Білім беру

Маңғыстау облысында 5 мектеп салынады

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов 2018 жылды Мұнайлы ауданындағы жұмыс сапарымен бастады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 09 Қаңтар, 20:34

Аймақ басшысы «Schlumberger Logelco inc» мұнай сервистік компаниясының жұмысымен танысты. Өндірістік база аймақтың мұнай өндіруші компанияларына мұнай барлау, бұрғылау, геофизикалық барлау жұмыстарын жүргізу қызметтерін ұсынады.

Бүгінгі таңда компанияның жергілікті бөлімінде 327 қызметкер жұмыс істейді. Компания қызметкерлері облыс әкіміне мамандар даярлауда кездесетін бірнеше мәселелерді көтерді. Осыған орай Ералы Тоғжанов кәсіптік мектептердің басшыларымен осы компания негізінде бірыңғай кәсіптік училищесін құру туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Қызылтөбе ауылындағы 75 орындық «Мың ғасыр» жекеменшік балабақшасының жұмысымен танысты. Аталмыш балабақшаның ашылғанына 2 ай. Бүгінде19 адамды жұмыспен қамтып отыр. Облыс әкімі жаңа әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта оның ауласының аумағын кеңейту қажет екенін айтты.

Аймақ басшысының жұмыс сапары №6 орта мектебінде жалғасты. Аталмыш білім ошағында 3 210 оқушы мен 321 қызметкер бар. Мектеп үш ауысым бойынша білім береді. Ералы Тоғжанов бұл мәселенің оңтайлы жолдарын қарастырып, түпкілікті шешуді тапсырды.

 





Яндекс.Метрика