Парламент

Парламент сессиясы жұмысын 5 шілдеге дейін ұзартты

Парламент палаталарының бірлескен отырысында VI сайланған Парламенттің IV сессиясы өз жұмысын 5 шілдеге дейін ұзартатыны мәлім болды. Жиынға Сенаттың 46, Мәжілістің 104 депутаты қатысты.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 10:35

ҚР  Премьер-Министрі Асқар Мәмин  Үкімет атынан тиімді жұмыс атқарғаны үшін   Парламентке  алғыс айтты.

«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық негізінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың   әлеуметтік стратегиясын жалғастыру мақсатында халықтың өзекті  мәселелерін шешу мақсатында бірқатар шараларды қабылдауда. Президент әлеуметтік тұрғыдан  аз қамтылған тұрғындардың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Осы бастамалардың шешімі арқасында   көп мөлшерде несие алған азаматтарға көмек көрсетіледі», - деді А.Мамин.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру бірнеше жедел шаралар бағдарламасы  әзірленгенін айтты.

«Атап айтқанда, осы шаралардың  нәтижесінде биылғы жылдың соңына дейін 3 мыңнан астам адам «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары  бойынша кәсіп ашты. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлікті дамыту шаралары мен аз қамтылған отбасыларға жалдамалы баспана беру бойынша шаралар жүзеге асырылады», - деді ол.

Сондай-ақ, А.Мамин республикалық бюджетке өзгертулер енгізілгенін атап өтті.

«Сол енгізілген өзгерістерді қарастыру үшін Парламент сессиясының жұмыс мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруды сұраймын. Осы уақытта әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша Парламентпен бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенемін», - деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Мәжіліс Спикері 2019-2021 жылға арналған республикалық  бюджетке өзгертулер енгізілуіне  байланысты депутаттар жұмыс мерзімін ұзартатынын айтты.

«Конституцияның  59 бабының  3-тармағына сәйкес, Парламенттің кезекті сессиясы 1 қыркүйек жұмыс күнінен бастап маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі деп белгіленген. Конституциялық Кеңестің конституциялық нормасының ресми түсіндірмесін негізге ала отырып, 6-шы сайланған Парламенттің 4 сессиясын  2019 жылғы  5 шілдеге дейін ұзартуды ұсынамын», - деді Н.Нығматулин.

Қарсылық танытқан депутаттар болмай, сессияның Қаулысы қабылданды.

Бірлескен отырысқа  Үкімет мүшелері,  Конституциялық кеңес төрағасы, Сенат спикері және ҚР Президенті әкімшілігі мүшелері мен республикалық мекемелерге тікелей есеп беретін және бағынатын республикалық  мекеме басшылары  мен БАҚ қатысты.

Аягөз Құрмаш 

 




Яндекс.Метрика