Басты
  • Нұр-Сұлтан қаласы: Мемлекет басшысы қаулыға қол қойды 23 Наурыз 2019 Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы.
  • Түркістан тағылымы: Тоқаев тоқетерін айтты 23 Наурыз 2019 Мемлекет басшысы түркістандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңару мен жаңа өмірдің басталуын сипаттайтын бұл мерекенің рухани бай мұрамыздың жарқын символына, үздіксіз ұрпақ сабақтастығына және Қазақстан халқы бірлігінің негізіне айналғанын атап өтті.
  • Президент Түркістанға барып қайтты 23 Наурыз 2019 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды.
  • Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптестерімен сөйлесті 22 Наурыз 2019 Түркия, Тәжікстан, Армения, Грузия басшылары өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
  • Зиялы қауым: Елбасы Түркістанның жаңа дәуірін бастады 22 Наурыз 2019 Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттілігін тоқтататынын жария еткені ешкімді де бей-жәй қалдырмады. Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері Тұңғыш Президент жайында өз пікірлерін білдірді.
  • Владимир Путин: Бауырлас халықтардың мүдделері бір 22 Наурыз 2019 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне орай мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті.
  • Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Ұлы Дала Елін құттықтады 21 Наурыз 2019 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын "Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен" құттықтады.
  • Елбасымен бірге Қазақстанның шаңырағы биікке көтерілді - А.Қарымсақов 21 Наурыз 2019 ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатысты ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ директоры Арнұр Қарымсақов Елбасымен бірге жүріп өткен жолда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің шаңырағы биікке көтерілгенін жеткізді.
  • Назарбаев бүгінгі әлем тарихындағы кемеңгер тұлға - А.Мұсақожаева 21 Наурыз 2019 Қазақстанның Еңбек Ері, әлемдік деңгейдегі өнер иесі, қазақтың скрипкашы қызы, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешіміне қатысты пікір білдірді.
  • Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті 20 Наурыз 2019 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы пысықталған жиынға Президент Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешов пен орынбасарлары, Президенттің көмекшілері қатысты. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті. Бірқатар министрлік жетекшілері мен ҚР Президентіне тікелей бағынатын мекеме басшыларын қабылдады.
  • Дариға Назарбаева - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы 20 Наурыз 2019 "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысты", - деп хабарлады Ақорданың Баспасөз қызметі.
  • Дариға Назарбаева Сенат спикері болып сайланды 20 Наурыз 2019 Дариға Назарбаева Сенат депутаттарының жасырын дауыс беруі арқылы Сенат спикері болып сайланды.
  • Кәсіпкерлер қауымы Тұңғыш Президентке алғыс айтты 20 Наурыз 2019 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдің барлық бизнес-қауымдастығы атынан отандық кәсіпкерлікке танытқан әр қолдауға алғыс білдірді.
  • Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті 20 Наурыз 2019 Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының алдында Ант берді.
  • Назарбаев моделі 20 Наурыз 2019 2019 жылы 19 наурызда Тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи күн болды. Себебі, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдап, ел Президенті ретінде өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Заңға сәйкес, Президенттің өкілеттігі 2020 жылы тоқтауы керек еді. Алайда, түбегейлі шешім халыққа жарияланып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі мен Кеңсесінің Басшысы да тағайындалып үлгерді. Бұл тұтас Қазақстан халқы үшін күтпеген, бірақ тиянақты ойластырылған шешім. Өйткені, соңғы жылдардағы мемлекеттік басқару саласындағы модернизация, қабылданған тиісті құжаттар осы шешімнің, билік транзитінің алғышарты еді.
  • Үкімет пен Ұлттық Банк мәлімдеме жасады 20 Наурыз 2019 Үкімет пен Ұлттық Банк халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді ұлғайту, инфляциялық процестерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясат сақталатыны туралы мәлімдейді.
  • Шавкат Мирзиёев: Н.Назарбаев - Ұлы саясаткер 20 Наурыз 2019 ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік әріптестерімен сөйлесті.
  • Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт – Б.Тілеухан 20 Наурыз 2019 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжiлiсінің депутаты Бекболат Тілеухан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату туралы шешімі жайында пікірін білдірді.
  • Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды - өнер қайраткерлері 20 Наурыз 2019 "Сіздің халыққа арнаған Жолдауларыңызды қазақстандықтар қашан да аса үлкен ықыласпен күтеді, тыңдайды. Өйткені, онда үнемі еліміз дамуының стратегиялық жолдары көрсетіліп, жұмыс бағыт-бағдары айқындалып беріледі", - деп көрсетілген М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры ұжымының мәлімдемесінде.
  • 2019-03-19: Астана уақытымен 19:00 Президент өз өкілеттілігін тоқтатты 19 Наурыз 2019 "Мен дұрыс жолмен келе жатқанымызға сенімдімін. Бізді тура жолдан ештеңе де тайдыра алмайды. Егер біз күшті болсақ, бәрі де бізбен санасады. Егер біз әлдеқандай күшке немесе басқа біреуге үміт артсақ, қол жеткізген жетістіктің бәрінен айрыламыз", - деді ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев. Елбасы мәлімдемесінің толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
  • Ақмола облысына жаңа әкім тағайындалды 19 Наурыз 2019 Бүгін Президент біраз кадрлық өзгертулер жасады.
  • Елбасы қазақстандықтарға мәлімдеме жасайды 19 Наурыз 2019 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жариялайды.
  • Қазақстанда еңбек қауіпсіздігі қалай қорғалады? 19 Наурыз 2019 Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің жағдайы маңызды мәселелердің бірі. Мәселен, 2018 жылы республика кәсіпорындарында 1 568 адам зардап шекті, ол өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,6% төмен.Өліммен аяқталған зардап шеккендердің саны 220 адамды құрайды, ол өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,2% төмен. Үкімет отырысында талқыланған еңбек қауіпсіздігінің жағдайы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • 7-20-25 пен Нұрлы Жер арқылы көпбалалы отбасыларға үй беріледі 19 Наурыз 2019 Бүгін Үкімет үйінде өткен министрлер кабинетінің отырысында көпбалалы отбасылар үшін маңызды жаңалық айтылды. Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап баспанаға кезекте тұрғандардың мәселесі біртіндеп шешіле бастайды
  • Маңғыстау мен Атырау облысының әкімдері маңызды кездесу өткізді 18 Наурыз 2019 Бүгін Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Солтүстік-Каспий Консорциумының өкілдері - Консорциум акционерлері кеңесінің төрағасы Лука Виньети, NCOC компаниясының басқарушы директоры Ричард Хоув қатысуымен үш жақты кездесу өтті.
  • К.Мәсімов пен Н.Ермекбаевқа әскери атақтар берілді 18 Наурыз 2019 ҚР Президентінің Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлығы жарияланды
  • Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт салынады 18 Наурыз 2019 Мемлекет басшысы елорданың Есіл ауданында бой көтеретін жаңа мешіттің іргетасын қалады.
  • Онкологиялық пациенттерге жыл сайын республикалық бюджеттен 40 млрд теңге бөлінеді 18 Наурыз 2019 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мәжілістегі Үкімет сағатында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасын арттыру жөнінде айтып берді. Елде жүзеге асырылатын онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеу шаралары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан мен Бразилия: Президент кітабы португал тіліне аударылды 18 Наурыз 2019 200 миллион жан саны бар сонау Бразилия Федеративтік Республикасымен қарым-қатынасымыз мыңдаған шақырым қашықтыққа қарамастан қарқынды дамып келеді. Ел астанасы Бразилиа қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының португал тіліне аударылған нұсқасының тұсауы кесілді
  • Қ.Қожамжаров қызметінен босатылды 18 Наурыз 2019 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ғ.Д. Нұрдәулетовті Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • А.Мамин: Түркістан - түркі дүниесінің орталығы 17 Наурыз 2019 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан қаласында Мемлекет басшысының қаланы дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.
  • ҚР ІІМ келелі жиын өтті 15 Наурыз 2019 Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамдағы бірінші отырысы өтті.
