Басты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Садриддин Ахмедов сынды мықты спортшыларды қабылдады 15 Ақпан 2019 «Ақорда» резиденциясында өткен кездесуге ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстандық әуесқой бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасы Серік Сәпиев, жақында ғана АҚШ өткен фристайл-могулдан Әлем чемпионатының жеңімпазы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Юлия Галышева, кәсіпқой бокста жұлдызы жанып келе жатқан боксшы Садриддин Ахмедов, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева, шаңғымен трамплиннен секіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Ткаченко қатысты.
  • Ян Аарт Шольте: «Дүниежүзі байлығының 50 % адамдардың 1 % өз бақылауында ұстап отыр» 13 Ақпан 2019 «Жер планетасындағы кедейлердің 50 пайызының экономикалық активтері 1 пайызға да жетпейді. Қазіргі таңда әлемде бауырмалдық пен сыйластық жоғалған. Мысалы, тілдік дискриминация, жынысына, жасына, ұлты мен нәсіліне, дініне қарай кемсітушілік белең алып барады», - дейді Гетербор университетінің «Ғаламдық зерттеулер мектебі» жетекшісі.
  • Жастар жылы: жоспар мен жаңа мүмкіндіктер 07 Ақпан 2019 «Жастардың 51 пайызының кәсіпкерлікпен айналысуға құлқы жоқ... Елімізде туризмді дамытып, оған жастарды көптеп тарту қажет... Жоғары оқу орындарында туризм және қонақ үй факультеттері ашылуы тиіс... Еріктілер қозғалысын жандандырып, жастарды жергілікті жердегі жұмыстарға тарту керек...» Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасынан алынған маңызды тіркестер мұнымен шектелмейді. Сенат қабырғасында өткен дөңгелек үстелге қоғамдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, ақпарат және коммуникациялар, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерінің, Астана және Алматы қалаларының, бірқатар облыстардың басшылары мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
  • Б.Сапарбаев: Президент қойған міндеттер азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 01 Ақпан 2019 Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үкіметтің сәрсенбі күні өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты жиын өткізді. Оған мемлекеттік органдардың, коммуналды кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
  • Депутаттық сауалдар: Үкімет қандай мәселелерді шешуі керек 01 Ақпан 2019 Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысында бірқатар тұжырымдамалар ратификацияланып, депутаттық сауалдар жолданды. Сенат депутаттары елдегі шешімін таппай отырған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа сауал ретінде жеткізді. Сенат отырысында көтерілген мәселелер туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Яндекс.Метрика