Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

Орта мектептерге қарағанда ТжКО ұйымдарында білім деңгейі төмен – Б.Жұмағұлов

Қазіргі таңда жалпы орта мектептерге қарағанда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқушыларының білім деңгейі төмен. ҰБТ қорытындысы осының дәлелі. Бұл туралы бүгін білім қызметкерлері республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов айтты.
Астана қаласы23 Тамыз , 00:00

Б.Жұмағұлов техникалық және кәсіптік оқыту саласындағы жағдайдың мәз еместігін атап көрсетті. Министрдің айтуынша жоғарғы оқу орына түсуге ниет білдірген ТжКО мекемелері түлектері 2 рет кешенді тестілеуден өткенде нәтижесі ойдағыдай болмай шыққан. Олардың 30 пайызы ғана шекті деңгейден өте алды, ал өткен жылдардағы кешенді тест тапсырған мектеп түлектерінің 60% тиісті балл жинаған.

«Яғни орта мектептерге қарағанда ТжКО мекемелеріндегі білім деңгейі төмен. Жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып мәселені шешуіміз керек. ТжКО –да білім сапасына не әсер ететіні, оның деңгейі мен педагогтардың дәрежесі, студенттердің оқуға деген ынтасын анықтайық»,-деді Б.Жұмағұлов.

Ведомство басшысы бақылау комитетіне аймақтармен және педагогикалық қауымдастықтармен бірлесе отырып, тиісті шараларды ұсынуды тапсырды.




Яндекс.Метрика