  • Ресей, Пәкістан, Ауғанстан өкілдерін қабылдады 15 Наурыз 2019 Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шетелдік өкілдерді қабылдады. Алдымен, Сенат Спикері Ресей Федерация Кеңесінің делегациясы мен Ауғанстан, Пәкістан елшілерін қабылдады. Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы қалай дамып жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Өңірлер: Түркістан облысында қандай нысандар ашылады? 15 Наурыз 2019 Түркістан облысында жаңа өндіріс ошақтары қарқынды ашылып жатыр. Мәселен, Мақтаарал ауданында жылына 70 трактордың тіркемесін жасап шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Мемлекеттен қайтарымсыз 225 млн теңге грант жеңіп алған «Центр сервис СХМ» өндірістік кешені аграрлық аймаққа қажетті тіркемелерді шаруаларға тиімді бағада шығаруды көздеп отыр.
  • АХҚО биржасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы нарық капиталын кеңейтеді 15 Наурыз 2019 АХҚО биржасы Keler ССР және кеlеr CSD AIX мүшелеріне клиринг пен акциялар бойынша есеп айырысу үшін пост-трейдингтік қызметтердің толық жиынтығын ұсыну үшін таңдалғанын хабарлайды. KELER CSD бағалы қағаздардың орталық депозитарийі және қаржы мекемесі, ал KELER ССР - лицензияланған орталық контрагент болып табылады. Екі ұйымның да 25 жылдық тәжірибесі бар, олар Орталық және Шығыс еуропа өңіріндегі 10 нарыққа тікелей байланыс пен біріздендірілген қызметтерді қамтамасыз етеді. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Бір белдеу, бір жол: Жібек жолындағы жүздесу 15 Наурыз 2019 2019 жылы сәуір айында Бейжіңде кезекті «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық Форумы өтеді. Қазіргі уақытта масштабты кездесуге қызу дайындық жүріп жатыр. Өйткені, аталмыш Форум ауқымы бойынша Еуразия кеңістігіндегі халықаралық жиындардан кем емес. Өйткені, 152 мемлекет пен халықаралық ұйым инициативаны қолдап отыр. ҚХР Төрағасы Тәуелсіздік мерекесіне орай жолдаған құттықтау телеграммасында ҚР Президенті Н.Назарбаевты айтулы Форумға арнайы шақырған еді. АҚШ бұрынғы Мемхатшысы Г.Киссинджер өзінің 40 жылдық саяси-дипломатиялық қызметінде Қытайға 50 рет барғанын «мақтанып» жазады. Ал, 2018 жылғы 7 маусымдағы Бейжіңге мемлекеттік сапарында Н.Назарбаев тек Си Цзиньпинмен 18 рет кездеcкенін тілге тиек етті. Осы аралықта 67 млрд АҚШ долларын құрайтын 127 құжатқа қол қойылған. Қос мемлекеттің дипломатиялық байланысы орнаған уақыттан қарасақ, көршілік байланыстың қаншалықты маңызды екендігін бағамдауға болады.
  • 30 мыңға жуық ақтөбелік жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады 15 Наурыз 2019 ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкіметтің жұмыс тобы екі күндік қызмет бабымен Ақтөбеге барды. Делегация құрамында Үкімет мүшелері бар. Жұмыс сапары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанындағы жаңартылған Жастар орталағының жұмысымен танысудан басталды. Г.Әбдіқалықованың Ақтөбеге сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Амал мерекесі: Жаңаөзенде бәрі ерекше 14 Наурыз 2019 Бүгін Амал мерекесі күні Жаңаөзен қаласына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов жұмыс сапарымен келді.
  • Нан бағасы қалай реттеледі? 14 Наурыз 2019 Соңғы уақытта бидай өңдеуші кәсіпорындарда астық тапшылығы орын алып, осының салдарынан нан бағасының жоғарылауы мәселесі бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілді. Қазіргі жағдай мен нан бағасы туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкіметтің баспасөз конференциясында айтып берді.
  • Көрісу күні ресми мейрам болуы тиіс - сенатор 14 Наурыз 2019 Сенат отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов ҚР Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдады.
  • Мектептердегі тәртіпсіздік қатаң жазаланады 14 Наурыз 2019 Сенат балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған маңызды заңды қабылдады. Деректер бойынша бес жылда 4740 бала зорлық-зомбылық құрбаны болған.
