Басты
  • Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» ашылды 29 Тамыз 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • ИНФОГРАФИКА: 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспардың мақсаты 29 Тамыз 2018
  • Елбасы Лассина Зербомен кездесті 29 Тамыз 2018 Қазақстан Президенті Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Біз конституциялық құрылым ісіндегі ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз - Н.Назарбаев 29 Тамыз 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • 29 тамыз - Ядролық қарудан бас тарту күні 29 Тамыз 2018 Бүгін ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. 2009 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Беларусь, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Түрікменстан, Жапония және басқа елдер бар.
  • Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады 28 Тамыз 2018 Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Премьер-Министр әр азаматты еңбекке тартудың маңыздылығын атап өтті 28 Тамыз 2018 ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды формализациялау жөніндегі жол картасын іске асыру барысын қарау қорытындысы бойынша формальды емес жұмыспен айналысатын адамдарды ел экономикасына тарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова баяндады.
  • Конституцияның әлеуеті Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына кіріуіне ұзақ жылдар қызмет етеді– Н.Назарбаев 28 Тамыз 2018 Негізгі Заңның мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Конституциясына Жаңа Түсініктеме бойынша тұсаукесері өтті. Аталмыш рәсім «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» халықаралық конференциясы барысында жүзеге асырылды. Сондай-ақ, конференция аясында «Үздік жас заңгер - 2018» конкурсының және конституциялық құндылықтар мәселелері бойынша конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет – Н.Назарбаев 27 Тамыз 2018 Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Сенаторлар өңірлерде: Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қалай дамып жатыр 27 Тамыз 2018 Қазақстан аймақтарындағы жергілікті халықтың тілектері мен ұсыныстары Парламенттің кезекті сессиясының жұмыс барысында ескерілетін болады. Өңірлерде іс-сапармен жүрген сенаторлар әр өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына мән берді. Сенаторлардыңенаторлардың өңірлерге сапары жайлы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Түркменбашы саммиті: 50 жылда Аралдың аумағы 9 есе кеміп, суы 30 есе азайған 25 Тамыз 2018 Түркмен астанасында өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттерінің басшылары саммит соңында БАҚ өкілдерімен кездесті. Осы жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпы жиынның өткізілуіне жоғары баға беріп, Аралға араша түсу шараларына күш салуға шақырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Г.Әбдіхалықова: Мектептерде 8362 психолог, 4268 әлеуметтік педагог, 2177 полиция инспекторы жұмыс істейді 24 Тамыз 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Н.Назарбаев: Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру маңызды 24 Тамыз 2018 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты. Елбасы Арал теңізін құтқару үшін және аймақтық тұрақтылықты сақтау бағытында бірқатар ұсыныстар айтты. Орталық Азия халықаралық су-энергетикалық концорциумын құру мәселесіне қайта оралу қажеттігіне тоқталды. Бұдан кейін, мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстары өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Мемлекет басшысы Арал тағдырын талқылайтын саммитке қатысу үшін Түрікменстанға барды 24 Тамыз 2018 Қазақстан Президенті Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Түрікменбашы қаласына барды. Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, Аралды құтқару бойынша Халықаралық қоры құрылтайшы-мемлекеттерінің саммитіне қатысты. Сондай ақ, жиын барысында Қазақстан Президенті жиынға қатысушы елдердің басшыларымен жекелеген кездесулер өткізбек. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарлама негізінде жасалған Strategy2050.kz шолуы.
  • Елбасы Атырауда кеңес өткізді 24 Тамыз 2018 Нұрсұлтан Назарбаев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Студенттер үйіне барды. Мемлекет басшысы «ҚазТрансОйл» компаниясы «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру барысында Атырау мемлекеттік университетіне сыйға тартқан жаңа Студенттер үйінің ғимаратымен танысты. Іле-шала аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам маман даярланған 23 Тамыз 2018 Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен шетелдерде білікті кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Мемлекеттік хатшы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық адами капиталдың сапасы әлемдік экономика өсімінің басты факторына айналып отыр. Жаңа заман адамдарының дайындық деңгейі – ұлттық экономика мен мемлекет дамуының шешуші ресурсы» деген сөзінің өзектілігіне назар аударды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды 23 Тамыз 2018 Мемлекет басшысы Атырау қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнында болып, жаңа технологиялардың қолданылу барысымен танысты. Шолу Ақорданың баспасөз қызметінің ақпараттары негізінде жазылды.
  • Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады 22 Тамыз 2018 Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ливан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жискар Әл-Хури, Украинаның Төтенше және өкілетті елшісі Иван Кулеба, Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Марсия Доннер Абреу, Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Имтиаз Ахмад Кази сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Үкімет отырысы: биыл 20 млн тонна астық жиналады 22 Тамыз 2018 Күзгі жиын-терім кезінде шаруалар үшін жанар май бағасын көтермеу, оны бақылауда ұстау басты назарда. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі жиын-терімге тас түйін дайын екендерін мәлімдеді. Жеңіз Қасымбек ІІ жарты жылдықта тек Индустрияландыру картасы бойынша 12 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатынын айтты. Толығырақ Strategy2050.kz шолуында...
  • Елбасы мұсылман әлемін Құрбан айт мерекесімен құттықтады 22 Тамыз 2018 «Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам. Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық. Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады. Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі. Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін! Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын! Айт қабыл болсын!» делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Ал Құрбан айттың алғашқы күні Елбасы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды.
  • Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 20 Тамыз 2018 Қазақстан Президентіне бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалу барысы және елорда құрылысының перспективалық жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • ҚР БҒМ: Астанаға жыл сайын 15 мектеп салынуы керек 20 Тамыз 2018 Елімізде 2016-2019 жылдарға арналған Білім беруді және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарлама аясында орта білім ошақтарында бірқатар өзгерістер болды. Үштілді білім беру жүйесі енгізілді, ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында курстар ұйымдастырылды, 5 күндік сабақ жүйесі енгізід және бірқатар өзгерітер болды. Жалпы осы жылдың алғашқы жарты жылдығында тағы нендей өзгерістер болды? Алдағы уақытта ұстаздардың мәртебесін көтеру, жалақысын арттыруға байланысты қандай қадамдар жасалып жатыр. Strategy2050.kz шолуы.
  • Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады 20 Тамыз 2018 Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігі органдарының биылғы жартыжылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасы еліміздің солтүстік өңірін аралап қайтты 17 Тамыз 2018 Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын аралап қайтты. Сапар барысында Елбасы астық жинау науқаны мен бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен танысты. Жергілікті дихандармен кездесіп, жағдайларына қанықты. Ақорданың ресми сайтының хабарламалары негізінде жасалған шолуды ұсынамыз.
  • Н.Назарбаев А.Есімовті қабылдады 16 Тамыз 2018 Қазақстан Президенті «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қ.Әбдірахманов: Конвенция – теңіз аймағының саяси тұрақтылығына қызмет етеді 16 Тамыз 2018
  • Елорда жаңа оқу жылына дайындықты бастады 15 Тамыз 2018 Астана әкімі қала көшелерін аралап, білім ошақтарына кірме жолдарды, олардың айналасындағы қоршауларын тексерді. Ал Елорданың осы салаға жауапты мекемесінің басшысы оқу жылына дайындық және бала бақшаларға қабылдау барысын баяндады. Қала әкімі бірқатар нысандарға барып, жұмыстың қарқынын арттырып, жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауға тапсырмалар берді.
  • Елбасы Н.Назарбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасын қабылдады 15 Тамыз 2018 Кездесу барысында Мемлекет басшысына Парламенттің жоғары палатасының VI шақырылымы үшінші сессиясының негізгі қорытындылары мен алдағы сессияда қарастыратын заң жобалары жұмыстарының жоспары баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз-қызметі.
  • 7 айдағы жетістік 14 Тамыз 2018 Еліміздің Ұлттық экономика министрінің Үкімет отырысындағы деректеріне сүйенсек, биылғы қаңтар-шілдеде, яғни, 7 айдағы ЖІӨ былтырғы осы мерзімімен салыстырғанда 4,0%-ға өскен. Өсім негізінен экономиканың 6 саласын қамтып отыр. Олар; өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс. Сөйтіп, әлеуеттің даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,9%-ды құраған. Бұдан басқа Үкіметтің бүгінгі жиынында елдегі қаржылық ахуал, теңге бағамының төмендеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, ауылдарды интернет желілерімен қамту мәселелері сөз болды. Strategy2050.kz шолуы...
