Шолу

Сайлау жүйесіне 25 жыл: Дауыс берудің заманауи технологиялары

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференциясы сайлауды қазіргі заманғы технологияға сай өткізудің алғышарттарын талқылады. Екі күнге созылатын шараға Әзербайжан, Ресей, Латвия, Литва, Тәжікстан, Грузия, Қырғызстан сынды елдердің Орталық сайлау комиссияларының төрағалары қатысып жатыр.
Нұр-Сұлтан01 Қараша , 14:25

Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығымен құттықтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді.

 ««Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміз мемлекеттік және саяси құрылымын жетілдіре отырып, жүйелі реформалар жолымен келе жатыр. Қазақстан сайлау құқығы мен сайлауды ұйымдастыру ісіндегі халықаралық жоғары стандарттарды берік ұстана отырып, осы саладағы жаһандық ынтымақтастықтың белсенді жақтаушысы болып саналады», - деді құттықтауында  Елбасы.

Елбасы атап өткендей, бүгінде сайлау үдерісінде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін, кәсіби құзіреті мен қоғамның оларға деген сенімін арттыруға ықпал ететін жаңа технологияларды енгізуге айрықша мән берілуде

«Сайлауды  әділ әрі тиімді өткізу институты  жаһандық бәсекеге қабілеттілік   пен елдің тұрақты дамуының  басты факторларының бірі екеніне сенімдімін. Баршаңызды ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығымен құттықтаймын», - деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде  ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев ширек ғасыр бойы Қазақстанның сайлау сайлау органдары  азаматтардың   сайлау және сайлану конституциялық құқығын жүзеге асырып отырғанын жеткізді.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның  дамуы бойынша негізгі құжаттар мен сайлау жүйесінің ережелері  бір жылы – 1993 жылы қабылданған болатын.  28 қаңтар – егеменді елдің алғашқы Конституциясы қабылданды.  8 желтоқсан – Орталық сайлау комисссиясы  тұрақты сайлау өткізетін орган ретінде бекітілді», - деді Б.Имашев.

Ол айтып өткендей, әрекеттегі Конституция  1995 жылдың  30 тамызында республикалық референдумда  қабылданды. Оған сайлаушылардың  90 пайызы дауыс берген.

«Осыған дейін жүзеге асырылған барлық шаралар, 25 жылдық отандық сайлау тәжірибесінің даму қорытындысы өте маңызды, алайда менің ойымша, болашаққа қарай жылжу одан да маңызды сияқты. Тағы  25 жылдан кейін қазақстан мен өзге елдердің сайлау комиссиясы қандай болмақ? Жаһандық және әлемдік трендттер  сайлау құқығына қалай әсер етеді? Жаңа халықаралық стандарттар қандай болмақ? Тек қана  инновациялар мен нақты деректердің жиынтығы арқылы болашақтағы өзгерістердің шекарасын көруге болады», - деді Берік Имашев.

Сондай-ақ, Төраға халықаралық сайлау үрдісі зерттеуді қажет ететінін айтты.

«Қазір  мемлекеттер ұлттық сайлауға өзге елдер тарапынан әсер болуы мүмкін деп күдіктенеді.  Кейбір сарапшылар  гибридттік соғыстардың  құралына айналды,  ал соғыс алаңдары әлеуметтік желіге көшті. Freedom House мамандарының  бағалауынша,  былтыр  жалған ақпарат пен басқару 17 елдің сайлауында көрініс тапқан», - деді Б.Имашев.

Б.Имашев осы сынды жаһандық мәселелер екі күндік конференцияда талқыланатынын айтты.

Ал ҚР Орталық сайлау комиссиясының  хатшысы Сабила Мұстафина сайлауды жаңа технологияларға сай өткізу үшін жаңашылдықтар әзірленіп, түсіндіру жұмыстары  жүргізіледі.

«Президентті сайлауға қатысты ешқандай өзгеріс болмайды. Мәслихат депутаттарын сайлау баршамызға таныс. Саяси партиялардың ұсынысымен мәжіліс депутаттарына кандидаттар әзірленеді. Сайлаушылар саяси партиялардың өкілдерін дауыс береді. Біздің көзқарасымыз бойынша, аталған жаңашылдықты енгізу бәсекелестік пен саяси партиялардың өңірлердегі филиалдарын арттырады. Себебі, қазір мәслихат құрамында «Нұр Отан» партиясының мүшелері басым. Сондықтан да, өзге саяси партияның өкілдері бәсекелестік ортада, сайлаушылардың дайысы үшін өңірлерде күрес пайда болады. Ол саяси партияның ішкі ахуалына оң әсер етеді», - деді С.Мұстафина.

Хатшы айтып өткендей, ауқымды өзгерістер сайлау жүйесіне де әсер етті.

«Бізде енді өңірлік сайлау комиссияларының құрамында жұмыстан босаған қызметкерлер де болады. Себебі, сайлаушылардың реестрімен  тұрақты жұмыс істеу күн сайын тізімнің жаңаруын талап етеді. Өйткені, бізде өңірлер арасында жоғары көші-қон сақталып отыр. Астана мен Алматы, Шымкент қалалары арасында да ауысым көп. Жаңашылдықтар болса, біз оларды тәжірибе алмасу арқылы өзімізге енгізгіміз келеді. Мысалы, тәжірибе алмасу бойынша меморандумдар  10 шақты елмен келісілген. Біз жабық кеңістікте ғана емес, алдыңғы қатарлы  технологияларды қолданып, өзаратиімді жұмыс істегіміз келеді», - деді ол.

Конференцияға тәжірибе алмасу үшін келген елдердің бірі- Әзербайжан. Әзербайжан Республикасы   Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов Қазақстан мен Әзербайжан көп жылдар бойы ынтымақтасып келе жатқанын  жеткізді.

«Бұл ынтымақтастық әділ түрде өтіп жатыр деуге болады. Біз Қазақстанда болып жатқан барлық шараларға қатысамыз, екінші тарап та біздегі шараларға қызығушылықпен қарайды. Ертең қол қойылатын меморандум көпжылғы ынтымақтастығымыздың  ресми дәлелі болмақ. Алайда, екі елдің  орталық комиссиялары  арасында тең дәрежеде жүзеге асырылды», - деді ол.

Төраға айтып өткендей, Қазақстанда барлық сайлауға дайындық жоғары деңгейде өтеді.

«Сайлаудағы басты талап ашықтық екені мәлім. Заңнамалық, құқықтық база бойынша Қазақстан көп елдерге үлгі бола алады. Адамдарға келетін болсақ, қазір азаматтардың өздері сайлаудың  оларға тәуелді екенін түсінген. Менің бақылауым бойынша, сайлаушылардың да қатары жыл санап артып отыр», - деді Мазаир Панахов.

Айта кетейік, сайлау саласын жаңғыртуға бағытталған  халықаралық шара аясында   ҚР Орталық саулау комиссиясы мен Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы және Иорданияның Тәуелсіз сайлау комиссиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, шара аясында Орталық сайлау комиссиясының тарихы бойынша көрме ұйымдастырылған.

Аягөз Құрмаш




Яндекс.Метрика