  • ИНФОГРАФИКА: Әлеуметтік-экономикалық даму 14 Наурыз 2019
  • Көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеміз - ШҚО әкімінің орынбасары 14 Наурыз 2019 Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасынан шыққан балалар тегін мектеп формасын, жазғы лагерьге жолдама, мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім алады.
  • Қазақстан мен Қатар ынтымақтастығы талқыланды 14 Наурыз 2019 Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қатар мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ахмед бен Әли Әл – Тәмимимен кездесті.
  • Индустрия 4.0: Қазақстандық компаниялар әлемдік цифрландыру трендтерін енгізеді 14 Наурыз 2019 Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып жатқан заманда барлық саланы цифрландыру жаппай белең алды. Жаһандық трендтен қалмау мақсатында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып жатқаны да мәлім. Астанада Қазақстанның өнеркәсіп саласын цифрлық тұрғыда трансформациялау мәселелеріне арналған конференцияда аймақтық және қазақстандық интеграторлар деректерді автоматты түрде өңдеуге арналған заманауи технологияларды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданатын озық цифрлық инновациялық шешімдерді таныстырды. Қазақстандық компаниялар қандай цифрлық шешімдер қолданатынын келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Елбасының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары 14 Наурыз 2019 Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті.
  • 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қалай өзгереді 14 Наурыз 2019 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.
  • Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтті 13 Наурыз 2019 ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және Өзбекстан Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Лазиз Кудратовтың қатысуымен "Қазақстан-Өзбекстан" бизнес-форумы өтті.
  • Түркі кеңесінің Бас хатшысымен кездесті 13 Наурыз 2019 ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті. Жүздесу барысында палата спикері ұйымның жұмысымен етене танысты.
  • Маңғыстау әкімдігінде бос орындар азайды - Нұргүл Жанназарова 13 Наурыз 2019 «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» елімізді дамудың жаңа тарихи сатысына шығаруға бағыт алған бастама болып табылады. Ал осы 5 институционалдық реформаның бiрi - кәсiби мемлекеттiк аппаратты құруға бағытталған», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Нұргүл Жанназарова.
  • Қазақстан және ЕАЭО: авторлық құқық қалай қорғалады 13 Наурыз 2019 Ақпарат пен ақпараттық технология дүниенің темірқазығына айналған тұста авторлық құқықтың қорғалуы бұрынғыдан да маңызды сипат алып келеді. Біздің еліміз авторлық құқыққа қатысты көптеген халықаралық конвенциялар мен құжаттарды мойындады. Яғни, кез-келген ақыл-ой туындысының авторлық құқығы заңмен қорғалған. Мәжілісте «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы мақұлданды. Бұл құжат Еуразиялық экономикалық одақ ұйымына мүше мемлекеттерге қатысты. ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасап, депутаттар сұрақтарына жауап берді.
  • Баспана Хит: ақиқат пен аңыз 13 Наурыз 2019 Халықты баспанамен қамтамасыз ету оңайға соқпайын деп тұр. 5 әлеуметтік бастама аясында қолға алынған "7-20-25" бағдарламасының өзі жұрттың жыртығын жамай алмайтын түрі бар. Өңірлерді аралап халықтың мұң-мұқтажын тыңдап келген сенаторлар барлық мүдделі және жауапты мекемелердің өкілдерін дөңгелек үстел басына жинады. Отырыстың тақырыбы өте әдемі - «әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» деп аталады. Бірақ...
  • Қазақстан мен Иран: Қарым-қатынастың 27 жылдық дерекнамасы 13 Наурыз 2019 Тәуелсіз Қазақстан қысқа ғана тарихи мерзім ішінде әлемнің көптеген мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатты. Олардың ішінде Иран ерекше орынға ие, себебі, Қазақстан халқының Иранмен өркениеттік, экономикалық және саяси байланыстарының тамыры өте тереңде жатыр. Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 29 қаңтарда орнады. Қарым-қатынастың 27 жылдығына орай Ұлттық музейде фотокөрме ашылды. Толығырақ Strategy2050.kz сараптамалық порталы әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстан экономикасы: 88,8 млрд доллар ақшамыз бар 12 Наурыз 2019 Осы жылғы 2 айдың қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім серпіні жылдамдады. Инфляция нысаналы дәлізде сақталып отыр. Инвестициялар қайта өсе бастады. Ал халықаралық резервтер тұрақты деңгейде.Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • 2019 жылғы бюджет кірісі 7 трлн теңгені құрамақ – Р.Дәленов 12 Наурыз 2019 Үкімет 2019 жылдың бюджетін нақтылады. Әлеуметтік қолдауды күшейтуге қосымша 224,3 млрд. теңге, аз қамтылған көп балалы отбасыларға үй салу үшін 100 млрд. теңге, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 30 млрд. теңге, «Жастар жылы» аясындағы іс-шараларға 24,6 млрд. теңге жоспарланған. Шығындар мен кірістердің барлығы мұнайдың әлемдік нарықтағы қазіргі бағасымен есептеліп отыр.
  • Жастар жылы: бекер жүргенше, бекер істе 12 Наурыз 2019 «Астана жастары – Қазақстанның индустриалдық стратегиялық дамуында» атты қалалық жастар форумы өтті. Астанадағы 36 колледждің студенттері қатысқан жастар форумында іріктеліп алынған 7 әлеуметтік жоба таныстырылды. Ол жобалар елдің индустриалдық даму стратегиясын жүзеге асыруда жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған.
  • Жымпиты, Бұлдырты және Алғабас: сенаторлар ауылдарды аралап жүр 11 Наурыз 2019 Парламент Сенатының депутаттары өңірлердегі жұмыс сапарын одан әрі жалғастырып жатыр. Халық қалаулылары аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып қана қоймай, «Hұp Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы жария еткен әлеуметтік бастамаларды талқылады.
  • 7-20-25: "Нұрлы жер" арқылы баспана алу мүмкіндігі 11 Наурыз 2019 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша 2019 жылы әкімдіктер «Нұрлы жердің» 3 355 пәтерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сату үшін бөлінеді.
  • ИНФОГРАФИКА: Қарапайым заттар экономикасы 11 Наурыз 2019
  • Елбасы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады 07 Наурыз 2019 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мейрамымен құттықтады. Президентпен кездесуге елдің түкпір-түкпірінен өз саласында жетістікке жеткен мамандар, «100 жаңа есім» жеңімпаздары, көпбалалы аналар мен елдің, қоғамның дамуына үлесін қосып, аянбай еңбек етіп келе жатқан нәзік жандар келді.
  • Қазір қазақ қызына тән қасиеттерді сақтап қалудың маңызы зор – Н.Назарбаев 07 Наурыз 2019 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні" мейрамымен құттықтады. Президентпен кездесуге елдің түкпір-түкпірінен өз саласында жетістікке жеткен мамандар, «100 жаңа есім» жеңімпаздары, көпбалалы аналар мен елдің, қоғамның дамуына үлесін қосып, аянбай еңбек етіп келе жатқан нәзік жандар келді.
