Басты
  • Денсаулық саласын цифрландыру қалай жүзеге асырылуда 22 Маусым 2018 Қазақстан бойынша Интернет желісіне қолжетімділік аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарында 100% -ды (объектілер саны - 785, оның ішінде қосылғандар – 785) құрайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді.
  • Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады 22 Маусым 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Әділет саласындағы реформалар қалай жүзеге асырылуда 22 Маусым 2018 Бүгін Әділет министрі Марат Бекетаев халық алдында есеп берді. Әділет саласындағы жаңалықтар мен атқарылған жұмыстарды айтып өтті. Сондай-ақ, сот орындаушыларының өкілеті мен адвокаттық қызметтерге қатысты бірқатар ақпарат берді. Әділет министрлігінің жұмыс қорытындысы мен жоспары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Мәдениет саласының дамуы - есептік кездесу 21 Маусым 2018 ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт саласындағы жаңалықтар мен атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп берді. Министр есепті шараға қатысып отырған мәдениет саласының майталмандарын таныстырудан бастады. Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығына қандай шаралар ұйымдастырылатыны баяндалды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласзыдар.
  • «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ресми сайты іске қосылды 21 Маусым 2018 Цифрлық экономика және жаңа технологиялар мәселелері күн сайын анағұрлым өзекті болуда және оны әр саладағы мамандар, сол сияқты қарапайым азаматтар талқылауда. Бірақ бұл таңғалатын нәрсе емес, себебі жаңа өнеркәсіптік-цифрлық төңкеріс адам өміріндегі барлық салаларға қатысты.
  • Ақтөбе облысындағы жаңа кәсіпорындардың қызметі 21 Маусым 2018 Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында «Зәру» пантомен емдеу шипажайы ашылды. Жоба жергілікті тұрғындарды сауықтыруға және облыс туризмінің дамуына оң әсерін тигізетіні анық. Сондай-ақ, Хромтау қаласында керамикалық тақтайшалар шығаратын зауыт іске қосылатыны белгілі болды. Ақтөбе облысы қарқынды дамып жатқан ел өңірлерінің бірі. Облыста ашылған кәсіпорындардың қызметі туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысының әкімін таныстырды 20 Маусым 2018 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету мен әкімшілендіру цифрлық форматқа ауыстырылады – Б.Сұлтанов 20 Маусым 2018 2018 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (МЖӘ) 212 шарты тіркелді, оның ішінде:610,7 млрд. теңге сомаға республикалық жобалар бойынша 4 шарт, 161,1 млрд.теңге сомаға жергілікті жобалар бойынша 208 шарт жасалды. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.
  • Елбасының Түркістан облысын құру туралы Жарлығы –тарихи шешім – Е.Қарин 20 Маусым 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістанға ауыстыру шешімін жұртшылық оң қабылдады. Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалардың қатарына қосылып, облыс орталығының тарихи астана Түркістанға ауысуы аймақтың дамуына оң серпін береді. Белгілі саясаттанушылар әкімшілік-аумақтық құрылыстың өзгеруіне қатысты өз пікірлерін білдірді.
  • Рухани жаңғыру: Түркістандық өнерпаздар Астанаға тарту жасады 20 Маусым 2018 Елорда төрінде «Асқақтай бер, Астана!» Түркістан облысы өнерпаздарының гала-концерті өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты Түркістан облысының Астанадағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылып отыр.Сонымен қатар, елордада қолөнер және қылқалам шеберлерінің кешенді көрмесі өтті.
  • Шымкент инвестициялар, технологиялар және интеллектуалдық ресурстарды біздің елге ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағына тартатын жаңа орталық болады 19 Маусым 2018
  • Қазақстанда Түркістан облысы құрылды 19 Маусым 2018 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның орталығын Түркістанға ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Мұнай-газ саласында қандай жаңашылдықтар болады 19 Маусым 2018 Қашағанда 2024 жылға қарай бұдан әрі кеңейту жобасы бойынша өндіріс көлемін жылына 13 млн. тоннадан 16 млн-ға жеткізу күтілуде. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Өзінің баяндамасында ведомство басшысы энергетика саласында атқарылған жұмыстар, жетістіктер және болашақ жоспарлар, сонымен қатар өткен жылда іске асырылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті. Толығырақ, Strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
  • Барлық заңдар Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуі керек - Елбасы 19 Маусым 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бекітілді 19 Маусым 2018 «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілді.
