Білім беру

Жаңа оқу жылына дайындық ойдағыдай – А.Аймағамбетов

Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.Осы жерде ең маңызды бағыттар: оқулықтармен қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарын жүргізу, білім беру нысандарын пайдалануға беру, балаларды тасымалдау мен тамақтандыруды ұйымдастыру. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
Нұр-Сұлтан13 Тамыз , 11:52

Министр атап өткендей,  2018 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 279 бірлікке көбейіп, 10 593 бірлікті құрады, контингент 906,5 мың балаға жетті.

«Сонымен, жеке меншік балабақшалардың үлесі 38% болды.3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95,2% құрайды.Қабылданған шараларға қарамастан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Түркістан, Алматы облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарына кезектілік сақталуда.Мемлекеттік балабақшаларда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді .Күрделі жөндеу 49 балабақшада қарастырылған», - деді А.Аймағамбетов.

Ол атағандай,  оның 15-інде күрделі жөндеу аяқталды.Қалғандарында жөндеу жұмыстары тамыздың соңыңда аяқталады.Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдар жаңа оқу жылына дайын.   

«Мектептер желісі 2 бірлікке ұлғайды, 7016 мемлекеттік мектеп жұмыс істейтін болады.Жаңа оқу жылында мектептерге 3 млн-нан астам бала барады.Биыл 405 мыңнан астам бала мектеп табалдырғын алғаш рет аттайды деп күтілуде, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20 мыңға көп.Бұның себебі 2016 жылы «Білім туралы» заңға 6 жастан бастап мектепке бару нормасы енгізілген. Ата-аналармен осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.1-сыныпқа қабылдау үшін жергілікті жерлерде дайындық жұмыстары қолға алынды», - деді министр.

Сондай-ақ,, орын тапшылығы Нұр-Сұлтан қаласында (2055 орын), Алматы (1884 орын), Атырау (1010 орын) облыстарында болжануда.

«Мектеп формасына келсек, биыл ешқандай өзгерістер жоқ, мектеп формасына қойылатын талап жылдағыдай.Елбасының тапсырмасының шеңберінде 2016 жылдан бастап жаңартылған мазмұнға, сәйкесінше жаңа оқулықтарға көшудеміз. Графикқа сәйкес биыл жаңа бағдарламаларға 4шы, 9шы, 10шы сыныптар көшеді. Ал келесі жылы 11 сыныптар өтеді. Осылайша, жаңа бағдарламаға өту толық аяқталады.Оқулықтардың сапасын қамтамасыз ету бойынша баспалармен жұмыс жалғасуда», - деді ол.

Сонымен қатар, биылғы жылдың ерекшелігі 1 қыркүйектен бастап оқушылар мен ата-аналар Министрлік сайтынан 1-10 сыныптардың электрондық оқулықтарын көшіріп алу мүмкіндігіне ие болады.

« Біз оқулықтарды баспалардан мектептерге жеткізу бойынша мониторинг жүргізудеміз. Бүгінгі күнге оқулықтардың 47%зы жеткізілді.1 қыркүйекке дейін барлық оқулықтар 100% әр мектепке жеткізілуі тиіс.Әкімдіктерді бұл мәселені күнделікті бақылауларына алуды сұраймын», - деді ол.

Сондай-ақ,  ағымдағы жөндеу 6678 мектепте жүргізілді. Жұмыстар аяқталды.

«Күрделі жөндеуге келетін болсақ, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын апатты мектептердің өсуіне алып келетін мектептерді жөндеуді толығымен қаржыландырмайды.Мектептердің 44% 1980 жылға дейін салынғанын ескере отырып, әкімдіктер күрделі жөндеуге тиісті қаржыландыру көлемін қамтамасыз етуі қажет деп есептеймін. Биыл 323 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл жалпы қажеттіліктің 45%-ын ғана құрайды», - деді А.Аймағамбетов.

Сонымен қатар, 10 тамыздағы жағдай бойынша күрделі жөндеу 129 (40%) мектепте аяқталды, 194 мектепте (60%) жалғасуда.

