Басты
  • Тәуелсіздік пен Елбасы – ажырамас ұғым – Мәжіліс депутаты 16 Желтоксан 2018 Бүгін Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 27-жылын мерекелеуде. 1991 жылы азат ел атанған жас мемлекеттің мақсаты айқын, қадамы қарымды. Тәу етер Тәуелсіздік ұғымының қазақ елі үшін маңыздылығы туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
  • Ұлттық мереке – тұғыры биік Тәуелсіздік 15 Желтоксан 2018 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Айтулы мерекенің тарихы мен маңызына көз жүгіртсек...
  • Қазақстан 300 млрд АҚШ долларына жуық шетелдік инвестиция тартты 14 Желтоксан 2018 Қазақстан бизнесті енгізуге қолайлы мемлекет екенін шетелдік инвесторлар мойындап отыр. Қазақстанда инвестициялық қызмет атқарып жүрген шетелдік инвесторларды мараппатаудың жыл сайынғы V салтанатты рәсімінде 10 шетелдік инвестор үздік атанды.
  • Н.Назарбаев Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік сыйлықтарды тапсырды 14 Желтоксан 2018 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстандағы ЖОО-ның мәртебесі қандай 14 Желтоксан 2018 Жаңа ғасырдағы үдемелі үрдіс қоғам өміріне дендей еніп, оның ажырамас бөлігіне айналды. Жаһандық бәсекелестіктің артуымен жасанды интеллект, робот техникасы, 3D жобалау, Big data ұғымдарын жиі кездестіреміз. Технологиялық трендтер біз өмір сүретін ортаның экономикалық, әлеуметтік-мәдени, тіпті тұлғалық қалыптасуына өзгеріс енгізетіні анық. Ендігі жұмысты түтіні будақтаған зауыт-фабрикадағы мыңдаған қара жұмысшы емес, шағын кеңседе инженер-программистің басқаруымен роботтар атқарады. Мұны «Төртінші өнеркәсіптік революция» қарсаңындағы құбылыс деп сипаттаймыз.
  • Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен шет мемлекеттердің басшылары құттықтады 13 Желтоксан 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстанда өзін-өзі қамтығандардың мәселесі қалай дамымақ 13 Желтоксан 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауында Қазақстанның еңбек нарығындағы айырықша топқа баға бергені бар. Президент ресми құжаттарда «өзін өзі қамтығандар» деп аталатын әлеуметтік топты экономикаға пайдасы мол болатын күш ретінде бағалаған. Жолдауда «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады» делінген еді. Дегенмен, «өзін-өзі қамтығандар» деп аталатын топтың қандай категорияға жататынына, әлеуметтік-экономикалық саясатта қандай рөл атқаратынына бір жақты баға беру қиын.
  • ИНФОГРАФИКА: Жекешелендіру барысы 13 Желтоксан 2018
  • Өңірлерді дамыту: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы 12 Желтоксан 2018 Алматы облысы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы облыс әкімі Амандық Баталов баяндады. Мәселен, Алматы облысының экономикасына Қытай, Орталық Азия мен Еуроодақ елдері арасындағы тауарлық лек қиылысындағы ірі көліктік-логистикалық Хаб ретінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА зор серпін береді. Алматы облысының даму барысы туралы Strategy2050.kz АА-дан оқи аласыздар.
  • Азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі - Елбасы 12 Желтоксан 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуды ынтыландыру қажет 12 Желтоксан 2018
  • Индустрия: Елордада ашылған цифрлық жобалар 12 Желтоксан 2018 Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында Мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған 28 жаңа жоба таныстырылды. Оның ішінде 3 ірі жоба Астанада іске қосылды. Цифрландыру бойынша жүзеге асырылған жобалар қызметті қаншалықты оңтайландыратыны жөнінде келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ғылыми жаңалықты құқықтық қорғау Қазақстанда қалай жүзеге асырылады 12 Желтоксан 2018 Ғылыми жаңалықтарды құру және қолдану, олардың авторы мен жаңалықтар жасалатын ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау бойынша қатынастарды реттеудің тиімді механизмдерін іздеу жарты ғасырға жалғасып келеді. Бұл өте ұзақмерзімді үрдіс. Зияткерлік меншік құқығы жаңа экономикалық парадигма жағдайында ұлттық деңгейдегі дамудың маңызды аспектісі ғана емес, АҚШ пен ҚХР сынды алпауыттардың сауда текетіресіне де себеп болып отыр. Қазірге дейін бірқатар жаһандық және ұлттық масштабтағы құжаттар қабылданды. Олардың бірқатары: Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Конвенциясы, 1952 жылғы 6 қыркүйектегі Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж келісімі, Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы (1886 ж.), Еуропалық патент конвенциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасының патент заңы», ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және т.б. Осы уақыт аралығында әртүрлі жобалар ұсынылды, жаңалықтарды тіркеудің жүйелері енгізілді және қайта жабылды, бірақ мәселе әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
  • Екінші бесжылдық: Елбасы бірқатар индустриялық жобаларды іске қосты 11 Желтоксан 2018 Астанада Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі өтті. Онлайн режимде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобалар іске қосылды. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталғалы (2015-2017 жылдар) 3,1 трлн. теңгенің 378 жобасы іске қосылып, 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылы жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн. теңге болатын 100 нысан қатарға қосылып, 13 мың адамға жұмыс берілді.
  • Индустрияландыру күні: «Алтын сапа», «Ұлы дала елі», «Іскер» жеңімпаздары анықталды 11 Желтоксан 2018 Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы «Алтын сапа» конкурсына 182 кәсіпорын, оның ішінде 78 -і шағын кәсіпкерлік, 76-сы орта және 28 -і ірі кәсіпкерлік нысаны.
  • 11 айлық қорытынды: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық индикаторы 11 Желтоксан 2018 Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ-нің өсуі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ды құрады. 6 негізгі саланың даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,8%-ды құрады.Бұл туралы «2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы талқыланған Үкімет отырысында мәлім болды.
  • Қазақстандағы білім жүйесінің даму деңгейі 11 Желтоксан 2018 ҚР Конституциясына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында мемлекеттік кепілдіктер берілетіні анық жазылған. Дамыған елдердің тәжірибесіне қарап, білім беру мен денсаулық сақтау, ғылымды дамыту, спорт, жұмыспен қамтуға бағытталған реформалар мен инвестицияның нәтижесінде ұлт өмірін сапалы қылуға, постиндустриалды қоғам талаптарына жауап беретін интеллектуалды қоғам орнатуға, табысты жастарды тәрбиелеуге болатынына көз жеткіземіз. Мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болу үшін тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек.
  • 2019 жылы тарифтер қалай өзгереді 10 Желтоксан 2018 Бүгінгі күні жылумен, сумен жабдықтау, электр энергиясын тарату және жабдықтау саласындағы 40 монополист бойынша тарифтердi 28,8 млрд теңгеге төмендету туралы шешім қабылданды. Атқарылған шаралар ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың 13 қарашадағы хаттамалық тапсырмасы шеңберінде бірқатар қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын талқылау барысында белгілі болды.
  • О.Өксікбаев: Монополистерге заңдық шектеу қою керек 10 Желтоксан 2018 Монополист компаниялар өндіріс көздерін жаңартып, жаңа техникалар мен технологияларды енгізудің орнына, тарифтерді екі есе көтеріп, өздерінің қалталарын қалыңдатты, қарапайым халықтың есебінен. Дәл осылай деген болатын, осыдан 1 ай бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің жиынында. Тариф қазақстандықтардың қалтасын 14 миллиард теңгеге қағыпты. Қуат өндіруші компаниялардың заңсыз табысы 15 миллиард теңге болған. Президент шұғыл түрде шара қолданып, тарифтерді тізгіндеуді тапсырған болатын. Осы мәселеге орай, есеп-қисапты бүге-шігесіне дейін білетін бұрынғы Есеп комитетінің басшысы, қазіргі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаевпен сұхбаттасқан едік.
