Цифрлы Қазақстан 2022

Astana Media Week: Байланысы мықты мемлекеттің қорғанысы да қуатты

Бүгін БАҚ саласындағы маңызды шаралардың бірі Astana Media Week басталды. 2 мыңға жуық адам қатысатын форум 3 күнге созылады. Шараның ашылуында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев форум тәжірибе алмасу бойынша таптырмас алаң екенін мәлімдеді. Екінші мәрте өткелі жатқан Astana Media Week қазақстандық медиапталығында талқыланатын мәселелер туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 11:24

Министр Дәурен Абаев  Елбасымыз отандық медиа саласының дамуына айрықша көңіл бөліп отыратынын атап өтті. АҚМ басшысы айтқандай,  Президент Қазақстанда  бұқаралық ақпарат құралдарының  дамуында қоғамымыздың  бірлігін нығайта түсетін, сенімді қадам басуын қамтамасыз ететін көпір екенін көріп отырмыз дейді.

«Екінші жыл өтетін ауқымды кең шара еліміздегі ғана емес, аймақтағы медиа нарықты  қалыптастыруға және одан әрі дамытуға серпін береді деп сенемін. Өйткені елордамыздың төрінде бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдерінен бөлек, шетелдік  әріптестеріміз де өз ойларын ортаға салады. Бұл шараның басты мақсаты отандық медиа нарықты  жан-жақты дамыту  ғана емес, мәдени және ақпараттық  байланыстарды  да тереңдету», - деді Д.Абаев.

Министр атап өткендей,  байланысы мықты мемлекеттің  қорғанысы да қуатты.

«Жыл санап аталмыш шараға қатысушыларының саны артып келе жатқаны біздің бірігіп атқарып жатқан жұмысымыздың нәтижесі деп білеміз. Сондықтан да, апталыққа қатысушылар үшін осы тәжірибемен алмасып, шығармашылық шеберліктерін шыңдауға, жаңа технологияларды  ел игілігіне берілген  үлкен мүмкіндік деп қарайық», - деді министр.

Ақпарат және коммуникациялар министрі атап өткендей,  бүгінде БАҚ саласы қоғам дамуындағы маңызды компонентке айналды.

« БАҚ саласы  қызметкерлерінің күн сайынғы жұмысы тек ақпараттық ландшафт  қана емес, саясаттан қаржыға дейін, ауыл шаруашылығынан спортқа дейінгі салалардың дамуына импульс беретін құрал. Форумда проблемаларды кеңінен талдау мен жұмыстың механизмі мен шешімі талқыланады. Осы мақсатта  Astana Media Week тек журналистердің ғана емес, мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшыларды, шетелдік өкілдіктердің басын қосатын орта. Былтыр шарада   алғаш рет 100-ден астам продакш-компаниялар үшін контент маркет өтізілді.Биыл 18 республикалық және өңірлік телеарналардың стенді орнатылады. Сондай-ақ, Беларусь, Өзбекстан, Ресей, Түркия өкілдері де қатысады», - деді Д.Абаев.

 Министр атап өткендей,  аталған алаң  жергілікті БАҚ үшін маңызды проблемаларды талқылайды.

«Аталмыш алаң дәстүрге айналады деп сенемін. 3 күнге созылатын шара қонақтар мен қатысушыларға тиімді болады деп ойлаймын. Astana Media Week тәжірибе алмасатын маңызды алаңға айналады деп сенемін, себебі заманауи тенденциялар кезеңінде  өзара іс-қимыл ғана біздің болашағымызды берік қылады. Шара аясындағы  қарым-қатынас өте маңызды», - деді Д.Абаев.

Министр айтып өткендей, шара кезінде ұсынылған бағдарламалар кейін эфирге де шығуы әбден мүмкін.

«Алаңда  жаңа идеялар, жаңа ұсыныстар айтылады. Өткен жылы ұсынылған  10 бағдарламаның ішіндегі  6-уы эфирге шықты. Осындай алаңдардың нәтижесінде  мамандар тікелей өз идеялары мен ойларын  телеарналардың басшыларына жеткізе алады. Сондықтан, бұл өте маңызды  алаң. Шетелден келіп жатқан біздің әріптестеріміз өз үлестерін қосып жатыр. Отандық  сериалдарымызды осындай шаралар арқылы шетелге сата аламыз. Олар келіп, осы жерден көріп, сатып ала алады. Отандық телеөнімдерді жаңа деңгейге көтереміз деп сенеміз. Кездесу жалпы медиа саласына  позитивті әсер қалдырғанын қалаймын», - деді Д.Абаев.

Айта кетейік, «Astana Media Week» қазақстандық медиаапта — бұл кең көлемдегі салалық іс-шаралар сериясы. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен өткізілетін Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға.

Аягөз Құрмаш

Фото: Бауыржан Жуасбаев 




Яндекс.Метрика