Адами капитал

Барлық зейнетақы жарналары азаматтардың табыстарынан ғана төленеді – С.Жақыпова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңның нормаларын түсіндірді.
Астана қаласы31 Шілде , 16:28

Светлана Жақыпова айтып өткендей,  заң жобасы 2017 жылдың басынан бастап әзірлене бастады. Заң жобасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланып, бұқаралық талқылануға да ұсынылды. Жұмыс тобынның  жұмысына  мемлекеттік орган өкілдері мен депутаттар қатысты.

«Құқық нормасынан міндетке көшірілген нормалар  қоғам үшін жаңашылдық емес. Себебі, салық төлеу  кодексінде аталмыш норма  жеңілдетілген  формада болды. Біз  келісімдерді  азаматтық құқықтық қарым-қатынасқа, бюджеттік, отбасылық, еңбектік деп бөлеміз. Біз жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету келісімдерін қамтимыз», - деді С.Жақыпова.

Ол айтып өткендей осы қызметтер   «азаматтық құқықтық келісімшарттар»  бойынша  біріктірілді. Себебі, олар бірнеше бап бойынша реттеледі.

«Жұмыстың аталмыш түрі мен кірістер Үкімет қаулысымен реттеледі. Аталған мәселе заңда да көрсетілген. Сондықтан заңда келісімшарттардың нақты атауларын тәптіштеп жазудың қажеті жоқ», - деді ол.

Сонымен қатар, Светлана Жақыпова осыған дейін қоғамда пәтер мен көлік сатылымынан  10 пайыз зейнетақы қорына алынады деген негізсіз дәлелдерге сенбеуге шақырды.

«  Жұмыс жасау не  болмаса, қызмет көрсету арқылы түскен табыстан  ғана зейнетақы жарнасы ұсталады. Өкінішке қарай, қазір жұмыс берушілер ондай келісімшарттарды жасайды да, зейнетақы жарналарын төлемей жүреді. Жұмысшылар болса, оны талап етпейді. Барлық зейнетақы жарналары азаматтардың табыстарынан ғана төленеді», - деді С.Жақыпова.

Вице-министр атап өткендей,  кәсіпорын жұмысшысының   тапқан табысы - оның еңбекақысы, жеке кәсіпкердікі - кәсіпкерлік қызметінен келген кіріс, жеке нотариустардардың табысы - көрсеткен қызметтерінен түскен кіріс.

«Ал жеке немесе заңды тұлғаларға өтемақылы шарт (азаматтық-құқықтық шарт деп аталатын) негізінде қызметтің немесе жұмыстың белгілі бір түрін көрсететін азаматтар үшін - міндетті зейнетақы жарна сол жұмыс немесе қызметінің нәтижесінде тапқан табысынан төленеді, жеке мүлкін сатудан түскен ақшадан емес» -  деді С. Жақыпова.

Айта кетсек, биылғы   жылдың 14 шілдесінен бастап,  ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс тауып отырған жеке тұлғалар адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер сияқты табыстарынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлейді.

Бұл табыстар, сондай-ақ, оларды төлеу ережесі мен мерзімдері, ұстап қалу (аудару) және міндетті зейнетақы жарнасын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және төлету Ережелері мен есептеу мерзімдері 2013 жылы 18 қазанда бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1116 қаулысымен анықталады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу жобасын әзірледі, онда азаматтық-құқықтық шартпен табыс тауып отырған жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарнасын төлеу тәртібі мен мерзімі қарастырылған. Жоба қазіргі таңда қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың, сарапшылардың кеңесі мен аккредиттелген ұйымдардың келісімін алу процедурасынан өтіп жатыр.  

Тағыда еске сала кететін жағдай, азаматтық-құқықтық шартпен табыс тауып отырған жеке тұлғалардың кірісі бұрынғыдай, жұмыс немесе қызмет көрсету арқылы түскен табыс болып есептеледі.

Аягөз Құрмаш 

 




Яндекс.Метрика