Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

Алматыда белгілі кәсіпкер жастарға бизнес ашу бойынша кеңес берді

Алматыда белгілі кәсіпкер жастарды жеке бизнес ашуға шақырды.
Алматы қаласы03 Сәуір , 00:00

Қазақстан жас кәсіпкерлер қауымдастығы «Бизнеске жол көрсет» әлеуметтік жобасы аясында бизнес саласында есімі елге танымал, «Арман» холдингінің президенті Серікбай Бисекеевпен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Серікбай Бисекеев өзінің бизнес құру жолында қандай қиындықтарды еңсергенін, қалай аяққа тұрғанын әңгімелеп берді. 

Ол еңбек, қажымас қайрат және спортпен шұғылдану жас кәсіпкерлер үшін өз бизнесін дамытуда үш сенімді серік екенін алға тартты. Тек осы үш құндылықты қатар алып жүргенде ғана шағын бизнесіңді холдинг деңгейіне дейін жеткізуге болады деп сендірді жастарды танымал кәсіпкер. 




Яндекс.Метрика