағалайды және шетел инвесторлары үшін тартымды жағдайлар жасау саясатын жалғастыруға ниетті.

«Біз ұлттық заңнаманың халықаралық экономикалық және сауда ережелерімен сәйкестігін күшейтетін боламыз. Ашықтықты арттырамыз. Меншік құқығын қорғауды күшейтеміз. Заңның үстемдігін қамтамасыз етеміз. Бәсекелестікті көтермелеп, монополияларды шектейміз.Біздің негізгі бағдарымыз — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің стандарттары.Қазақстан қазірдің өзінде ЭДЫҰ Инвестициялар комитетінің ассоциацияланған мүшесі мәртебесіне ие, бұл біздің еліміздің инвестициялық ахуалының Ұйым стандарттарына сәйкестігін растайды», - деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министр айтып өткендей, соңғы уақытта тындырылған жұмыстардың бірі  реттеусіздендірудің шешуші реформасының  жүргізілуі, ол бизнеске әкімшілік қысымды күрт төмендетті.

«24 мамырда Қазақстан Президенті 14 кодекс пен 109 заңға 1000-нан астам түзетулерді қамтитын бизнес ахуалды жақсарту бойынша ең ауқымды заңнамалық пакетке жария қол қойды.Бақылау-қадағалау функциялары — 30%, ал талаптар саны 56% (17 мың)қысқартылды.  Тексерушілердің 1 мыңға жуық штаттық бірлігі жойылды», - деді ол.

Сонымен қатар, озық халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа салық және кеден режимдері қолданысқа енгізілді.

«Салық кодексінде салық жүктемесі оңтайландырылып, салық  преференциялары пысықталған.Жаңа Кедендік кодекс процедуралардың ашықтығын арттырып, тауарларды автоматты түрде шығару мүмкіндігімен электронды декларациялауды енгізеді», - деді ол.

Ал,  жуырда «бірінші келген — бірінші алады» принципінің қолданылуына негізделген жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа Кодекс өз күшіне енді.

«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығы австралиялық әдіспен жеңілдетілген тәртіпте беріледі. Жобалық құжаттарды қарастыру мерзімдері қысқартылды (келісімшарт 40 жұмыс күніне дейін). Әкімшілік кедергілер азайтылды (құқықтық, экономикалық сараптамалар, келісімшарт жасау үшін жобалық құжат жойылды). Қорларды есептеудің халықаралық жүйесі енгізіліп, геологиялық ақпаратқа еркін қолжетімділік қамтамасыз етілді.Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру мерзімі 18 айдан 10 күнге дейін қысқартылды», - деді Б.Сағынтаев.

Премьер атағандай, инвестициялық заңнаманы жақсарту инвесторларға Қазақстан экономикасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

«Үкімет жұмыс істеп тұрған әлеуеті зор салаларға инвестиция салуды ұсынады. Бұл орайда, біз МЖӘ механизмдерін, әсіресе, капиталды қажет ететін жобаларда кеңінен пайдалануға әзірміз.Ең алдымен, бұл машинажасау — жаңа технологиялық құрылымға көшуді қамтамасыз ететін аса маңызды сала», - деді ол.

Сондай-ақ, Үкімет АӨК, металлургия, энергетика және көлік тәрізді секторларда сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жоғары технологиялық деңгейге дейін дамыту мақсатында машинажасауды жеделдетілген жаңғыртуды бастады және біз инвесторларды бұл жұмысқа атсалысуға шақырады. 

«Біздің тау-кен металлургиясы кешеніне, әсіресе, түсті металлургияны өндіру және дамыту саласына, мыс, мырыш, алтын, литий ванадий, вольфрам және фосфат шикізатын қоса алғанда, сирек кездесетін және сирек жер металдары өндірісіне инвестициялардың салынуына қызығушылығымыз өте зор.Геологиялық барлауға, шикізатты байыту және қайта өңдеу бойынша жаңа технологияларға инвестициялардың маңызы үлкен.  Мысалы, бүгінде Қазақстанда алюминий өндірісі 3-4 шегіне жетті. Бірақ біз бұдан арғы шектерге өтіп, әлемдік сұранысты ескеретін жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға көшуге мүдделіміз», - деді ол.

Қорытындылай келе, Б.Сағынтаев Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақыра отырып, Үкімет қаражатты салып қана қоймай, елде баламасы жоқ өнімді; жаңа нарықтарға экспортқа шығару үшін брендке айналуы мүмкін өнімді өндіруді ұсынатынын жеткізді.

«Біздің мақсатымыз — әлемдік сұранысқа сай келетін және шектер мен жеткізулердің жаһандық тізбегіне қатысуға қабілетті бәсекелі өндірістерді құру. Бұл маңызды.Өз ойымды бір мысалмен түсіндірейін. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының жаңа драйвері ретінде қарастырылады. Біз алдағы бес жылда еңбек өнімділігі мен өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты көлемін 2,5 есеге арттыруды көздеп отырмыз. Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарларын жаңа өткізу нарықтарына экспорттау үшін бірқатар елдермен — Қытай, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, ЕАЭО елдерімен келісімдер жасасып қойды», - деді ол.

Премьер атағандай,  Үкімет барлық мәселелер бойынша ашық диалог жүргізуге әзір және инвестиция салып қана қоймай, бізбен бірге жаңа Қазақстанды құрып, елдің және оның азаматтарының, бизнестің және әрбір инвестордың өркендеуі жайлы арманды барынша іске асыруды ұсынады.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика