Үкімет

Б. Сағынтаев БҚО-ның өнеркәсіптік нысандарын аралады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.Жұмыс сапарының кестесіндегі алғашқы нысан әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі — Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны болды. Премьер-Министрдің сапары туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Батыс Қазақстан26 Шілде , 16:23

Ол 280 кв км астам аумақты қамтиды. Өндіру көрсеткіштері республикадағы барлық газ өндірудің шамамен 45% және сұйық көмірсутектердің жалпы өндірісінің шамамен 16% құрайды, ал жалпы бағалау қорлары 2,4 млрд баррельден астам конденсат және 16 трлн текше фут газды құрайды.

Primeminister.kz хабарлағандай,  Аралау барысында Премьер-Министр Б. Сағынтаев көмірсутек өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясының бас директоры Эдвин Блом кәсіпорынның негізгі нәтижелері туралы баяндады. Қарашығанақ 12 млрд баррель сұйық көмірсутек пен 57 трлн текше фут газды қамтиды, олардың шамамен 11% қазіргі таңға дейін өндірілді. Э. Блом Қарашығанақты игерудің 21 жылы республика бойынша барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар 42% қамтамасыз етілді, бұл кен орнын одан әрі игерудің үлкен келешегі бар екенін дәлелдейді.

Оның айтуынша, ҚПО өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, жақсы өндірістік көрсеткіштерді тұрақты көрсетуде.

«Біздің экологиялық көрсеткіштеріміз әлемдік деңгейге сай келеді. Экологиялық қауіпсіздіктің өте қатаң стандарттары өндірісте ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымда да сақталуда. Осымен екінші жыл қатарынан біз Оралда экологиялық форум ұйымдастырдық, оған біз экологиялық қауіпсіздікті арттыру мәселелерін талқылау үшін тек ҚПО қызметкерлерін ғана емес, сонымен қатар мердігерлерді де шақырамыз. Өйткені, бүгінгі күні көрсеткіштер жақсы болғанымен, алдағы күндері олар жеткілікті түрде жақсы болмауы мүмкін. Қоршаған орта өзгеріп жатыр», — деді Эдвин Блом.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаевқа Қарашығанақ кен орнын пайдалануды кеңейту және мерзімін ұзарту қондырғыларының жұмысы туралы толығырақ баяндалды. Бүгінде мұнай негізінен Қара теңіздегі «Оңтүстік Озереевка» портына апаратын КҚК құбыр желісі арқылы экспортталады. Мұнайды сатудың тағы бір бағыты — «Транснефть» компаниясының көлік жүйесімен байланысатын «Атырау–Самара» құбыры арқылы жеткізіледі, ол Приморск портына және бірқатар еуропалық бағыттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынды технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу туралы айта отырып, ҚПО бас директоры бүгінде консорциум акционерлері Қарашығанақ кен орнын игеруге $23 млрд астам инвестиция салғанын айтты. Кен орнын игеру кезінде ең озық технологиялар пайдаланылады. Бұл максималды экономикалық кіріс алумен жер қойнауын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚПО басшылығы технологиялық жабдықтарды қолдауға одан әрі инвестиция салуға ниетті.

«Қазіргі таңда ел Президенті атап өткен цифрландыру жоспарлары жоғары құлшыныс тудырады. Қауіпсіздік, экологиялық жауапкершілік, адам капиталы және т.б. мәселелерді қамтитын бірқатар бастамаларды көріп отырмыз. ҚПО онсыз да жоғары технологиялық кәсіпорын, дегенмен, цифрландыру – бұл аса дамушы инновациялар, сондықтан да жергілікті қызметкерлерді үнемі дамытып отыру керек», — деді Э. Блом, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау ҚПО-ның негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізе отырып.

Бұдан өзге, ҚПО Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының қажеттіліктері үшін электр энергиясын жеткізеді. Осы мақсаттар үшін газ-турбиналық электр станциясы жұмыс істейді, оның негізгі мақсаты — кен орнының және жақын маңдағы елді мекендердің барлық өндірістік кешенін өзінің электр қуатымен қамтамасыз ету.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Конденсат» АҚ зауытында мұнай мен газды өңдеудің технологиялық тізбегі жұмысының жалғасымен танысты. Мұнда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір аясында K5 экологиялық санатының бензинін шығару іске қосылды.

«Конденсат» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы В. Жүнісов зауытты жаңғырту жұмыстары туралы, сондай-ақ өндірісті автоматтандыру және цифрландыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді. 2017 жылы зауыт жылына 850 мың тоннаға дейін кәсіпорынның қуаттылығын арттыра отырып жаңғыртылды. Бұдан өзге, 2018 жылдың маусым айында дизель отынын K5 экологиялық санатына дейін гидротазартатын қондырғы іске қосылды. Жалпы, зауытты реконструкциялауға барлығы $200 млн астам инвестициялар тартылды.

Аталған жаңғырту жұмыстары еліміздің ішкі нарығындағы мотор отындарының тапшылығын жабуға мүмкіндік берді, сондай-ақ бюджетке акциздер мен басқа да салық төлемдерінің түсімін ұлғайтты. Сонымен қатар, зауыт жоғары білікті жұмыс орындарын аша отырып, облыстың 1000-нан астам тұрғынына (кәсіпорын қызметкерлері мен олардың отбасыларына) лайықты табыс әкеледі. Жаңа бензин қондырғылары іске қосылған сәттен бастап K5 жоғары экологиялық санатының 80 мың тоннадан астам бензині шығарылды. Осы кезеңде облыстық бюджетке шамамен 1 млрд теңге акциз төленді.