  • Білімді шәкірт, білікті маман - ЖОО айнасы 13 Тамыз 2018 Жастар алатын сапалы білім – халықты өркендетуге жолашар интеллектуалдық капитал. Ойшыл Ахмед Иүгінеки «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген екен. Өткен ғасырларда айтылса да, осы сөздердің маңызы бүгін де жойылған жоқ. Өйткені, бүгінгі өмірдің басты бәсекесі – білім. Білімсіз, кәсіби біліктілігі кем маман қоғамнан өз орнын табуы неғайбыл. Міне, сол себепті, заманауи кәсіби маман болу үшін жас буын өзді-өзімен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдерін, кәсіби біліктіліктерін үнемі арттырып отыруы қажет. Дамыған 30 елдің қатарына ұмтылған біздің жас мемлекетіміз үшін бұл аса маңызды. Елбасы Н.Назарбаевтың да ел жастарының алдына қойып отырған басты шарты осы.
  • Н.Назарбаев: Конвенция - «Каспий теңізінің конституциясы» 13 Тамыз 2018 Ақтаудағы V Каспий саммитінің қорытындысы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесті. Елбасы осы жиын мен саммитте қабылданған Конвенцияның маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз-қызметі.
  • Алматы –инвестициялық тартымды қалалардың көшбасшысы 10 Тамыз 2018 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында республикалық деңгейде (20.3%), бұл басқа аймақтармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш, көтерме сауданың жартысын (48%), бөлшектеп сатудың төрттен бір бөлігінен жоғарғысын (30%) қамтамасыз етті. Қазақстан Әлемдік банктың Doing Business рейтингісі бойынша 36-шы орынды иеленіп тұр. Бұл ретте, аталмыш рейтингті шығарарда Алматы қаласының көрсеткіштері есепке алынғанын айта кету қажет. Бұл туралы KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Жандос Оразалиев мәлімдеді.
  • Елбасы Бас прокурорды қабылдады 09 Тамыз 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Brands of Kazakhstan шетелде отандық брендттердің имиджін қалыптастырады 09 Тамыз 2018 Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан брендтері. Brandsof Kazakhstan» кітабының екінші томының тұсауы кесілді. Кітапта экономиканың түрлі секторларында және әр өңірде жұмыс істеп жатқан қазақстандық көшбасшы компаниялар мен брендтер таныстырылған.
  • Астанада Пабло Пикассо көрмесі ашылды 09 Тамыз 2018 ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассоның бірегей көрмесі ашылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Пабло Пикассо. Воллористік Селестина мен керамика» экспозициясы Астананың 20-жылдығына орай өткізілді.
  • Burabay forum: Шетелдік елдермен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту 08 Тамыз 2018 «Burabay forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» халықаралық форумында 40 жасқа дейінгі 100 жас ғалым өзінің жобаларын ұсынып, өзара тәжірибе алмасты. Өткен жылы тек Ресей мен Қазақстанның қатысуымен өтікізілген форумның биылғы жылы географиясы кеңейген. Форум 2 күнге созылып, Бурабайда жалғасады. Әр елден келген жас ғалымдардың талқылаған жобалары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан мен Иранның қарым-қатынасы жаңа деңгейге шықты – Мемлекеттік хатшы 08 Тамыз 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Дамирчилумен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Нұрсұлтан Назарбаев: Қорғаныс министрлігінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі- қару-жарақтарды технологиялық тұрғыдан жетілдіру 07 Тамыз 2018 Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Нұрлан Ерімбетов Қорғаныс министрі болып тағайындалды 07 Тамыз 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Біз Каспий саммитіне көп жылдар бойы дайындалдық 07 Тамыз 2018
  • Елімізде ЭКСПО жобалары қалай енгізілуде 07 Тамыз 2018 Энергетика министрлігі ЭКСПО көрмесінің халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды ҚР-да қолдану мүмкіндігін қарастыруда.Сараптамалық жұмыс тобымен көрмеде ұсынылған 105 шетелдік және 28 отандық технология таңдалған. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
  • ҰБТ-ға қатысты педагогикалық қауымдастық пен ата-аналардың ұсыныстары қандай 07 Тамыз 2018 Биыл мемлекеттiк бiлiм гранттарына қосымша жергiлiктi атқарушы органдар есебiнен 2700-ге жуық грант бөлiнiп отыр. Нормативтiк базамыз дайын.Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеудің және оқуға түсу емтихандарының қорытындылары бойынша өткен Үкімет отырысында баяндады.
