Халықаралық интеграция

Парламентшілер ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысып жатыр

Қазақстан Парламентінің делегациясы 7-11 шілде аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Берлиндегі жыл сайынғы 27-ші сессиясына қатысып жатыр. Қазақстандық делегация құрамына Сенат депутаттары Төлеубек Мұқашев, Дулат Құсдәулетов, Михаил Бортник, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова мен Құралай Қаракен енген болатын. Сенаторлардың атқарып жатқан өзге жұмыстары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы09 Шілде , 16:39

Берлин сессиясы «ЕҚЫҰ аясындағы міндеттемелерді орындау: парламенттер рөлі» тақырыбына арналды.

8 шілдедегі жалпы отырыс барысында тарихи Рейхстаг ғимаратында Ұйымға қатысушы мемлекеттердің мүшелері  ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ұзаққа созылған текетірестер, Еуропадағы көші-қон шиеленістері, терроризммен күрес, әйелдер құқықтарын кеңейту мен олардың қақтығыстарды болдырмауға және оны шешуге қатысуы секілді әлем қоғамдастығы алдында тұрған қазіргі заман қатерлерін талқылады.

ЕҚЫҰ ПА сессиясына қатысушылар текетірестерді бейбіт шешу, мемлекеттердің егемендік теңдігі және олардың аумақтық тұтастығы, халықаралық құқық ережелерінің сақталуымен қатар Ұйымның қағидаларынан айнамайтынын нақтылады.

Сондай-ақ, Парламент Сенатының депутаттары Серік Жақсыбеков пен Еділ Мамытбеков жұмыс бабындағы сапар аясында «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймақтағы №1 индустриялық парктің нысандарын аралады.

Сенаторлар сапар барысында аясында қағаз өнімдерін өндіретін «Ipek Kagit Asia» кәсіпорнында, «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында, «GLB» үй құрылысы комбинаты мекемелерінде болды. Кездесу қорытындысы бойынша еркін экономикалық аймақтың одан әрі дамуына кедергі келтіретін заң шығару сипатындағы бірқатар өзекті мәселелер айқындалды.

Парламентшілер Сенаттың бұдан былайғы жұмыстары барысында мүдделі тараптармен бірлесе отырып өзекті мәселелерді шешу және инвесторлардың ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылды жалғастыруға ниеттеніп отыр.

Ал, Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов жұмыс бабындағы сапар аясында Сәтбаев қаласына келді.

 Парламентшілер қала және облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары қызметкерлері және мекеме басшыларымен кездесіп, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасынан туындайтын міндеттер жайында өз ойларын ортаға салды.

Кездесуде сондай-ақ аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, өңірге газ құбырын тарту, техникалық білім алуға қолдау көрсету жайы да сөз болды.

Депутаттар қала әкімі Асқар Ыдырысовпен бірге «Қазақмыс» корпорациясына қарасты технология колледжі мен Қазақстан халқының рухани қоғамдық және ұлтаралық келісім орталығында болып, жұршылықпен кездесті.

Орталық директоры Гүлназ Гатиятова мекеме жұмысымен таныстырып, ана тілін оқып-үйретуге, жас ұрпақты ұлттық мәдениетке баулуға арналған оқу бағдарламасы туралы хабардар етті. Бір шаңырақ астына ұйысқан түрлі ұлт өкілдері үшін үлкен маңызға ие Достық үйінің этносаралық қарым-қатынасқа, қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестікті нығайту бағытындағы жұмысына оң баға берілді.

Сенаттың ақпараты бойынша,  депутаттар қаладағы №8 ықшам ауданындағы жалпы аумағы 18 мыңнан аса шаршы метрді құрайтын 107 екі пәтерлі коттедж қалашығының құрылысымен танысып, жаңа пәтерлерді көрді.

Осыған дейін Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысындағы Қаражал-Жәйрем аймағының тыныс-тіршілігімен танысып, бірнеше кәсіпорындарды аралаған болатын.

Депутат «Қаражал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мекемесінде, №5 жалпы білім беру мектебінде, су қоймасында, «Өркен-Атасу» өкілдігінің «Өркен» мекемесінде болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. «Өркен» мекемесіндегі кездесулер барысында кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндірілетін кеннің қоры және оны игеру, жұмысшылардың еңбекақы мәселелері туралы сөз болды.

Сенатор сондай-ақ Қаражал қалалық мәслихат депуттатарымен аймақтағы мекеме басшыларымен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен де кездесіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының маңызын жан-жақты түсіндірді. 7-20-25 бағдарламасы мен білім гранттары, студенттерді жатақханамен қамтамыз ету жайында да әңгіме болды.

«Жаңаарқа ауданы бойынша мектеп түлектерінің 80 пайызы техникалық мамандықтарға құжат тапсырды. Олар алдағы күндерде Қаражал-Жәйрем аймағындағы фабрикаларына жұмысқа орналасып, жұмыссыздық азаяды деп ойлаймын», - деді сенатор.

 Ол сондай-ақ аймақта атқарылып жатқан игі істерге тоқталып, еңбеккерлердің қажырлы қызметіне ризашылығын білдірді. Сенат депутаты Р.Әбдікеров Қаражал қаласының әкімі Т.Досаевпен бірге өңірдегі алып кәсіпорын «Жәйрем кен-байыту комбинаты» акционерлік қоғамда болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сенатор кәсіпорын басшылығымен және жұмысшылармен кездесу барысында олардың еңбектерінің табысты болуына тілектестігін білдірді.
 




Яндекс.Метрика