Зауытта өндірілетін жоғары октанды бензин мен дизель отыны Батыс Қазақстан облысында ғана емес, жақын маңдағы облыстарда да сатылады. Бұдан өзге, шығарылған өнімнің жартысы шетелге экспортталады. Мәселен, вакуумдық газойль Беларуське экспортталады, ал гудронды сату Ресейге бағытталған.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Б. Сағынтаев бірқатар өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап, облыс активтерімен және бизнес өкілдерімен жобалық басқару мәселелері жөнінде кездесу өткізеді.

Премьер-Министр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының барысын тексеруге және «7–20–25» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысу үшін Зашаған кентіне барады.  

Б. Сағынтаев мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру процесімен және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өңірлік жобаларының іске асырылуымен танысады.

Премьер-Министрдің жұмыс сапары облыс активімен және бизнес өкілдерімен өтетін кеңеспен аяқталады, онда жобалық басқару мәселелері талқыланып, осы жылдың 6 айындағы жұмыстардың қорытындылары шығарылып, Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауларында, «Бес әлеуметтік бастамасында» берілген міндеттерді одан әрі шешуге қатысты жоспарлар қаралады.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев мамандандырылған ХҚКО жұмыс залдарын аралап, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді беру процесін автоматтандыру шараларымен танысты.

Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйді тексеру барысында Премьер-Министрге нысан осы жылдың шілде айында пайдалануға берілетіні айтылды. Орал қаласының әкімі М. Мұқаев Мемлекет басшысының жарияланған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары толық көлемде іске асырылып жатқанын атап өтті. 2015–2017 жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 159%-ға артты. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, өткен жылы өңірде 3 828 тұрғын үй салынды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 38,6% артық. 2017 жылы басталған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 9 млрд теңгеге 7 тұрғын үй (1106 пәтер) пайдалануға берілді. Осы жылдың 1 шілдесінде 2 234 тұрғын үй (234,9 мың шаршы метр тұрғын үй) пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 115% тең. Биыл барлығы 415,7 мың шаршы метр пайдалануға беріледі, бұл шамамен 3,8 мың тұрғын үй.

«2018 жылы құрылыс саласына 13 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 43 тұрғын үйдің (6 400 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр: мемлекеттік бағдарламалар аясында — 3 200 пәтерге арналған 21 үй, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында — 1 400 пәтерге арналған 10 көпқабатты тұрғын үй, жеке инвестициялар қаражатының есебінен — 1 600 пәтерге арналған 12 көпқабатты тұрғын үй. Пәтерлердің жалпы ауданы 80,5 мың м²», — деді Орал қаласының әкімі М. Мұқаев.

Сонымен қатар, «7–20–25» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында және жеке инвестициялар есебінен облыс орталығының төңірегінде жалпы ауданы 425 гектар болатын «Ақжайық» жаңа шағын ауданын игеру басталды. Мұнда 150 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Бұдан өзге, өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаттарына сәйкес, бұзылған апатты және ескі үйлердің орнына жаңа үйлер салынуда. Осылайша, 2017 жылы Орал қаласында 7 апатты үй құлатылып, олардың орнында жаңа ғимараттар салынып жатыр. Биыл апатты деп танылған 13 үй құлатылады.

Мемлекеттік бағдарламалардан өзге, Оралда жеке көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, тек соңғы үш жылдың өзінде ғана жалпы аумағы 250 мың шаршы метр болатын, 4500 пәтерден тұратын 35 көпқабатты үй салынған. Қазіргі кезде жеке инвесторлар жалпы аумағы 80,5 мың м² болатын 12 тұрғын үй (1600 пәтер) құрылысын жүргізіп жатыр.

Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының аясында сонымен қатар қаладағы оқу орындарының жанынан студенттерге арналған 6 жатақхананы салу жоспарланып отыр. Осылайша, 1650 студент тұрғын жаймен қамтылмақ. Қазіргі кезде жер телімдері бөлінген, жобалау жұмыстары атқарылуда.

Жұмыс сапарының жалғасы ретінде Премьер-Министр Б. Сағынтаев мамандандырылған жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығына барды, онда «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету әдістерімен танысты. Мамандандырылған ХҚКО директоры М. Басаров айтып өткендей, жұмыс істеген 2 айдың ішінде орталық қызметкерлері 15 мың түрлі қызметтерді көрсеткен.

«Қала тұрғындары қызметтерді алудың қолайлы форматына көшті. Көлікті қайта тіркеу мен жүргізуші куәліктерін ауыстыруды олар онлайн-режимде жасай алады. Бұрын аталған қызметтерді алу уақыты шамамен 6 сағат болатын, қазір орталықтың жаңа мүмкіндіктерінің арқасында көлік иелері оған шамамен 90 минут уақыттарын жұмсайды. Күн сайын мамандандырылған ХҚКО-да орта есеппен 350-370 қызмет көрсетіледі. Мамандандырылған ХҚКО-да жыл сайын 70 мыңға жуық автокөлік иелеріне қызмет көрсетіледі деп жоспарлануда», — деді М. Басаров.

 

Еске сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің өңірлерін жұмыс сапарымен аралап жүр. Бұған дейін Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарына барып қайтты.

 




Яндекс.Метрика