ҚР ИИДМБ

Ақмола облысында полиэтилен өнімін өндіретін кәсіпорын іске қосылды

Ақмола облысының Шортанды ауданында ҮИИД бағдарламасы аясында «Полимер-Пласт» ЖШС полиэтилен өнімін өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Ол жылына 1500 тонна өнім өндіреді.
Ақмола18 Маусым , 12:03

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жоба 37 жаңа жұмыс орнын ұсынды.

Жобалық қуаттылыққа 2014 жылдың желтоқсанында шығу жоспарланған.

Сондай-ақ, ауданда индустриялық аймақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол темір жол инфрақұрылымына жалғанатын болады.

2014 жылы Индустрияландыру картасына 3 жобаны енгізу қарастырылған. Олар әр түрлі металдарды өндіруге бағытталған зауыттар. 




Яндекс.Метрика