  • Ең алдымен халықты жұмыспен қамту керек – Н.Назарбаев 06 Наурыз 2019 Елбасының төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Көмекке аса мұқтаж және көпбалалы отбасылар биылғы 1 сәуірден қалмай әлеуметтік көмек алуы қажет 06 Наурыз 2019
  • Депутаттар Хромтау, Алға және Мартөк аудандарында болды 06 Наурыз 2019 Парламент Сенатының депутаттары өңірлердегі жұмыс сапарын одан әрі жалғасытырып жатыр. Мәселен, Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева мен Нұрлан Қылышбаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болды. Сапар аясында депутаттар Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айқындаған әлеуметтік қолдау шараларының орындалуы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Президент тапсырмаларының орындалуы барысымен танысты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Цифрлық Қазақстан: Адам ба, әлде, робот па? 05 Наурыз 2019 Компьютерлендіру дәуірі аяқталып, роботтандыру заманы басталғалы қашан. Жапония мен АҚШ, Германия мен Франция 70 жылдардың аяғы, 80 жылдардың басында-ақ барлық өндірісті роботтандыра бастады. Міне, 40 жыл өтті. Бұл елдер қазір сол жұмыстардың жемісін көріп отыр. Құрама штаттарда IT индустрияның дамығаны сонша, дүние жүзі мемлекеттерін компьтермен және оған тиесілі бағдарламалармен қамтамасыз етуде. Сіз оқып отырған, осы мақала да Майкрософттың өнімін пайдалану арқылы жазылған
  • Бизнес ашу: Қазақстандық әйелдердің әлеуеті 05 Наурыз 2019 Ұлан ғайыр еліміздің берекесін келтіріп отырған аудандар мен ауылдардағы әлеуметтік жағдай, ондағы халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік аз қамтылғандарға жәрдемақы төлеу, әр үйге су тарту, жол салу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Елбасы өзі бұл сұрақтарды тікелей бақылауына алды. Тағы бір маңызды бағыт – кәсіпкерлікті дамыту. Бұл істе әсіресе, нәзік жандардың белсенділігі ерекше. Бірақ Қазақстан әйелдеріне бизнес ашуға экономикалық қолдау керек. Әлемдегі ең танымал сусындардың бірін шығаратын америкалық алпауыт компания осы бағытта биыл жетінші мәрте байқау ұйымдастырған. Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұқбат берді.
  • «Нұрлы жол» бағдарламасы: Инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты 05 Наурыз 2019 «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен шамамен 791 млрд. теңге көзделген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 521,2 млрд.теңге ​ немесе 65,9% игерілді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған істер мен жүзеге асырылатын жоспарлар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • «7-20-25» бағдарламасы бойынша «Нұрлы жерден» баспана алудың 5 оңай қадамы 05 Наурыз 2019 «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үйін «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алудың алгоритмы пәтерді жеке құрылыс компаниялар арқылы сатып алу тетігіне ұқсас, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы. Айырмашылығы тұрғын үйдің сатушысы жергілікті әкімдіктер болатыны ғана.
  • Атырау, Ақмола, Қарағанды: Сенаторлар өңірлерде не істеп жүр? 04 Наурыз 2019 Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Геолог және Жалғансай ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ, депутат Рысқали Әбдікеров Қарағанды​​ технология және сервис колледжінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Бұл жүздесулерде сенаторлар Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVIII cъезінде алға қойған негізгі міндеттерді жан-жақты түсіндірді. Сенаторлардың өңірлерге сапары туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • ИНФОГРАФИКА: Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету 04 Наурыз 2019
  • Қазақстан және БҰҰ: Ұлы Дала Елінің ұлағаты 04 Наурыз 2019 Қазақстан Республикасының 2017 - 2018 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметінің негізгі қорытындылары туралы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мәжілістің үкімет сағатында айтып берді. Министр Қазақстан Елбасы айқындаған 7 басымдықты сәтімен жүзеге асырғанын тілге тиек етті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жұмысы туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Ислам ынтымақтастық ұйымы: Ұлы істе ұяттық жоқ 01 Наурыз 2019 БАӘ астанасы Әбу-Дабиде Ислам ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46 сессиясы жұмысын бастады. Маңызды жиынға ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған еліміздің делегациясы қатысуда. Форум аясында министр ИЫҰ Бас хатшысы Юсеф әл-Осейминмен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар ислам әлеміндегі саяси және экономикалық өмірдің ең өзекті мәселелерін талқылады
  • Б.Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды 01 Наурыз 2019 "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
  • ИНФОГРАФИКА: Елбасы тапсырмалары 01 Наурыз 2019
  • Бизнестегі әйелдер: Бізге моральдық әрі материалдық қолдау қажет 01 Наурыз 2019 Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ, бизнес өкілдері жұмыс орындарын құру және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттырудың үздік тәжірибелерін талқылады. Конференция барысында жұмыссыз әйелдерге өзінің экономикалық әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін әртүрлі бағдарламалар, ауылдық жердегі шағын бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктері таныстырылды.
  • Алғыс айту күні: Шын жүректен құттықтаймын! 01 Наурыз 2019 "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күнімен құттықтады", - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  • Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке келді 01 Наурыз 2019 ҚР Президенті Өкіміне сәйкес, Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Яндекс.Метрика