АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ҚТЖ астық тасымалдау үшін қосымша 2 мың вагон алады

Қосымша 2000 вагонды нарықтық 15 мың теңгеден тарту көзделіп отыр. Бұл арқылы астық паркі 11 мыңға жеткізілмек, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан 03 Қаңтар, 16:51

«Ауыл шаруашылығы министрлігі елдің экпорттық әлеуетін өсіру және жүк айналымын арттыру үшін Ауғанстан аумағында «А» сыныпты терминал құрылысын салу ұсынысы түсіп отыр. Бұл өз кезегінде астық өнімдерін жыл бойы қалыпты тасымалдауға мүмкіндік әпереді. Әсіресе, жазғы мезгілде тасымалдау аса маңызды», - делінген хабарламада.

Астық тасымалдаудың мультимодальдық кешені Ақтау портының инфрақұрылымын дамыту қажеттігі туындап отыр. Бұл қызмет түрі тасымалдау қызметіне қатысушы өндіруші, элеватор, вагон операторлары, трейдерлер, брокерлердің қызметтерін бір тізбекке шоғырландырады.

«ҚТЖ» астық пен ұн өнімдерін контейнерлік тасымалдауды дамытуды көздейді. Ағымдағы жылы 8 мың тонна астық контейнерлермен жеткізілді. Вьетнамғға Ляньюньган порты арқылы тасымалданды. Мерсин (Түркия) бағдарына Карс-Ахалкалаки арқылы әрі ҚХР-да бағытталады. 2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ 5 мың тонна астықты контейнермен тасымалдауды жоспарлап отыр.

Оның сыртында компания экономикалық тиімділікке жету үшін жүк жөнелтушілердің ҚР аумағындағы көршілес елдермен шектесетін тұстарда тиеу және түсіру жұмыстарында вагон айналымын реттеу шараларын күшейтуді ұсынады.

Қосымша 2000 вагонды нарықтық 15 мың теңгеден тарту көзделіп отыр. Бұл арқылы астық паркі 11 мыңға жеткізілмек. Дегенмен, Орта Азия елдерінде вагондар «доңғалақты қоймаларға» айналуы одан әрі жалғасатын түрі бар.

Сонымен қатар, Ауылшаруашылығы министрлігі Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен астық өнімдерін сатып алу жұмысы 2007 және 2009 жылдардағыдай жүзеге асырылмақ.





Яндекс.Метрика