  • Қазақстан қор биржасы: 25 жылдық жұмыстың қорытындысы 10 Желтоксан 2018 KASE құрылғалы бері Қазақстанның қаржы нарығы инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып табылады. Биржа құнды қағаздарды қалыптастыра отырып, ілгерілендіреді. Bloomberg-тің мәліметі бойынша, 2016-2018 жыылдары KASE индексі әлем бойынша тез өсетін қор биржаларының ТОП-3-тігіне енді. 25 жылда Қазақстан қор биржасының атқарған жұмысы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: Цифрлық трансформация 10 Желтоксан 2018 Қазақстан тәуелсіздігінің ширек ғасырлық межесі жедел және күрделі өзгерістермен тұспа-тұс келді. Жаһандық экономикалық және геосаяси бетбұрыстар, миграциялық тенденция, экологиялық проблема мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа форматын қалыптастыруда. Технологиялық трендтер қоғамның экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму сипатына өзгерістер енгізеді. Бұл құбылыс Төртінші өнеркәсіптік революцияның алғышарты ретінде бағаланады.
  • Қазақстанның энергетикалық секторы озық технологиялар ұстанымына қалай көшеді? 07 Желтоксан 2018 Ең озық қолжетімді технологиялар - бұл қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық және басқару шараларын қамтамасыз етуде пайдаланылатын және жоспарланып отырған салалық технологиялар, техника мен жабдықтар.Қазақстан бұл орайда қандай іс-қимыл жасайды толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • 2020 жылға дейін инфляцияның деңгейі қандай болмақ – Ұлттық банк 07 Желтоксан 2018 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жылына 4 рет болжамдық раунд жүргізеді, оның барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, бірінші кезекте инфляцияның ортамерзімді кезеңдегі болжамы жүзеге асырылады.
  • ЕАЭО елдеріне 2025 жылға қарай өзара саудадағы барлық кедергіні жою қажет – Н.Назарбаев 07 Желтоксан 2018 Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Проблемалық кредиттермен күресу қалай жүзеге асырылады 06 Желтоксан 2018 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ оған «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ-ны қосу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
  • Түркі кеңесі: Мүше елдердің жастарын ортақтастыру 05 Желтоксан 2018 Түркі кеңесі министрлерінің отырысында ынтымақтастықты кеңейтуге және түркітілдес мемлекеттер мен жастардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
  • ИНФОГРАФИКА: Өндірістік өнімнің бағасы 05 Желтоксан 2018
  • АӨК: Мемлекеттік бағдарламаның алдын ала қорытындылары 04 Желтоксан 2018 Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен алдына еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын 5 жыл ішінде кемінде 2,5 есеге ұлғайту міндетін қойған болатын. Қойылған міндеттерді ескере отырып, Үкімет ағымдағы жылғы шілде айында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын өзектендіріп, қайта бекітті. АӨК мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндап берді.
  • Елбасы сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері туралы айтты 04 Желтоксан 2018 Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Нұрлы жер» бойынша пәтер алу үшін 1 млн теңге жинау жеткілікті 04 Желтоксан 2018 «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында пәтер сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне 1 млн теңге жинау жеткілікті.Қолжетімді бағамен берілетін жаңа пәтерлерді Қостанай облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары банк шотына бастапқы жарна ретінде үй бағасының 20%-ын жинау арқылы сатып ала алды. Оларға банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген несие ұсынып, пәтер иесі атануға көмектесті.
  • Өнерлі оқушылардың «Елбасына тілегі» 01 Желтоксан 2018 Астана қаласы Білім басқармасының №1 өнер мектебі оқушыларды Отанына, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін нығайту ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ІІІ қалалық «Елбасына тілек» балалар шығармашылығы байқауын өткізді.
Яндекс.Метрика