Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

Ақмола облысында тұңғыш сертификат орталығын ашу керек – БҒМ басшысы

Бүгін Ақмола облысында ТКБ дамыту жөніндегі өңірлік кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен актив барысында білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Ақмола облысында тұңғыш сертификат орталығын құруды ұсынды.
Астана қаласы23 Қаңтар , 00:00

«Әлемде мынадай: ұайда білім алып, қайда дағдыланғаны маңызды емес. Дипломың бар ма, жоқ па, сен сертификат орталығына келіп, тапсырғың келетінін айтасың», – деді министр. 

«Сіз тәжірибелік дағдыңыз бойынша тапсырасыз және сізге республика аумағы бойынша әрекет ететін сертификат беріледі», – деді Б.Жұмағұлов «бұл жаңалық, біз бұған қосылу керекпіз» дегенді де қоса айтып. 

Министр сертификат орталығы білім беру жүйесіне оқшауландырылғанын және оны құрумен кәсіби қауымдастықтар айналысатынын айтты. 

«Орталықтың аккредиттеу жүйесі өте күрделі, – деді БҒМ басшысы. – Аграрлық мамандықтар бойынша Ақмола облысы бірінші болады деп үміттенемін». 

«Ауыл шаруашылық мамандары қауымдастығының базасында құрыңыздар, әкімдік осыны қолға алыңыздар. Оны индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде аккредиттеңіздер», – деді Б.Жұмағұлов. 

«Ия, қазір біздің азаматтарымыз сертификаттаудан өтуде, бірақ бұл әлемдік тәжірибеде талап етілетін деңгей емес», – деді министр.




Дерекнама

Яндекс.Метрика