Білім беру

Астана әкімі 92 түлекті «Алтын белгімен» марапаттады (ФОТО)

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Қазақ елі» монументінің алаңында ҰБТ-да өз білімдерін ақтаған 92 түлектің төсіне «Алтын белгіні» тақты.
Нұр-Сұлтан 18 Маусым, 13:12

«Құрметті «Алтын белгі» иегерлері сендердің  жетістіктеріңе көпшілік қуануда. Өз тарапымнан қосатыным, сендер – жеңімпазсыңдар.  Сендер  ең бастысы өз  алдарыңда білімді ақтап шықтыңдар. Бұл қуанышты сәт, осы мақсатқа жету үшін әрқайсың  үлкен еңбек еттіңдер», - деді И. Тасмағамбетов.

Сондай-ақ, елорда әкімі мектепте алған білім   болашақ өмірде негіз болатындығын айтты.

«Өмірдің ыстығына күйіп, суығына тоңып қиындықтарға төтеп беру үшін қайсарлық, төзімділік, білім қажет. Сендерге өмір бойы серік болатын білім, әсіресе негізі қаланған мектепте алған білім. Екіншіден, сендерді бүгін барлығы көшбасшы ретінде таныды. Мемлекет сендердің ынталарың мен талапкерліктеріңді  ескере отырып, болашаққа ұмтылуларыңды қолдайды», - деді Астана әкімі.

Айта кетейік, 2013-2014 жылдары  Астана мектептерін 4 042 оқушы бітірді, оның 3 252 ҰБТ тапсырды. Қорытынды емтиханды 790 оқушы тапсырды. 2014 жылдың орташа баллы – 87,58.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика