Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

«Даму» колл-орталықта жұмыс істеуге мүгедек әйелдерді тартпақ ниетте

Алдағы уақытта Қор өзінің колл-орталығында жұмыс істеуге мүгедектігі бар әйелдерді тартуды көздеп отыр. Олар диспетчерлік қызмет атқарып, қоңырауларға жауап беріп, телефон арқылы кеңес беретін болады.
Алматы қаласы01 Наурыз , 00:00

Бұл бастамасын 28 ақпанда «Даму» қорының төрайымы Ләззат Ибрагимова «Мүгедек әйелдерді жұмыспен қамту: кәсіпкерлікті дамыту жолында кедергілерді еңсеру» атты жаңа жобаны іске қосу бойынша өткен баспасөз мәжілісінде мәлім етті. 

«Осылайша біз әлеуметтік жауапкершілік саясатында басқа ұйымдарға үлгі көрсеткіміз келеді», - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова. 

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы «Даму» қорының қатысуымен және «Каунтерпарт Интернэшнл» халықаралық ұйымының қолдауымен «Мүгедек әйелдерді жұмыспен қамту: кәсіпкерлікті дамыту жолында кедергілерді еңсеру» атты жаңа жобаны іске қосқан болатын. 

Бұл жобаның мақсаты кемсітушілікті жою арқылы мүгедек әйелдердің жұмысқа орналасуына жәрдем беріп, мүгедек әйелдердің кәсіпкерлік қызметін дамытуына тең жағдай жасау болып табылады. 




Яндекс.Метрика