  • Білім беру жүйесінде қандай жаңашылдықтар жүзеге асырылды 07 Тамыз 2018 Мемлекет «оқимын» деушілерге барлық қолдауды көрсетіп отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің кезекті отырысында айтты. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың 6 айында іске асырылу барысы туралы БҒМ басшысы Ерлан Сағадиев баяндап берді. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Бесінші Каспий маңы саммитінде қандай мәселелер талқыланады 06 Тамыз 2018 2018 жылы 12 тамызда Ақтау қаласында Каспий маңы елдерінің бесінші саммиті өтеді.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен саммитке Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Алиев, Иран Ислам Республикасының Хасан Рухани, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов келеді. Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық статусы, Каспийде экономика, көлік, экология, қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық орнату және басқа да мәселелерді талқылайды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ұлы дала еліне саяхат: Алтай – өркениет бесігі 06 Тамыз 2018 «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберінде экспедиция тобы жүріп өтетін «Алтай – өркениет бесігі» атты екінші бағдар 2018 жылы 5 тамызда Өскемен қаласынан жолға аттанды. Шығыс Қазақстан облысы мен қазақстандық Алтай тауы бөктерінің ең әдемі жерлеріне саяхаттайтын экспедиция мүшелерін аса қызықты, кей жерлері экстремалды 12 күндік саяхат күтіп тұр.
  • Елбасы Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді 03 Тамыз 2018 Елбасы Бесінші Каспий саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстан мен Үндістан: ынтымақтастық қалай дамып жатыр 03 Тамыз 2018 Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға ресми сапармен келген Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Сушма Свараджпен кездесті.
  • «Самұрық-Қазынаның» бүгінгі әл-ауқаты қандай 03 Тамыз 2018 «Самұрық-Қазына» Қорында барлық негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсім тіркелген. Жалпы, «Самұрық-Қазына» холдингінің негізгі қызметінен түскен кіріс 3,339 трлн теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% артық. Бұл жайында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды нәтижелері туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры — басқарма мүшесі компанияның Ернар Жанәділ айтып берді.
  • Астанадағы ерекше балалар жазғы демалысын қалай өткізуде 02 Тамыз 2018 Елімізде ерекше балалар үшін бірқатар қоғамдық, әлеуметтік шаралар ұйымдастырылып тұрады. Бүгін Астана қаласының арнайы коррекциялық мектеп-интернатының 25 оқушысы «Барыс» хоккей клубының ойыншыларымен кездесті. Ерекше балалар хоккей клубының жаттығу сәтін тамашалап, сыйлықтарға ие болды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ЕХӘҚМ мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақылар туралы түсіндірді 02 Тамыз 2018 Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 2016 жылы екі рет арттырылды. Жалпы, мүгедектікке қатысты Strategy2050.kz АА-ның фейсбуктегі парақшасында бірқатар сұрақтар келіп түскен болатын. Оларға жауапты біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші–қон комитетінің төрағасы Ақмади Сарбасовтан алған болатынбыз.
  • Түркістан облысының өндірістік және әлеуметтік ахуалы 01 Тамыз 2018 Түркістан облысының «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан «Полиэтилентерефталат қалдығының жасанды талшығы өндірісі» зауыты осы жылдың күз айында толық қуаттылығымен іске қосылады. Құрылыс жұмысына мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қолдаулардың тиісті деңгейде атқарылуын облыс әкімі тапсырды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Яндекс.Метрика