«Павлодар облысында күрделі жөндеу бітті, Ақтөбе 89%, Атырау 83%, Қарағанды 79%, Қызылорда 40 %, Нұр-Сұлтан қ. (38%), Шығыс Қазақстан 36%, Ақмола 33%, Солтүстік Қазақстан 25%, Алматы 24%, Түркістан 17%, Қостанай 13%.Ақмола (1), Алматы (8), Атырау (3) облыстарында жөндеу жұмыстарының аяқталмау қаупі болды, бірақ мен мектептердің бір бөлігін өзім аралап шықтым, бір бөлігін өңірлік бақылау департаменттерінің қызметкерлері қарады», - деді ол.

Министр тікелей Премьер-Министр А.Маминнің   тапсырмасы  бойынша бұл мектептерге қосымша жұмысшылар тартылып, олар үш ауысымда жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Бүгінгі күні жұмыстар қарқыны жақсарды. 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп есептейміз.7 мектепте күрделі жөндеу жұмысының мерзімінде аяқталмау қауіпі әлі де бар: атап айтқанда Жамбыл облысында 1 мектеп, Қостанай облысында 4, Солтүстік Қазақстан облысында 2 мектеп.Дегенмен, бұл мектептерде оқу процесі тоқтатылмайды қажет болған жағдайда жақын орналасқан мектептерге жеткізу қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ата-аналармен алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деді ол.       

Сондай-ақ, министр  бүгінгі күні 128 үш ауысымды мектеп жұмыс істеп жатқанын айтты.

«31 апатты мектеп бар: РБ есебінен 115 мектеп, ЖБ есебінен 79 мектеп салынуда.Алайда бұл көрсеткіш әлі де жеткіліксіз, демографиялық өсім мен көші-қон процесстеріне байланысты қажеттілік өсуде. Мысалы Алматы облысында қазір 33 мектеп үш ауысымда оқыса, қыркүйектен бастап оның саны 53ке жетеді.Осы орайда жеке меншік мектептерді ашу өте маңызды.Сол себептен мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу жұмыстары жүргізілуде», - деді А.Аймағамбетов.

Сонымен қатар, бұл жеке меншік мектептердін санын көбейтуге септігін тигізуде. Бұған дейін 121 жеке меншік мектеп болса, бүгін – 146, яғни 25 бірлікке өсті, ал жыл сонына дейін тағы 23 жеке меншік мектеп ашылатын болады.

«Балаларды тасымалдау бойыншаМектепке 25 637 (99,7%) баланы тасымалдау үшін 918 бірлік автокөлік пайдаланылады.2019 жылы 49 жаңа автобус сатып алындыҚосымша 185 автобус сатып алу қажет.Балалардың қауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін әкімдіктерді келесі жылға дейін осы проблеманы шешуді сұраймын.Техникалық және кәсіптік білім беру саласында. Желі өзгеріссіз қалуда. Колледждерге қабылдау науқаны аяқталуда.22 мемлекеттік колледжде күрделі жөндеу жүргізілуде», - деді А.Аймағамбетов.

Сонымен қатар, биыл  жөндеу 100 пайызға, күрделі жөндеу 90 пайызға аяқталды.

«Оқу жылының басында жатақханаларда жаңа 1085 орын пайдалануға беріледі.Жоғары оқу орнындары бойынша  Ұлттық бірыңғай тестілеу ойдағыдай өткізілді. ҰБТ қортындысы бойынша ешқандай рейтингі жасалған жоқ.Гранттар заңнамаға сәйкес тағайндалды. Қазір магистратура мен докторантураға түсу емтихандары мен құжаттарды қабылдау жалғасуда. 17 ЖОО-да күрделі жөндеу, 32-де ағымдағы жөндеу жүргізілді. Барлық университеттер студенттерді қабылдауға дайын», - деді ол.

Сонымен қатар,  осы аптада дәстүрлі республикалық тамыз кеңесі өткізіледі, ал келесі жұмады аймақтарда кеңестер ұйымдастырылатын болады. Онда жаңа оқу жылына дайындық пысықталып, ұстаздарға нұсқаулық беріліп, үлкен талқылау өтеді.

«Сонымен қатар, әр аймақта колл центрлер жұмысын бастады, мектепке жол акциясы жалғасуда, барлық дайындық мәселелері министірліктің бақылауында.Қортындылай келе, жаңа оқу жылына дайындық ойдағыдай», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика