Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

20 000-ға тарта оқушы қаланың ірі кәсіпорнымен танысады

Астананың билік мекемелері жастар жұмыссыздығы проблемасын қашан да жіті бақылап отырады. Статистикаға жүгінсек, Астанадағы жоғары және орта оқу орындарында оқитындардың шамамен 79%-ы гуманитарлық, ал 21%-ы ғана техникалық білім алады. Сонымен қатар, қала нарығында техникалық мамандарға сұраныс 75%-ға жетіп отыр. Ал бос орындардың төрттен бір бөлігі ғана гуманитарлық сала мамандарына тиесілі.
Астана қаласы29 Наурыз , 00:00

Еңбек нарығындағы теңсіздікті реттеу мақсатында, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма «Сенің таңдауың!» жобасын іске қосады. Бұл жобаның мақсаты оқушыларға астананың өнеркәсіп кәсіпорындарында кәсіби бағдарлау экскурсияларын ұйымдастыру.

Жобаны ұйымдастырушылардың пікірінше, оқушылар мамандықтардың көпқырлылығымен танысуға, әртүрлі мамандықтардың қыры мен сырын үйренуге, мамандардың жұмыс орындарын көруге мүмкіндік алады, сонымен қатар, кәсіпқой мамандармен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сөйлесе алады.

«Сенің таңдауың!» жобасы биылғы жылдың 4 сәуірінде  басталған. Бір ай бойы 20 000-ға тарта жоғары сынып оқушысы қаланың ірі кәсіпорнымен танысады. Олардың қатарында «Целингидромаш» ӨК, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Астана локомотив сервис орталығы» АҚ,  «Астана Полиграфия» АҚ, «Целинная» жеңсік тағамдар фабрикасы» ЖШС, «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар бар, - деп хабарлайды  astana.kz сайтына ұйымдастырушылар.




Яндекс.Метрика