  • Қазақ диаспорасын қолдау: қаржы қайда жұмсалады? 19 Маусым 2018 Мамыр айында Үкіметтің №280 қаулысымен елімізде «Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы шетелдерде тұратын этникалық қазақтарды рухани және материалдық тұрғыда қолдауды жүйелі түрде жүзеге асыруға бекінген жайы бар. Құжаттың маңыздылығына қоғам тым қатты назар аудара қоймағанымен, жоспар Қазақстанның стратегиялық қадамдарының бірі болып отыр.
  • Үкімет отырысы: Шудағы оқиға, АӨК-ні дамытуды толықтыру 19 Маусым 2018 Үкіметтің бүгінгі отырысы Шу станциясы аймағында болған Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының жол апатынан басталды. Премьер-Министр Бағытжан Сағынтаев аталмыш жағдайды өз бақылауына алатынын айтты. Үкіметтің кезекті отырысында талқыланған түйіткілді мәселелерді келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Салық, еңбекақы, блокчейн және криптовалюта – ҰЭМ есебі 18 Маусым 2018 Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК-ге дейінгі еңбекақысы бар жұмысшыларға салынатын салық жүктемесі 10 есеге азаяды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халық алдында есеп беру отырысында мәлімдеді. Сондай-ақ, министр еңбекақысы аз жұмысшылардың еңбекақысын көтеру мақсатында салықтық жүктемелерді төмендету бастамасы бойынша іс-шаралар жүргізілетінін айтты. Толығырақ, Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
  • Г.Әбдіқалықова: «Ұлы Дала» – бүкіл түркі әлемінің басын біріктіретін мазмұны терең, аясы кең киелі ұғым 18 Маусым 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық III «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Рухани жаңғыру: Бағдарлама ауыл-аймақта қалай жүзеге асырылып жатыр 18 Маусым 2018 Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өңірлерде белсенді жүзеге асырылуда. Ақмола облысының Біржан сал ауданы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында мектеп оқушыларының жаз маусымындағы демалысын тиімді пайдаланып, ауданның киелі орындарына экспедициялар ұйымдастырған. Экспедиция әр 10 күн сайын әр ауылдық аймаққа шығады. Оқушылардың санасын рухани жаңғырту өңірде қалай жүзеге асырылып жатқанын Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
  • Елбасы Татарстан Президентін «Достық» орденімен марапаттады 15 Маусым 2018 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасы Қазақстан мен Ресейдің жас көшбасшыларының форумын ұйымдастыруды ұсынды 15 Маусым 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазан федералдық университетіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: ең ауқымды нарық 15 Маусым 2018 Биылғы жылы Қазақстан-Қытай қарым қатынасына 26 жыл толып отыр. Қытай ежелден ішкі, сыртқы саясаттық қадамдарды егжей-тегжейлі зерттеп жүзеге асырады. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары аясында орнатылған келісімдер өте тиімді. Бұл туралы «Стратегия» пікірталас клубы алаңында шығыстанушы ғалым Олжас Бейсенбаев мәлімдеді.
  • Парламент палаталарының бірлескен отырысында талқыланған түйіткілді мәселелер 15 Маусым 2018 Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті.Шараға министрлер кабинеті мен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, екі палатаның депутаттары қатысты. Сондай-ақ, шарада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Парламентіне қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ миссияларының тізімін ұсынды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • «Стратегия» пікірталас алаңы 15 Маусым 2018 Бүгін «Астана радиосы» мен Strategy2050.kz сайтында тікелей эфирде «Стратегия» пікірталас клубы өтеді. Шарада Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы талқыланады.
  • ИНФОГРАФИКА: Ұялы телефондарды тіркеу ережелері 15 Маусым 2018
  • Нұрсұлтан Назарбаев Ораза айт мерекесімен құттықтады 15 Маусым 2018 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Астанада «Алтын шипагер» сыйлығы табысталды 14 Маусым 2018 Астаналық медицина қызметкерлері пәтер мен 1 млн теңгеге ие болды. Бас шаһарда Елорданың 20 жылдығына орай «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ақ халатты абзал жандар ұлықталды. Елімізде алғаш рет медициналық «ALTYN SHIPAGER» сыйлығы тағайындалды. Сыйлыққа медицинаның әр саласында қызмет етіп келе жатқан өз саласының үздіктері ие болды. Толығырақ, Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
  • Елбасы Мәскеудегі әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысады 14 Маусым 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Түрікменстан Қазақстан үшін бауырлас ел – Г.Әбдіқалықова 14 Маусым 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Тойлы Көмековпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Цифрлық Қазақстан»: Әуе жүк тасымалы қағазбастылықтан құтылады 14 Маусым 2018 Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында көлік саласындағы алғашқы МЖӘ жобасы іске қосылды. Бүгін «E-freight» Әуе жүк тасымалы саласына қағазсыз құжат айналымын енгізу және бейімдеу бойынша көлікті цифрландыру саласында Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің алғашқы жобасына қол қою рәсімі болды.
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымы жаһандық пішінге ие – сарапшы 14 Маусым 2018 Бүгінде ШЫҰ-ның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық әлеуеті артуда. Ұйым жаһандық пішінге ие болып отыр.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әділхан Гадельшиев мәлімдеді.
  • Қазақстанда Ұлттық домбыра күні мерекеленеді 13 Маусым 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевы Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • МЖӘ: 787 млрд теңгенің 223 келісімі орнатылды 13 Маусым 2018 2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 229 нысан бойынша 223 МЖӘ келісімі орнатылды. Инвестицияның жалпы сомасы 787 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов «Атамекен» ҰКП-нің МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша бақылау кеңесінің екінші отырысында мәлімдеді.
  • Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы 13 Маусым 2018
  • Әрбір азаматтың 10 үздік табиғи және 10 тарихи аймағы болуы керек – Р. Күзембаев 13 Маусым 2018 Қазақстанның 20 тарихи нысанын қамтитын 6 бағыттан тұратын экспедиция ұйымдастырылады. Бұл туралы «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев мәлімдеді. Аталған экспедицияға танымал саяхатшылар мен БАҚ өкілдері, блогерлер қатысады. Ішкі туризмді дамытуға қандай шаралар жүргізіліп жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы: Инвестициялық жол картасы жүзеге асырылады 13 Маусым 2018 Бейжіңде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалау жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында өндірістік қуаттар мен инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жоспарын бірлесіп әзірлеу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумы түзілді.
  • Айбынды Астана - суретшілер көзімен 12 Маусым 2018 Әлемдегі ең жас астаналардың бірі - біздің Елордамызды, шетелдік қылқалам шеберлері майлы кенеппен көркемдеді. Астананың 20 жылдығы аясында «Нұр келбетті Астана» халықаралық суретшілер фестивалі өтіп, оған АҚШ, Ресей, Бразилия, Жапония, Үндістан және басқа да елдердің қылқалам шеберлері қатысты, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
  • БАҚ саласындағы ҚР Президентінің сыйлығына 61 ұсыным берілді 12 Маусым 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2018 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі Қоғамдық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «7-20-25» бағдарламасы аясында 200 млрд теңге ипотекалық несиелеуге жұмсалады – Ұлттық банк 12 Маусым 2018 200 млрд теңгені банктер «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде таяу жылы алады. Банктер оны ипотекалық кредиттеуге жұмсайды. Болашақта сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін 2 трлн теңгеге дейін екі есеге көбейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
  • Б.Сағынтаев министрлерге: 6 айдың қорытындысынан кейін игерілмеген қаржы басқа салаға жұмсалады 12 Маусым 2018 Құрылыс саласында 6 айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы қайтарылып, өзге салаларға бағытталады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2018 жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысына арналған Үкімет отырысында мәлімдеді. Толығырақ, Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
  • Қытайда ауыл шаруашылығы саласында түзілген келісімдер Қазақстанға не береді 12 Маусым 2018 Қазақстан мұздатылған сүйексіз сиыр етін Қытайға экспорттауға мүмкіндік алды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай сапары аясында Бейжіңде АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сиыр етіне арналған инспекция, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылды. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов хаттаманың Қазақстанға беретін мүмкіндігі туралы баяндап берді.
  • Астананың 20 жылдығы: мереке кезеңінде қауіпсіздіктің сақталуы 11 Маусым 2018 20-31 мамыр аралығында өткен жедел профилактикалық іс-шараны өткізуге Астанада 1,5 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылды, нәтижесінде 9,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 1,5 мың көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Осы шара 2-4 шілде аралығында қайта ұйымдастырылады. Астананың 20 жылдығын мерекелеу кезеңінде қауіпсіздік қалай сақталады толығырақ strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
  • ШЫҰ саммиті аясындағы келісімдердің Қазақстанға берері мол – сарапшы 11 Маусым 2018 Циндаода өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ұйым қызметі мен оның одан әрі дамуына серпін береді. Бұл туралы Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков мәлімдеді. ШЫҰ аясындағы келісімдер Қазақстанға қай салада тиімді болмақ. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
  • Елбасының Қытайға сапары: Циндаодағы кездесулер 11 Маусым 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай сапары аясында Циндао қаласында өткен ШЫҰ саммитіне қатысқан болатын. Президент бірқатар кездесулер өткізді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен мен Монғолия Президенті Халтмаагийн Баттулгамен кездесті. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасына сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді.
  • Елбасы ШЫҰ саммитінде цифрландыру саласында тәжірибе алмасу жөніндегі алаң қалыптастыруды ұсынды 10 Маусым 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстан мен Қытай 13 миллиард доллардан астам қаржы көлеміндегі 40-қа жуық құжатқа қол қойды 08 Маусым 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының іскер топтар өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • CNPC компаниясы Қазақстанның негізгі әріптесі болып саналады - Елбасы 08 Маусым 2018 Мемлекет басшысы CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті
  • Пікірталас алаңы: Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың 70 пайызы Қазақстанға тиесілі 08 Маусым 2018 Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың 70 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы бүгін «Стратегия» пікірталас алаңында белгілі болды. Инвестициялар және даму министрлігінің маманы мен Мемлекеттік және жеке меншік әріптестік орталығының сарапшылары елдегі инвестициялық ахуалды талқылады. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
  • «Нұр келбеттi Астана» байқауы басталды 08 Маусым 2018 Елорданың 20-жылдығы қарсаңында «Нұр келбеттi Астана» халықаралық көркемсурет фестивалi ұйымдастырылады. Шараға танымал отандық және шетелдiк суретшiлер қатысады.
  • Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысының мұнай өңдеу кәсіпорындарымен танысты 08 Маусым 2018 Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «ӨзенМұнайГаз» АҚ нысанында кәсіпорынды цифрландыру және технологиялық жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.
  • Елбасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті 08 Маусым 2018 Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • «Стратегия» пікірталас алаңы (Онлайн) 08 Маусым 2018 Бүгін Астана радиосы мен Strategy2050.kz сайтында тікелей эфирде «Стратегия» пікірталас клубы өтеді. Шарада Қазақстанның инвестициялық әлеуеті талқыланады.
  • Ақтөбе өңірінде дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар саны үштен бірге азайған 08 Маусым 2018 Ақтөбе облысында Елбасының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, облыс халқының бірлігін нығайту және әл-ауқатын арттыру бойынша тапсырмасын орындау бойынша нысаналы әрі кешенді жұмыстар жүріп жатыр. Соның аясында облысында айдың нда пасөз қызметі. Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаевтың қатысуымен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
  • Циндао саммиті - ынтымақтастықты шыңдау 08 Маусым 2018 Әлемдік сарапшылар мен ақпарат құралдарының назары – алпауыттар жиналған біздің шығыс көршімізде. Ең алдымен, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Иран басшылары Қытайға мемлекеттік сапармен барады. ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кеңейтілген құрамдағы кездесуінде 9 маңызды құжат қабылданды. Ал, басты саяси оқиға – 2018 жылы 9-10 маусымда Шаньдун провинциясы Циндао қаласында ШЫҰ-ға мүше 8 мемлекет, 4 бақылаушы және әріптес елдердің басшылары кездеседі. Еуразия құрлығының 60 пайызын, жер халқының жартысына жуығын алатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жаһанға жаңа құраммен үн қатады. Саммит нәтижесінде Циндао декларациясы, жалпы саны 20-ға жуық құжат қабылданып, ШЫҰ төрағалығы Қырғыстан Республикасына ауысады.
  • Қазақстан мен Қытайдың өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтады 08 Маусым 2018
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді 07 Маусым 2018 Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Н.Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті 07 Маусым 2018 Қытайға мемлекеттік сапармен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Циньпинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Стартап кәсіпкерлер шағын несиеге қалай қол жеткізе алады? 07 Маусым 2018 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «5 әлеуметтік бастамасы» әлеуметтік жаңғырту жолындағы ауқымды қадам болып табылады, ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. ЕХӘҚ халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры Жеңісбек Дулатов аталмыш бастаманың 4-шісі шағын несиелеуді кеңейту туралы баяндады.
  • Жоғары оқу орындары жаңа форматтағы мамандарды даярлауға тиіс – Мемлекеттік хатшы 07 Маусым 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Серпінді технологиялар дәуіріндегі жоғары білім инновациясы» атты Жоғары білім беру көшбасшыларының VІІ Еуразиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Елбасы мемлекеттік сапармен ҚХР-ға барды 07 Маусым 2018 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстанда әр адам басындағы инвестиция көрсеткіші әлемдегі орта есептен жоғары 06 Маусым 2018
  • Третьяков галереясы Астанада: 50 үздік жауһар (ФОТОРЕПОРТАЖ) 06 Маусым 2018 Бүгін Ұлттық Музейде Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» деп аталатын көрме ашылды. Қазақстанда аталмыш шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Көрмеде кенеп, майлы бояудан салынған 50 туындыны тамашалауға болады. Толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген фоторепортаждан оқи аласыздар.
  • Г. Әбдіқалықова: Елбасы қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына зор көңіл бөледі 06 Маусым 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Президентi жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • ЕҚДБ басшысы: Шетелдік инвесторлар кеңесі мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың дамуы үшін маңызды 06 Маусым 2018 Мемлекет басшысы Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Азаматтық Альянс үкіметтік ұйымдар ішінде ерекше сенімге ие – Д.Кәлетаев 06 Маусым 2018 Қазақстандағы Азаматтық Альянстың мәртебесі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуы сынды мәселелер жақында тағайындалған Дін және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың қатысуымен талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Азаматтық Альянсының кеңейтілген отырысында ұйымның мемлекеттегі реформаларға белсенді қатысуы алға тартылды. Толығырақ, Strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
  • Қазақстанға соңғы 20 жылда қанша шетел қаржысы құйылды? 06 Маусым 2018 Биыл ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының Кеңесі 20 жылдығын атап өтеді екен. Осы уақыт аралығында ел экономикасына 300 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылыпты. Ең бастысы Қазақстанда әр адам басындағы инвестиция көрсеткіші әлемдегі орта есептен көп және дамушы елдерден екі есе жоғары. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің 31-ші пленарлық отырысында мәлімдеді.
  • А. Коэн: Қазақстан - шығыс пен батыс арасындағы маңызды көпір 05 Маусым 2018 Қазақстан - шығыс пен батыс арасындағы маңызды көпір. Бұл туралы «Астана –бейбітшілік қаласы» халықаралық конференциясында PhD, Энергетика, табиғи ресурстар және геосаясат орталығының директоры, Ғаламдық қауіпсіздікті талдау институтының аға ғылыми қызметкері Ариель Коэн мәлімдеді. Шарада шетелдік сарапшылар Астананың халықаралық аренадағы рөлін талқылады.
  • Астана – Еуразияның геосаяси орталығы 05 Маусым 2018 Елордасы Астананың даму қорытындылары мен Еуразияның маңызды геосаяси орталығы ретіндегі болашағын қазақстандық және шетелдік саясаткерлер мен беделді сарапшылар талқылады. Шетелдік сарапшылар «Астана –бейбітшілік қаласы» халықаралық шарасында Астананың халықаралық аренадағы орны туралы пікір білдірді, толығырақ Strategy2050.kz АА әзірлеген шолудан оқи аласыздар.
  • Президентке Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысы баяндалды 05 Маусым 2018 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Қазақстанның әлеуеті – неміс инвесторларына мүмкіндік 05 Маусым 2018 ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АЭФ 2018 аясында Германия экономикасының шығыс комитетінің басшылығымен кездесу өткізген болатын. Сол кездесуде жасалған бірқатар келісімдер негізінде Германының Кёльн қаласында «Қазақстанның инвестициялық әлеуеті – неміс компаниялары үшін мүмкіндік» тақырыбында бизнес-форум өтті. "Strategy2050.kz" шолуы.
  • Республикалық комиссия Мемлекеттік рәміздер мәселесін талқылады 04 Маусым 2018 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Министр менингит туралы: вакциналау мәселесі тұрған жоқ 04 Маусым 2018 Қазақстанда жыл басынан бастап 58 науқас менингитпен тіркелген. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Министр менингит ауруы туралы жалпы ақпарат беріп, дерттің алдын алу, вакциналау мәселелері туралы айтып берді. Толығырақ, Strategy2050.kz шолуынан оқи аласыздар.
  • Бүгін – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні 04 Маусым 2018 Бүгін 4 маусым, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні. ҚР Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 4 маусым айында Мемлекеттік символдар – Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбааевтың Жарлығына сәйкес 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілді.
  • Назарбаев университеті Еуразияның іргелі ғылым мен білім орталығына айналды – Н.Назарбаев 01 Маусым 2018 Бүгін Назарбаев Университетін бакалавриат бойынша 506 студент, магистратура бойынша 302 студент және докторантура бойынша 3 студент тәмамдады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Университеттің үздік түлектерін марапаттады.
  • ТМД елдері интеллектуалдық меншік нарығын қалыптастырады 01 Маусым 2018 ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведевпен және Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен екіжақты кездесулер өткізді.
  • Smart Astana жобасы қарқынды жүзеге асырылуда - Эльвира Жүргенбаева 01 Маусым 2018 Бүгін «Стратегия» пікірталас алаңында Астана қаласының 20 жылдығына дайындық шаралары мен Smart Астана жобасының жүзеге асырылуы талқыланды. Smart Астана жобасының тиімділігі туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева баяндап берді.
  • 5 әлеуметтік бастама уақытылы енгізілген бағдарлама – Н.Назарбаев 01 Маусым 2018 «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланған екінші мәселе Президенттің «5 әлеуметтік бастамасы» болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 әлеуметтік бастама уақытылы енгізілген бағдарлама екенін және ол әрбір қазақстандыққа бағытталғанын айтты. Толығырақ, Strategy2050.kz АА шолуынан оқи аласыздар.
  • «Стратегия» пікірталас клубы (Онлайн) 01 Маусым 2018 Бүгін Астана радиосы мен Strategy2050.kz сайтында тікелей эфирде «Стратегия» пікірталас клубы өтеді. Шарада Астананың 20 жылдығына дайындық барысы мәселесі талқыланады.
  • Астанада Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр 01 Маусым 2018 Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясын жүйелі жаңғырту, сондай-ақ, ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Кеңейтілген отырысқа барлық өңірлер онлайн қосылды. Толығырақ Strategy2050.kz АА дайындаған шолудан оқи аласыздар.
Яндекс.Метрика