Білім беру

Қызылорда облысында «Алтын белгi» иегерлері марапатталды

Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев «Алтын белгі» иегерлері, 94 жас түлекті марапаттап, сыйлықтар тарту етті.
Қызылорда18 Маусым , 12:52

«Бүгін біз үшін маңызды күн. Сіздер біздің үкілеген үмітімізді ақтадыңыздар. Осы жеңістеріңізбен құттықтаймын!», - деді Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл аймақта білім саласына өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе артық қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін өңірде 30 мектеп пен 8 балабақша пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, 49 білім ошағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал, облыс әкімінің гранты 300-ге жетті. Оның үстіне, Ресей Федерациясының есебінен тағы 153 оқушы  « МИСиС»  ҰЗТУ білім алатын болады. 




Яндекс.Метрика