Білім беру

Маңғыстау облысы бюджетінің 39 пайызы білім саласына бағытталады

2018 жылы Маңғыстау облысы бюджетінің 39% білім саласына бағытталады, бұл туралы облыстық маслихаттың XV сессиясы барысында белгілі болды.
Маңғыстау 08 Қаңтар, 11:56

«Бұл мақсатта бюджеттен 59,7 миллиард теңге бөлінді. Мектепке дейінгі мекемелердің күтіміне 10,4 миллиард теңге қарастырылды», - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова.

Оның ақпараты бойынша, аймақтағы балабақшалар саны артып, 258-ге жетті. Мектепке дейінгі біліммен бүлдіршіндердің  93% қамтылды. Ал, мектептегі білімге 40 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржы үш ауысымда жұмыс істейтін білім беруді жоюға бағытталады.

Әкімнің орынбасары атап өткендей, облыстық бюджеттің жалпы сомасы 152,2 миллиард теңгені құрады.

Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында бірлесіп қаржыландыруға Ақтаудағы Мұз сарайының құрылысына 1,2 миллиард теңге бөлінді.





Яндекс.Метрика